
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті.
Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:
Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралыуездерінен түратын Семей облысы.
Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері менОмбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.
Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінентұратын Торғай облысы.
Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратынОрал облысы.
Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстыңКрасноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші женебесінші облыстар.
Астрахань губерниясының құрамында болып келгенБөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екіншіПриморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.
"
Известие
ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы
санында
жарияланған 26 тамыздағы декреттің
бірінші тарауына
енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің
құрамына
Орынбор
қаласы мен оның маңындағы Покровский,
Краснохолм,
Илец, Шарлық, Исаев және Петровск
аудандары қосылатындығы
айтылды.
Міне осы территориялар жаңадан құрылған
ҚазАКСР-нің құрамына кірді. Сырдария
және Жетісу облыстары Түркістан АКСР-нің
құрамында қала берді. Декретте бұл
жерлер ҚазАКСР-дің құрамына оның халқының
қалауы бойынша өте алады деген тармақ
болды.Қазақ автономиясының құрылуы
сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси
оқиға болды. Қазақ халқының автономия
түрінде болса да, мемлекеттілігі қалпына
келтірілді, оның территориясы белгіленді.
Тіпті Сырдария, Жетісу облыстарындағы
қазақтарды бірыңғай республикаға
біріктірудің құқықтық негізі қаланды.
Сондай-ақ В.И.Ленин және М.И.Калинин қол
қойған декретте ҚАКСР-дің орталық
органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті
(ҚазОАҚ) пен Қазақ Халық Комиссарлар
Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық
комиссариаттарын және Завольже әскери
округіне бағынышты қазақ әскери комитетін
құру белгіленді. ҚАКСР-нің РКФСР орталық
органдарымен, Сибревком және Түркістан
АКСР-мен қарым-қатынасы анықталды.
Сибревком мен ТүркАКСР ОАК-ның Президиумы
құрамына Казревком өкілдері ендірілді.
1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің
Құрылтай съезі өтті. Съезд ҚАКСР-нің
орталық мемлекеттік органдарын
С.Мендешевті бекітті. Қазақ Халық
комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып
Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның
астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды.
Құрылтай съезі «ҚАКСР-дің еңбекшілері
құқығының декларациясын» қабылдады.
Бұл конституциялық мәні бар ҚАКСР-дің
мемлекеттік құрылымын, территориясын,
сайлау жүйесін т.б. жақтарын анықтаған
құжат болды. Декларация 1926 жылы қабылданған
ҚАКСР-дің бірінші конституциясының
жобасына кірді.Құрылтай съезі «Қазақ
АКСР-нде Кеңес өкіметін ұйымдастыру
туралы» қаулы қабылдады. Қазақстандағы
жоғары өкімет билігі Кеңестердің бүкіл
қазақтық съезі болып табылды. Бұл съезд
Қазақ Орталық Атқару комитетін сайлайды.
ҚазОАК 75-ке дейін мүшеден және 25 мүшелікке
кандидаттан тұрды. Бүкілқазақтық съезді
ҚазОАК жылына бір рет шақырады. ҚазОАК
бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары
билік органы болып есептелді. Төтенше
немесе кезектен тыс бүкілқазақтық
съездерді ҚазОАК өз қалауы бойынша
немесе республиканың 3/1-н білдретін
жергілікті кеңестердің талабымен шақыра
алды. Бүкілқазақтық съезд мемлекеттегі
бүкіл билікке басшылық жүргізді.
ҚазОАК-ты сайлады, үкіметтің есебін
тыңдады, заңдар қабылдады. Автономды
халық комиссариаттары РКФСР-дың осындай
халық комиссариаттарына тәуелді болды.
Халық комиссариаттары автономды және
біріккен болып бөлінді. Біріккен халық
комиссариаттарға РКФСР-дың халық
комиссариаттарына тікелей бағынышты
халық комиссариаттары жатты. Бұл халық
комиссариаттыры сондай-ақ ҚазОАК пен
Қазхалкомкеңесіне де бағынды. Бірақ
РКФСР басшылығымен келісіп отырды.
Біріккен халық комиссариаттарына БОАК
пен Халкомкеңестің 1920 жылғы 26 тамыздағы
декреті бойынша мыналар жатты: азық-түлік,
қаржы, жұмысшы шаруа инспекциясы, қатынас
жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы
кеңесі, почта және телеграф басқармасы,
қазақ статбюросы, төтенше комиссия.Олардың
басшыларын ҚазОАК пен Қазхалкомкеңес
өздері тағайындап, орнына алды. Жоғарыдай
айтылған деректер бойынша автономды
халық комиссариаттарына: ішкі істер
(почта және телеграф басқармасынсыз),
әділет, халық ағарту, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қорғау, жер шаруашылығы
жатты. ҚазАКСР-і құрылған кезде барлығы
13 халық комиссариаты болды..
Бірақ олардың саны мен бағыныштылығы кеңінен өзгерістерге ұшырап тұрды. 1924 жылы Орта Азия мен Қазақстанда үлкен тарихи-саяси маңызы бар оқиға болды. Түркістан АКСР-і Бұқар және Хорезм кеңестік республикалары тарады. Олардың орнына одақтас республика мәртебесінде өзбек КСР-і мен Түркімен КСР құрылды. Тәжік АКСР-і өзбек КСР-нің құрамына кіріп, 1929 жылдан одақтас республика болды. Қырғызтан алдында РКФСР құрамындағы автономиялы облыс болып, 1926 жылдың баснынан авономиялы республика мәртебесін алды. Осының алдында 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған еді. Түркістан республика құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстарының қазақ жерлері ҚазАКСР-нің құрамына өтті. Бұл орталықтың күштеп жүргізген шаралары Орта Азия мен Қазақтандағы әкімшілік-территориялық межелеу деп аталды. Орынбор қаласы мен губерниясының бір бөлігі Ресейдің қарамағына өтті. Жаңа астана Қызылорда қаласына көшірілді.Қарақалпақ автономиялы облысы құрылып, Қазақстан құрамында Мәскеудің бір жақты шешімімен 1932 жылы өзбек КСР-нің құрамына көшті. Осылай Қазақ жерлері біртұтас ҚазақАКСР-і құрамына топтасты. Бұл аса ірі тарихи-саяси мәні бар оқиға болды. Ежелгі Қазақ жерлері бір мемлекеттіліктің аумағына қайтарылып, шекаралары белгіленді. Осы кезеңде Қазақстанның жер көлемі 2.927.614 кв. км, халқы шамамен 6,5 млн. адам болды, олардың 55,5 %-і қазақтар, 25,3 %-і орыстар, 9 %-і украиндар, 3,7%-і өзбектер, қалғандар басқа халықтар болды. 924 жылы өзбек, Түркімен республикалары, 1929 жылы Тәжік республикасы одақтас республика мәртебесін алғанымен, Қазақстан 1936 жылға дейін автономиялы республика болып қала берді. Орталық осылай шешті. Бірақ Қазақстанның одақтас республика болатындай қажеттіліктің бәрі бар еді. Осы жағдайды пайдаланып, 1924 жылы Киробкомның (қазақ обкомның) басшылары В.Нанейшвили, С.Қожанов, ҚазОАК-тың уақытша төрағасы Ә.Жанкельдиндер Мәскеудегі орталықтың алдына Қазақстанды одақтас республика етіп қайта құруды негіздеп ұсыныс қойды. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. Осыдан кейін 1926 жылы Мәскеуде Т.Рысқұлов өткізген ұлт өкілдерінің Жеке кеңесі атынан сол кездегі БОАК-тың ұлттар бөлімінің меңгерушісі С.Асфендияров дайындаған Қазақстанды автономиялы республикадан одақтас республикаға айналдыру туралы ұсынысы да қаралмай қалды. Қазаөстанның одақтас республика болуына әлі де 12 жыл қажет болды.