Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-28.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.89 Кб
Скачать

Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері

1 917 жылғы қазан ре­волю­ци­ясы­ның жеңісі алғашқы күндер­ден бас­тап, құла­тылған қана­ушы тап өкілдерінің қару­лы қар­сы­лығын ту­дыр­ды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі ай­мақта­рын­дағы, со­ның ішінде Қазақстан жеріндегі конт­рре­волю­ци­ялық бүліктерді ба­тыл да шұғыл ба­сып тас­тап отыр­ды. Өлке­де аза­мат соғысы­ның бас­ты ошақта­ры Қазақстан­ның ба­тыс аудан­да­рын­да, Торғай об­лы­сының әкімшілік ор­та­лығы Орын­борда, Орал об­лы­сы, Гурьев (Аты­рау) қала­сын­да, Жетісу жерінде қалып­тасты. Бұл жер­де ата­ман Ду­тов­тың, ге­нерал Толс­тов­тың әскер­лері, ал Жетісу­да ка­зак-орыс жа­сақта­ры, ақ-гвар­дия офи­цер­лері мен юн­керлер жи­нал­ды. Олар конт­рре­волю­ци­ялық күштердің негізгі ор­та­лығына ай­нал­ды және Кеңес өкіметіне қар­сы аза­мат соғысын бас­та­ды.Кеңес үкіметінің орнауы құлатылған тағтардың алғашқы сәттен-ақ қарулы қарсылығын тудырды. Әскери тұтқындардан жасақталған чехословак корпусының 1918 жылғы мамырдағы бүлігі азамат соғысын кең жайылтып жіберді. Бүлікшілер Сібір, Орал, Орта Повольже қалаларын: Новосібір, Челябі, Том, Омбыны басып алды. 31 мамырда контрреволюционерлер Петропавлды, маусымда Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семейдегі кеңес үкіметін құлатты. 1918 жылы 29 мамырда БОАК Декретімен Қызыл Армия қатарына әскери міндеткерлік енгізілді. Қазақ, мұсылман, дұңған, ұйғыр бөлімдері жасақталды.1918 жылы жазда Орынбор аймағында ауыр жағдай қалыптасты. Оны 3 шілдеде атаман Дутов басып алып, кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліғ тастайды. Ақтардың оңтүстікке Ташкентке ілгерілемеві үшін, Ақтөбе майданы құрылды. Дала өлкесінің Төтенше комиссары Ә.Жангелдин басқарған экспедиция осы кезде өмірге келді.1918 жылы 18 шілдеде Мәскеуден қару-жарақ, киім-кешек тиеген экспедиция Волга, Касғий теңізі, Маңғышлақ арқылы 11 қарашада Шалқарға жетті. Ақтөбе майданы азамат соғысында шешуші роль атқарды, өйткені 1918 ж. қазанда ақтар Орта Азиямен Қазақстанның оңтүстігін бөліғ тастау үшін Ақтөбеге шабуыл жасайды. Бірақ олар мақсатына жете алмады. 1919 ж. Орынбор, Орал, Орск азат етілгеннен кейін Ақтөбе майданы әскерлері Шығыс майданы әскерлерімен қосылып жіберілді.1918 ж. жаз, күз айларында Жетісу облысында да ауыр соғыс қимылдары жүрді. Ақгуардияшылдар Іле өлкесін, Верныйды алып, одан әрі оңтүстік және Орта Азияға қарай жылжуды ойлады. Сергиоғоль, ржар, Сарқанд басып алынды. 1918 . Солтүстік Жетісу майданы құрылды, күзде солтүстік Жетісудің тек Леғсі уезінен басқа өңірі ақтардың қолында қалды. Черкасск қорғанысы (Леғсіде) деген атпен белгілі болған бұл Черкасск селосы 1918 ж. маусымынан 1919 ж. қазанына дейін қорғанды.Басты ошақтары Ақмола, Семей облыстары, Тарбағатай мен Алтайдың "Тау қырандары" деген атпен мәлім болған партизандық қозғалыста кең қанат жайды.1919 ж. жазында Колчак армиясының Шығыс майдандағы басты күші жеңіліғ, Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан мен Жетісудің азат етілуіне қолайлы жағдай туды. 1920 жылы наурызда Солтүстік Жетісу майданының жойылуымен қазақ өлкесінде азамат соғысы аяқталды.Азамат соғысы кезінде материалдық ресурстарды мобилизациялау және оны үнемдев мақсатымен төтенше енгізілген шара "әскери коммунизм" деп аталды. "Артық" азық-түлікті халықтан жинап алып, қатаң мөлшермен ғана астық қалдырығ, азық-түлік салғыртын енгізген бұл Декрет 1919 ж. 11 қаңтарда жарияланды. Сондай-ақ міндетті еңбек тәртібі де енгізілді. 1918 жы­лы 23 на­урыз­да Орал ка­зак-орыс­та­ры Гурьев­те бүлік шығар­ды. Олар ге­нерал Толс­тов­тың бұй­рығымен жұмыс­шы және сол­дат де­путат­та­ры Кеңесінің тоғыз мүшесін сот­сыз ат­ты. Сол жыл­дың 28–29 на­уры­зын­да ақ ка­зак­тар ала­шор­да­шылар­мен бірігіп Орал қала­сын­да төңкеріс жа­сады. Мұнда олар кеңес өкіметін құла­тып, ком­му­нис­терді, кеңес қыз­меткер­лерін аяусыз жа­зала­ды.1918 жы­лы ма­мыр­да Че­хос­ла­вак кор­пу­сының бүлігі бас­талды. Ан­танта им­пе­ри­алис­терінің қол­да­уымен бұл бүлік ең ал­ды­мен Солтүстік-Шығыс Қазақстан­да бас­талды.Ала­шор­да үкіметі ақ гвар­ди­яшы­лар­дың Кеңес өкіметіне қар­сы ин­тервен­ци­ясын қол­дап, қару­лы ин­тервен­цияға қосыл­ды.Конт­рре­волю­цияға Ан­танта им­пе­ри­алис­тері көп көмек көрсетті. Мы­салы, АҚШ Кол­чак ар­ми­ясы­на түрлі қару-жа­рақ, Анг­лия 200 мыңдай әскер­ге қару-жа­рақ және киім берді.918 жы­лы 29 на­урыз­да ақ гвар­ди­яшы­лар Орал қала­сын ба­сып ал­ды.918 жыл­дың аяғына қарай Кол­чактың басқару­ын­дағы Ан­ненков ди­визи­ясы Жетісу жеріне ба­сып кірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]