
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
1
916
жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
қазақ халқының азаттық қозғалысы
жылнамасының жарқын беттерінің бірі.
Ол әлемдік империалистік соғыстың
шиеленіскен уақытында. Ресейде шаруалар
мен жұмысшылар қозғалысының белең алған
кезінде өтті. Ресейден шаруаларды жаппай
қоныс аудару саясаты, қазақ шаруашылығының
құлдырауы, азамттық құқықтың шектелуі
Қазақстанда ұлттық қатынастың шиеленісуіне
әкелді. 1916 жылы патша әкімшілігі ресейлік
отаршылдар үшін жаңадан жер тартып
алуды ойластырды. А.Байтұрсынұлы сонау
1913 ж өзінде: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің
өзі проблемаға айналды»,-деп жазған
еді. Көтерілістің негізгі себебі ұлттық
және әлеуметтік езгінің халықтың кегін
қайнататын деңгейге жетуінен болды.
Қазақтан қара жұмысқа жігіт алу-
көтеріліске себеп болған негізгі фактор
еді. 1916ж 25маусым күні орыс емес «бұратана»
халықтардың 19-43 жас аралығындағы
ер-азаматтары соғысып жатқан армия
ауданында қорғаныс құрлыстарын салу
мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны»
жөніндегі патша жарлығы жарияланды.
Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың
адам алу көзделді.Аталған Жарлық қазақ
далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл
жұмыс-тарына жұмылдыру егін өнімдері
мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға
айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Іс
жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар
болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына
ша-қыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық
Азия халықтарының Ресей отаршылдығына
қарсы қуа-тты көтерілісінің басталуына
себепші болды.Көтерілістің құлаш
сермеуінен сескенген патшалық өкімет
орындары 20 шілдеде шақыруды егін
өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде
1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге
қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ
өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы
көтеріліс жалынын өшірудің сәті
түспеді.Көтерілістің негізгі
әлеуметтік-экономикалық және саяси
сипатты факторлары:отарлық езгінің
күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен
орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт
араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның
соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы.
Стихиялы түрде басталған қозғалыс
біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады.
Оның Торғай мен Жетісуда дала халқы-ның
танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері
Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш
Бокин,Бекболат Әшекеев т.б.бастаған ірі
орталықтары пайда болды.Қазақтарды тыл
жұмыстарына алу жөніндегі патша Жар-лығы
Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай
обл-ның әкімшілігі метро-полияның
тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын
сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі
шешім қабылдады.Алайда ха-лық наразылығы
күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе
уездерінде шаруалардың стихиялық бас
көтерулері басталды.Көтерілісшілер
тау шатқалда-рына топтасып,пошта
бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды
бұзды,болыстық басқармаларды
тал-қандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс
Солтүстік Қазақстанның көптеген
облыстарын қамтыды.Торғай уезінде
А.Иманов бастаған ірі көтерілісшілер
жасағы құрылды.Көтеріліске дейін-ақ
Амангелді даладағы халық бостандығын
жақтаушы,орталық тәтіптің бітіспес
қарсыласы ретінде танылған еді.Ол
бірнеше рет те түрмеге де түсті,заңсыз
сотталған жерлесте-рінің ісімен
Петербургке де сапар шекті1916ж шілдеде
Амангелді қазақ жасақтарын көтерілісшілердің
бірыңғай сапына жинай бастады.Көтерілісшілер
Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің
бас қолбасшысы–сардарбек,Оспан Шолақты
оның көмекшісі етіп,Әбдіғапар Жанбосыновты
хан етіп сайлады.Амангелдінің әскері
көтерілісшілердің басқа жасақтарынан
ұйымдасқандығы және тәртібімен
ерекшеленді.Сарбаздар ондық,жүздіктер
мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы
штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес
арқылы жүзеге асырылды.Ақпан революциясының
қарсаңында,Қазақстанның басқа облыстарында
әскери қимылдар тоқтаған-да,Торғай
даласында жазалаушылар отрядтары мен
көтерілісшілер арасындағы шайқастар
жалғасып жатты.Ақпан төңкерісінің
жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер
отрядтарының саны шұғыл өсті,ал 1917 ж-ң
соңында Амангелді Торғайды алды.Көтеріліс
Жетісу өлкесіне кең тарады.Мұндағы
өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек
қазақ еңбекшілері ғана емес,бас-қа
халықтардың өкілдерінің де қатысуы
еді.1916-1917 ж-ы көтеріліс бүкіл Қазақстанды
қамтып,ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне
дейін өсті.Ол патшаның әскери-басқыншылық
саясатына,әрі белгілі дәрежеде даланың
жемқор бай феодалдарына қарсы
бағытталды.Бұл көтерілістің негізгі
мақсаты ұлттық және саяси жағынан
азаттыққа қол жеткізу,Қазақстанның
барлық азаматтарына тең қарым-қатынас
пен құрметті талап ету еді.Көте-рілістің
негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының
қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып
келе жатқан жұмысшы табының
өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс
сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға
қарсы көтеріліс болды. Антифеодалдық
сипаты да бар еді.1916 ж көтеріліс Қазақстан
мен Орталық Азия халықтарының ұлттық
сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі
болды Сонымен бірге зиялы қауым өкілдері
майданға қара жұмысқа аттанған жігіттерге
барынша жәрдем жасады, арнайы майдан
даласынада барды.Тарихи маңызы: Қазақ
халқының рев-қ таптық санасы өсті,
Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің
ортақтығын ұғынды, қозғалыс барысында
өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару
аппараты құрылды, Ресей империясындағы
азаттық күрестің шырқау шыңы болды.