
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
1
781
жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде
оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып
жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның
қол астындағылардың наразылығын туғызды.
1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу
жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта
жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге
тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді
тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819
жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде
жаңа хандар бекітілмеді. Патша
әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір
қырғыздары туралы уставқа» сүйене
отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды,
бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда
белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер,
өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының
бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл
жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік
қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене
қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті
статистика үшін материалдар әзірлеу
мен жинауды тапсырған еді.Орта жүзде
жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі
енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау
жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап
айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына
қызмет көрсету үшін ауруханалар салу,
көшпелі халық арасында шешекке қарсы
егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға
арналған балаларын жалпы негіздерде
империяның оқу орындарына жіберуге
құқық берілді.Жарғымен міндеткерлік
пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді.
Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық
үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар
тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға
өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге
мүмкіндік берді.1822 жылы Сібір екі
бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде
болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және
орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап
Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді.
Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы
облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ
даласының Орта жүз қоныстанған жерлері
мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір
бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының
облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған
арналып «Сібір қырғыздары туралы устав»
талдап жасалынды.«Устав» бойынша «Сібір
қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі
округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге
Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген
қазақтар кірді. Округтер болыстарға,
болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты
бөлудің негізінен жераумақтық
(территориялық) емес, рулық принцип
алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен
мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп
аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында
рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай
өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың
белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші
бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп,
бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі
бұзылды.Ауыл старшиндері қазақтардан
сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып,
бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы
мұра болып қалдырып отырды.Полиция мен
сот өкіметі органдарын округтік приказ
басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен
сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді.
Олардың патша әкімшілігі белгілеген
орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар
қазақ зиялылырынан сұлтандар мен
билердің сайлауы арқылы қойылған екі
заседатель отырды.«Жарғы» билер сотын
жалпы империялық сотпен біртіндеп
алмастырып ,олардың құқықтарын шектеудің
негізін қалады. Сот әкімшіліктен
бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына
полиция функциялары да берілді. Олар
қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды
іздеп табу, тергеу және оларды ұстау
міндеттерін атқарды.1822 жылғы «Жарғы»
бойынша барлық сот істері үш категорияға
бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер;
в)басқару үстінен берілетін шағымдар
жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы
жалпы заңдары негізінде округтік
приказдарда қаралды. Қылмысты істерден
өзгеше даулы істерді ауылдар мен
болыстарда жергілікті қолданылып жүрген
әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты
талқылады.Хандық билікті қолына сақтауға
талпынғандардың бірі-Арынғазы (1785-1833
жж.). 1821 жылы ол Петербургке шақырылып,
жолда ұсталып Калугаға айдалды; 1833 жылы
қайтыс болды.1822 жылы Орынбор генерал-
губернаторы П.К. Эсеннің дайындаған
жобаны 1824 жылы Азия департаменті
комиссиясының мәжілісінде бекітілді.
Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың
Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша
ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар
даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып,
Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы
Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке
бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға
сұлтан тағайындалсын» ,- делінген.