
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
Алғышарттары:
Жер мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің қазақтарға мал жайылымы ретінде Жайық пен Еділ өзендерінің арасына өтуге шектеу жасағандығы.
Феодалдық және колониалдық қанаудың күшеюі.
Ханның, сұлтандардың, орал әскерінің казактары мен патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық талан-таражға ұшырауы;
Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі.
Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы.
Ресей үкіметінің Кіші жүз әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы.
Мақсаты:
Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
Орал қазақ әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.
Нұралы хан мен оның сыбайластырының озбырлығына шек қою.
Хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады
Көтеріліс барысы
1783ж. күзі - батырдың Орал қазақ әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.
1783ж. желтоқсан - Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.
1784ж. қараша- Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.
1785ж. 17 ақпан – көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді.
1
785ж. 15 наурыз – көтерілісшілерге қарсы 1250 казак тобымен старшина Колпаков және Понамарев келеді.
1790ж. 21 қазанда және 5 қарашада II Екатерина бейбіт аудандардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды.
1792ж. Сырым Ресей империясына ашық күрес жариялады.
1795ж. Есім хан сайланды.
1797ж. күз – полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады.
1797ж. Қаратайдың қуғынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті.
Қозғаушы күштері
Басты қозғаушы күші- қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.
Басшысы: Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы (1742-1802ж.). Сырым Айшуақ сұлтан хан болып сайланғаннан кейін, Қаратайдан құтылу үшін Хиуаға қашады. 1802 жылы Сырым Датұлы қайтыс болады
Нәтижесі:
1801ж. патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.
Тарихи маңызы:
Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.
Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.
Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді.
Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды.
Жеңілу себептері:
Қазақ феодалдық топтар мен старшындық арасындағы алауыздық.
Руаралық қайшылықтар.
Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.
Қару-жарақтардың жеткіліксіз болуы.
Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.
Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.
Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б.
XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны жағынан айтыстар бір-біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмұнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа құрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.
Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.
Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.
Ш
ығармалары
қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған
зар-заман ақындары да қазақ әдебиетінде
өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының
көрнекті өкілдері - Дулат Бабатайұлы
(1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат
Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының
өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар
болды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық
жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде
емес, басқалардың да халін танып, күйіне
салып толғай алуында” деп тұжырымдағаны
сияқты, бұл ақындар да қара басын
күйттеген ақын емес, халқының үнімен
елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-заман
ақындары өмір сүрген кезең патшаның
отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ
жерінің нағыз талауға түскен кезі еді.
Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”,
“Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай”
сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ
жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп,
озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат
Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”,
“О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы
қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.
А.Құнанбаев пен Ш.Уәлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды: діни (мұсылмандық) және зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, математика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызығушылық жолдарына салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар, әскерилер, дәрігерлер даярлады.
Ы.Алтынсарин (1841-1889) бастамасымен және тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің құрылуына қол жеткізілді. Ол, әсіресе, қолөнер және ауылшаруашылығы училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсап, байырғы халық арасынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап “Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы” және “Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық” атты оқу құралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ тілінен сабақ беріп, ол ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту, қазақ әдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.
Материалдық мәдениеті: Қазақтардың XVІІІ-XІX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда-саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.