
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
«
Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» Қазақ халқының
жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық
күресі- қазақ
халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан
басына күн туған аса қайғылы кезең (1723
– 25).Тәуке
хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің
дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы
Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын
әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың
басында өздерінің ішкі қайшылықтарын
реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен
қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден
қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж.
орыстарда тұтқында жүрген швед шебері
Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек
құю технологиясын меңгерді. 1723 жылдың
көктемінде жайлауға көшуге қамданған
бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың
қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы
Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ
жырауларының куәлігіне
қарағанда Жоңғария қалмақтары
әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен
қазақтарды шапқан. Олар Балқаш,
Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы
Қалдан Серен), Алтай асып,
Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы
Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып
(Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі
(Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода
Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан
Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен
қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты
шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік
аудандарындағы бейбіт елді аяусыз
қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын
басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының
нәтижесінде қазақтар шайқас даласында
100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды,
ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде
қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша,
сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза
тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы
да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген
ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері
бойында көп қырылды. Тірі
қалғандар ата мекенін тастап шықты.
Тарихта бұрын болып көрмеген алапат
құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан
босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы
жүз, Орта
жүздің шағын
бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл
жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан
иеліктеріне көшті. Кіші
жүз Сауран қаласын
айналып, («Сайран айналған») Бұқараға
ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі
Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады.
Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне
сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде
мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға
толы «Елім-ай» әні
дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан
күйзелген қазақ жеріне Еділ
бойы қалмақтары
(торғауыттар), Жайықтың казак-орысы,
Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар
мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл
жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш
рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа
тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ
болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл
апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына
қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан
аман алып қалудың амалын іздеп
қарманды.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны
қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын
шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын
қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын
түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған
қалың ел жоңғарларға қарсы майдан
ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің
жағасында, Аңырақай даласында
ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде
ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.