
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
Е
сім
ханның тұсында Қазақ хандығы Есім хан
(1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған) Шығайұлы
Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы,
Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел
ханның туған інісі. Есім хан туралы
халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер,
дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей
бойлы ер Есім» деп ардақтайды. Есім хан
билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен
кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының
шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан
әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда
ойрат тайпаларының бірігіу процесі
жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде
болып жатқан жағдайды жіті қадағалап,
олардың тайпалары арасындағы алауыздықты
өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.
Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық,
Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ
екінші жағынан орыс қамалдарының
гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан
саясатының ықпалды болуына елеулі
жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың
өздеріне қырғын таптыратынын сезген
ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін
мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында
ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр
болады. Хандығының шығысындағы жағдайды
осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан
оңтүстігін де ойдан шығармайды. Хандығының
шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда
да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай
да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде
қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның
орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен
Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед
баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы
қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім
хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі
Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде
беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап
түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп,
Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен
одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға
қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.
Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық
шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа
отырып, Ташкент пен оның төңірегінің
түгелдей қазақтардың иелігі екенін
ресми түрде мойындайды. Бұдан кейін
Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның
қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік
сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп,
қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы
етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық
жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара
билікке қол жеткізеді. Есім ханның
билігі тұсында (1598-1645) халық жадында
«Есім салған ескі жол» деген атпен
қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған
конституциялық құжат болғаны белгілі.
Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ
оның көктен алынбағанын, өз заманының
орайы мен талабына қарай Есім хан мен
оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған
баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір
нұсқасы екенін де естен шығармаған
абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған
ескі жол» деген сөздің мәні де Есім
ханның тұсында жасалған даналық заңдарға
байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа,
мал-мүлікке, адамдар арасындағы
қарым-қатынасқа қатысты туындайтын
дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.\
Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті
жарғысына» негіз болып, қазақ халқының
мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының
төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті.
Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары
сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат
үстінде бірдей танылған біртуар тұлға.
Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім»
атанған атақты ханның қайтыс болған
жылы – 1645 жыл деген шындыққа келетін
сияқты. Есім хан дүние салған соң қазақ
хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652)
отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне
орай «Салқам Жәңгір» деп атанған. Хан
ордасын Түркістан қаласында ұстау
Жәңгір хан тұсында басталды. Есім хан
қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім»
деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ
1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге
Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше
көзге түскені үшін берілген екен. Есім
хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ
хандығының Түркістан қаласындағы хан
ордасында тұрған. Хан тағына отырған
соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып,
Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық
байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын
бір орталыққа бағынған мемлекет етіп
құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы»
деп аталған заңды құрастырды. Есім
ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру
саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ
хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент
қаласы қазақ хандығына қараған соң оны
Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның
баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған
еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға
әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша
соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын
жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге
бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен
Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен
тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында
соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ
ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен
өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге
кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына
қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим
ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед
хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің
Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен
одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер
де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер
болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш
ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен
құдандалық байланыс орнатты. «Бахыр әл
асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің
айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы
қайтыс болған. Ал «Қазақ совет
энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда
1645-жылы қайтыс болған делінеді.
Қазақтардың өзара саяси қарым-қатынасы16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті. Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды. 1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді. 17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.
Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біревдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді. Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік шағы Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды.
ХVІ-ХҮІІ ғғ. қазақтардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы мен мәдениеті
Х
V-ХVII
ғғ. Қазақтар шаруашылығының жетекші
саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр
рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш
жолдары жазда жайлауға, қыс түсе
қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін.
Олардың қыстықтары малға суықта пана
болатын өзен, көл бойларында орналасатын.
Малдың негізгі түліктері қой , жылқы
және түйе еді. Бұлар халықтың
тұрмыс-тіршілігін бірден-бір қолайлы
түліктер. Мұндай мал халықтың
тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт,
қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен
қамтамасыз етіп отырды.Қазақ халқының
өмірі ілгері барған сайын мал шаруашылығын
жүргізудің формасы мен оның өнімділігі
жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы
үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал
шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі
жетілдіріп отырған. Көшпелі және жартылай
көшпелі мал шаруашылығымен қатар халықта
тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды.
Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен
Жетісуда суармалы егіншілік дамыды.
Археологиялық зерттеулер ХV-ХVIII ғасырларда
Отырар, Түркістан, Сауран маңында егістік
жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп
отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде
егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары
өзен алқаптары мен көл жағалауларында,
шөл және шөлейт далалардың көгалды
жерлерінде дамыды. Егіншілікпен көбіне
көшіп қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей
жатақтар шұғылданды. Негізгі дақылдары
– тары, бидай, арпа, жүгері. Егіншілік
Қаратау, Ұлытау қңірлерінде, Ертіс өзені
алқабында, Зайсан көлінің жағасында да
едәуір дамыды. Егіншілік саймандары
тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш,
тырма қол орақ болды. Дән түю, ұн тарту
үшін келі, қол диірмен пайдаланылды.
Астық ұраға көміліп сақталды. Қазақ
халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер
кәсібі үлкен маңыз алды. Өйткені мал
шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы
қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты
болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман,
ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын
жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын
және тырмалайтын, астықты жинайтын және
өңдейтін құралдар, т.б қолөнершілердің
еңбегімен дайындалды. Сондықтан
Қазақстанның қалалары мен қыстақтарында
қолөнер басым дамыды. Қазақ халқы өте
ауыр кезеңді бастан кешірсе де, өзінің
ата-бабаларының ертеден қалыптасқан
мәдени қазыналарын сақтап қалды.
Мәдениеттің дамуы Қазақстанның барлық
жерінде біркелкі жүрген жоқ. Мәдени
даму отырықшылық-қалалық жерлерде
көшпелі және жартылай көшпелі аудандармене
салыстырғанда күштірек жүрді. Сығанақ
пен Сауранның, Ясы мен Отырардың
архитектуралық комплекстері, Жәнібек
пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазаңғаптың
Ұлытау жеріндегі кесенелері,Маңғыстаудағы,
Сырдария алқаптарындағы және Қаратау
қойнауларындағы мазарлар өзіндік
сәулет-сипатымен, архитектуралық
формаларының жинақылық әрі айқындығымен
ерекшеленеді. Қазақтар көктемде 22-ші
наурызды, күн мен тұннің теңелетін кезін
"наурыз тойы" деп атап өтуді ертеден
ідетке айналдырған. Бұл тойда қазақтар
ағаййын-тума, ауыл-аймағын аралап, жаңа
жылмен құттықтап, молшылық пен егіндіктің
түсімді болуына тілектестік білдіріп,
бата берді. зерттеулер ХV-ХVII ғасырларда
қазақтар арасында ислам діні терең
тамыр жайған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін
жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар
мен саяси қарама-қайшылықтар еді.
Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі
бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай,
тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға
табынуға негізделген нанымды ұстады.
Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен
рөл атқарды. ХV-ХVII ғасырларда қазақ
халқының арасында тақырыбы мен жанры
жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең
өріс алды. Қазақтың ауыз әдебиетінің
асыл қазыналарын жасаған да, оны
ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізген де халық арасынан шыққан
дарынды адамдар – ақындар, сал, серілер,
жыраулар еді. Ақындар халықтың поэтикалық
мұраларын сақтап, айтып берушілер,
лирикалық жырларды жасаушылар болды.
Сал, серілердің арасынан көптеген атақты
сазгерлер мен жезтаңдай әншілер шықты.
Әншілер, күйшілер, ұлттық ат спорты
ойындарының шеберлері, алуан түрлі
сауыққойлар, күш иелері балуандар,
құсбегілер жалпы халықтық тойларда
өздерінің даңқын шығарып жүрді. Қазақ
халқының поэзиясында жыраулардың орны
ерекше бағаланды. Жыр толғауларында
қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең
орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының
аса ірі тұлғалары – Шалкиіз, Доспамбет,
Жиембет, т.б. жыраулар. Олар Әбілқайыр
хан мен Жәнібек хан заманында өмір
сүріп, сол кездегі шиеленіскен саяси
күрестің қиын-қыстау кезеңдерін жырға
қосып көрсете білген адамдар. Халықтың
ауыз әдебиетітуындыларында көшпелі
малшы халықтың көзқарастары, ұғымдары
мен еңбегі, олардың ғасырлар бойы
жинақтаған еңбек тәжірибесі жан-жақты
бейнеленді. Әсіресе соның ішінде
салт-сана өлеңдерінің көптеген үлгілері
өздерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктерімен
құнды. Қазақтың батырлар жыры эпосқа
тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі
дерлік тарихи оқиғалар,а құрылған.
Мысалы, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын,
Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих
шындығымен қабысып жатқан шығармалар.
ХV-ХVIII ғасырларда би-шешендер арасында
мемлекеттік және қоғамдық қызметінің
маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен
поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би
Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы
(1682-1766) ерекше орын алды. Олар тек
Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар
Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай
империясында танымал болған.