
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
ХIV-ХV
ғасырлар аралығында қазақ жеріндегі
ру-тайпалар халық болып қалыптасудың
барлық кезеңдері мен заңдылықтарын
толық бастан кешті. Алайда ол ру-тайпалар
Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан
сияқты тағы да басқа хандықтардың саяси
билігінде бытырап жүрді. Мұндай
бытыраңқылық олардың біртұтас халық
болып қалыптасуына мүмкіндік бермеді.Монғол
шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар
орнағанмен, Қазақстан жеріндегі
ру-тайпалардың арасындағы байланыстар
бұзылғанын, Алаш халқының әртүрлі
аймақтарға (Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы,
Үгедей ұлысы, Алтын Орда, Ноғай Ордасы,
Көк Орда, Ақ Орда) қарағанын да мойындау
керек. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы
қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың
бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен
Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі
жойылмады. Себебі бұл халық монғол
шапқыншылығынан бұрын-ақ мәдени
қалыптасып қалған еді. Қайта монғолдар
түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы
екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік
және кейін қосылған монғолоидтік
нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде
қазіргі қазақ халқы құрамының
(антропологиялық, этникалық, лингвистикалық
негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп
шығады. Алайда, Қазақстан жерінде өмір
сүрген ру-тайпалар түркі тілінде
сөйлегенімен территориялық бөлінуге
ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім
хандықтарының қол астында өмір сүріп
жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты
шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың
барлығы кейіннен қазақтардың құрамына
кірді.14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың
нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда,
Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында
болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан,
халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға
ұмтылу пооцестері барған сайын белең
алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз
мекендерінің тарихи-географиялық,
экономикалық және саяси оқшаулануының
тарихи қалыптасқан жағдайларына
байланысты этникалық жағынан біртұтастық
пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш
этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш
жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта
және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік
қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік
Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да
болды.Жүз — орда, қазақ халқының үш
рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ
атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден
тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.Ұлы
Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін
түгел жайлады. Оның құрамына үйсін,
қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б.
Орта жүз Орталық Қазақстан мен
солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін
қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын,
найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші
жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы,
Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының
теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар
одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек,
кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш;
Байұлы - адай, алшын, жаппас, алаша,
байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт,
шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері,
жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан
уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі
пікірлер бар.Қазақ этнонимінің туу
тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің
қызу айтыстарына айналды. Кейбір
деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде
қолданылған "қазақлық" "қашақ"
деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ"
атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға
көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" ,
кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған
деп санайды. "Қазақ" термині 1245
жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың
ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба
ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде
кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз
басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл
семантикалық ұғым бойынша "қазақ"
терминіне әлеуметтік мағына беріледі,
яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата
шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан
кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға
қатысуын санаған.Кейде бұл термин
ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ)
одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды.
Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз
және "сақ" деген сөзден құралған
деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының
2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс
Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында
әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік
топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда
қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ
қауымдастығы қалыптасуының да маңызды
кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл
процесс түрлі кезеңде де тоқтамай,
әмбебап мағынада қолданылып келген.
Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған
14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының
құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ
халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың
этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің
бірі болып табылатын "қазақ" атауы,
этникалық маңызға ие болды.Қазақ тілі
түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл
тобына жатады. Бұл топтың ішінде
қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл
тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай
тілдері жатады.Қазақ тілі қазақ этносының
негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы
заманында қалыптасты. Халықтың этностық,
аумақтық, саяси жағынан біртұтас
құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың
бірі — оның дербес мемлекеттілігінің
болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін
Қазақстан аумағында пайда болған
мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының,
содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның,
Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының
құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің,
этностық аумағының қалыптасуына негіз
болды. Сонымен қатар қазақ руларының
аталған мемлекеттердің құрамында
бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына
да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі
мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе
де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда
қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері
қалыптаса бастады.