Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-28.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.89 Кб
Скачать

Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)

Х V ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталады. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болады. Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеәіп шығып, 1428 жылы хан сайланады. Әбілқайыр – Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Шайбани ұлысы Орал тауының бөкутеріндегі Тобыл, Ырғыз, Жайық өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерді жайласа, ал қыста Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерінің бойында, Сырдарияның төменгі ағысында қыстаған. Осы ұлыстың билігі Әбілқайырдың қолына тигеннен бастап хандықтың саяси беделі көтеріледі. Тарихи жазба деректерде бұл жаңа құрылған хандықтың аты "Өзбек ұлысы", "Өзбек хандығы" немесе "Шайбани ұлысы", "Әбілқайыр ұлысы" деп аталады. Әбілқайыр хандығы батысында – Жайық (Орал), шығысында – Балқаш, оңтүстігінде – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде – Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты. Хандықтың алғашқы кездегі халқының құрамы Батый ханның Шайбани ханға найман, бұйрық және қарлұқ тайпаларын қосып беруінен түркі тілдес болғандығы байқалады. Сондай-ақ Әбілқайырды хан сайлағанда жиырмадан астам тайпалардың өкілдері қатысқан. Олардың ішінде атақты қият, маңғыт, өкіреш, найман, үйсін,қоңырат сияқты басқа да көптеген түркі тілдес тайпалар болған. Ал "Тоқсан екі баулы өзбек" деген шежіреге қарағанда, Өзбек ұлысы немесе Әбілқайыр хандығы 92 ру-тайпадан тұрған. Тарихшы Рузбиханның жазуы бойынша, бұл хандық негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған. Олардың ішіндегі ең көбі және ержүректері қазақтар еді дейді. Әбілқайырды көптеген ру-тайпалардың өкілдері қолдап, хан сайлағанмен, оның құрған хандығының ішінде әлі де болса жер үшін, ел үшін, билік үшін талас-тартыс күшейіп тұрды. Сондықтан ол алдымен өзінің қарсыластары Махмұд-Қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді жеңіп өзіне қаратады. ХV ғасырдың 40-жылдарында Балқаш өңірінің терісік батыс жағын өз иелігіне қосады. Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш-жігерін жұмсаған жер Ақ Орда жерінің оңтүстік аудандары – Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары болған. Бұл аймақта Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандардың биліктері берік болған еді. Сұлтандарды Тоқа-Темір тұқымдары да қолдап отырған. Сондықтан Әбілқайыр хан бұларға қарсы жорыққа көп әскери күш жинап, жақсы дайындалған. Оның әскерінің құрамына он бестен астам ірі ру-тайпалардың әмірлері қосылған. Олардың ішінде қоңырат, ұйғыр, үйсін, өкіреш наймандардың көргнекті өкілдері болған. 1431 жылы Тоқа-Темір ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетеді. Хан көптеген дүние-мүлік олжалайды. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда-базарды бағындырып, оны өзінің орталығы етеді. Оған дейін астана Тура қаласында болған. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етеді. Бұл жеңістен кейін Сырдария мен Қаратау аймағындағы Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент сияқты экономикалық жағынан маңызды қалаларды басып алады. Бұл жолы Сығанақ қаласын өзінің орталығы етеді. Қаланың орналасқан жері Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы – саудаға ыңғайлы жер болған.Әбілқайыр ханның бұдан кейінгі алдына қойған мақсаты Орта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісу а ймағындағы Моғол хандығының жеріне шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске асырыла бастадйы. Алайда Әбілқайыр хандық құрған кезде оның халқының арасында әлеуметтік-экономикалық теңсіздік шиеленісе түсті. Хандық біртіндеп әлсірей бастады. Әбілқайыр 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап, Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр хан өзінің жеңілісін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтардың шиеленісуінен көріп, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды қарастырады. Өзі күмәнданған щонжарларды жазалап, қатаң заң орнатуға тырысады. Өзіне бағынбай, Жетісу аймағына Моғол хандығының жеріне ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалауды ойластырады. Осы ойымен 1468 жылы Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жорық нәтижесіз аяқталып, хандық мүлде әлсірейді. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілқайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылады.

ХІV-ХV ғғ. Қазақстан экономикасы мен мәдениеті

Х IV-ХV ғасырларда Қазақстан жеріндегі халықтардың өмірінде бір хандықтар тарап, екінші хандықтар құрылып, шексіз өзгерістер болып жатқанына қарамастан, халық ертеден келе жатқан ата кәсібі – мал шаруашылығымен дәйекті шұғылданған. Оның отырықшы, көшпелі және жартылай көшпелі түрлері болды. Отырықшы мал шаруашылығы оңтүстікте, Сыр бойының күнгей беттерінде дамыды. Маңғыстау, Арал аймақтарын мекендеген ел бүкіл жыл бойы жайылымнан жайылымға үздіксіз көшіп жүрген. Мал шаруашылығының кең тараған дәстүрлі түрі жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан шаруалар ішінара егін егіп, малдың қысқы азығын дайындауды әдетке айналдырды. Көп жерлерде қой мен жылқы өсіру басты орын алса, оңтүстік пен оңтүстік шығыстағы отырықшылық жерлерде табындап мүйізді ірі қара өсірілді. Малдан түсетін өнімдер көшпелілердің киім мен тұрмыс заттарына сұранымын қанағаттандырып отырды. Кейбір жекелеген қолөнер шеберлері аса күрделі бұйымдарды – аттың ер-тоқымының металл әшекейлерін, қару-жарақ : семсер, сүңгі, садақ, оқ, арба және т.б келістіріп жасады.ХIV-ХV ғасырларда өндіргіш күштердің дамуы Қазақстанның оңтүстігінде ескі қалалардың қалпына келтіріліп, жаңа қалалардың пайда болуына, мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Оңтүстіктегі ірі қалалардың бірі – Тараз, елдің экономикалық мәдени тұрмыс тіршілігіне елеулі ықпал жасады. Онда күмістен теңге құйылып, әшекейлі бұйымдар, өрнектелген ыдыс-аяқтар жасалды. Сырдария мен Арыс алқабында жиырмадан астам қала болған. Сырдың сол жағасында Асанас, Үзкент, Аққорған, Сүткент сияқты қалалар бой көтерді. Ақ Орданың астанасы Сығанақ ірі сауда-егіншілік орталығы және мықты бекінісі бар қамал ретінде көзге түсті. Түркістан, Батыс Моғолстан және Темір ұрпақтары мемлекетінің тоғысқан жеріндегі Сайрам қаласы ірі сауда, қолөнер орталығына айналды.Орталық Қазақстанда Сарысу, Кеңгір, Торғай өзендерінің алқаптары мен Бетпақдаладағы ХIV-ХV ғасырларда өзіндік ерекшеліктері бар Алаша хан, Жошы хан, Болған-ана мазарлары да өздерінің көркемдік стилімен ерекшеленеді. Осы тұста жаңа архитектуралық стильдің қалыптасуы, құрылыста жаңа әшекей өрнектер түрлерінің, қаптама материалдарының пайда болуы көптеген қалаларда көрнекті ғимараттардың бой көтеруіне мүмкіндік берді. Солардың бірі – Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауидің мазары. Отырар, Тараз, Сауран, Жент және басқа қалаларда салынған медрессе, мешіттер Сығанақ маңындағы Шайбани тегінен шыққан дала хандарының әшекейлі мазарлары өздерінің қайталанбас бітімімен көз тартатын құрылыстар.ХIV-ХV ғасырларда Қазақстанда сауда-саттық кеңінен дамыды. Мұнда Орта Азиядан Жетісу арқылы Алтайға және Моңғолияға баратын сауда жолы маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ, Еуропа елдері мен Византия, Қырым арқылы өтіп, одан әрі Танға (Донның төменгі ағысы), Еділ бойындағы Сарайға, Әмудариядағы Үргенішке, Қызылқұм арқылы Отырар мен Сайрамға баратын, сол жерде ежелгі "Жібек жолына" келіп қосылатын сауда жолы да, экономикалық қарым-қатынас пен сауда-саттықтың өркендеуіне зор әсерін тигізді. Моңғолдар үстемдік еткен кезде Дешті Қыпшақ түркі әлеуметінің дамуына Алтын Орданың Еділ жағалауындағы, Хорезмдегі, Қырымдағы мәдени ошақтардың маңызы зор болды. Жошы ұлысының шығыс бөлігінен шыққан белгілі ғалым, әдебиетші Ахмет Хорезми өзінің "Махаббат наме" деген шығармасын жазды. Өзбек хан тұсында, ХIV ғасырдың 30-жылдарында Алтын Орданың түркі тілді әдебиетінің әйгілі ескерткіші – Құтыбтың "Хұсрау мен Шырын" поэтикалық шығармасы жарық көрді. ХIII-ХV ғасырларды ауызекі шығармашылығы күшті дамыды. Қыпшақтар мен басқа да түрік тайпаларының өркен жайған ауызша поэзиясы болды. Көркем сөздің нағыз шебері болған Сыпыра жырау мен Қодан тайпашы (ХIVғ.), Асан қайғы мен Қазтуған (ХV-ХVI ғғ.) жыраулардың шығармашылығы кеңінен танылып, олар шығарған тарихи шындықты бейнелейтін батырлар жыры халық зердесінде сақталды. Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ халқының тарихын бейнелейтін "Ер тарғын", "Қамбар батыр", "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Едіге батыр" және басқа жырларды солардың қатарына жатқызуға болады. Сол тұста туған "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" лирикалық эпосы да халықтың рухани қазынасындағы шығармалардың бірі. Бұл кезде Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы отырықшы халықтар арасында ислам басты дінге айналды, "Яссауйя", "Нахшбандия" сопылық ағымдарының әсері күшейді. Сонымен бірге, көшпелі халықтар ішінде ескі шамандық пен ата-бабалар рухына табыну қалдықтары да сақталып қалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]