
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Ноғай Ордасы
Н
оғай
Ордасы, Маңғыт Ор-дасы - XIV ғасырда Алтын
Орданың ыдырауы нәтиже-сінде пайда
болған мемлекет. Ноғай Ордасы XIII ғасырдың
2-жартысында Алтын Ор-даның әскери
қолбасшысы Ноғай әскерінің ңүрамына
енген тайпалар мен маңғыт тайпаларынан
ңүралған. Ноғайлар Еділден Ертіске
дейін, Каспий мен Арал теңіздерінен
Түменге дейінгі жер-лерде көшіп жүрді.
Орданың орталығы Жайың өзені саға-сындағы
Сарайшық ңаласы болды. Ноғай Ордасында
Еді-ге би мен оның үрпақтары би-лік
жүргізді. Алайда, Ноғай Ордасындағы
Едіге би үрпақ-тары арасындағы алауыздық
бүкіл түркі дүниесіне қасірет өкелген
еді.Ноғайлылар жауға есесін жіберіп,
жаңынын қарақтауға көшті. Ноғай Ордасының
әміршілері Шаһмамай би мен Ағыс батыр
1523 жылы Қажы-Тархан (Астрахан) түбінде
өздерінің қандас бауырларын - МахметТерей
хан бастаған 30 мыңдық Қы-рым әскерін
қапыда басып, түгел қырып тастайды.
Осы-ның алдында ғана Алтын Ор-даның
батыс бөлігін біртүтас үлысқа айналдырмақ
болып, ант ішіскен қандас бауырлар
бірінің түбіне бірі жетеді. Сөйтіп, Русь
мемлекетіне Еу-разияны жаулап алуға
өздері жол ашады. Орыс мемлекеті Қазан
мен Астрахан хандық- < тарына көз
алартатын дәре-жеге жетеді. XVI ғасырдың
2-жарты-сында Ноғай Ордасы бірнеше
мемлекеттік қүрылымдарға ыдырап кетті.
Қасым хан түсында атажүртта отырған
қуатты Қазақ хандығы әл-сіреген ноғайлы
үлысының Жайықтан Еділге дейінгі үлкен
бөлігін өз ңүрамына ңосып алды. Ауыз
бірлігінен айырылған Қазан, Астрахан
Ноғай Ордалары Русь мемлекетіне бодан
бола бас-тайды. Ыдыраған Ноғай Орда-сының
бір бөлігі Кавказда Кіші ноғай ордасы,
Үлкен ноғай ордасына бірігіп, тағы бір
бөлігі Ресей мемлекеті-не кіріптар
болып қалады.XVIII ғасырдың соңы мен XIX
ғасырдың басында Кіші ноғайлының біраз
бөлігі бү-рынғы ата қонысы - Азов ма-ңына
(Доннан Кубанға дейін) ауып, кей бөлігі
Түркияға көшті. Ноғай ордасы , Маңғыт
ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда
әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне
іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік
бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық
аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың
сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір
ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға
дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не
дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге
дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында
осы бірлестіктің негізін қалаған
маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы”
аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе,
алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін
шығыс деректерінде (1500) пайда болған.
Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген
зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын
Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне
қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы”
аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба
деректерге қарағанда Н. о-ның негізін
Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын
Ордадағы билікті түгелдей өз қолына
ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы
даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г.
Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200
мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады.
Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы
басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы
әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың
айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы
жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер
ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың
2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің
(1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық
өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды.
Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда
болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда
этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым
басым еді. Бас билікті “бектер бегі”,
әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс
адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара
халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс
хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н.
о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі
маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының
қолында болып, билік атадан балаға көшіп
отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар
Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды
басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси
өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би,
Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл
атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында
билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз
күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі
көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына
енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр,
қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын,
тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн.
құрамын қалыптастыруда үлкен рөл
атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ
хандығы халқының туыстығы туралы
“бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай
қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н.
о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон.
байланыстар орнатып, ноғай билеушілері
Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын
мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды.
16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан
хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін
Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға
бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай
ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты
ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның
қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай
ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне
бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан
кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына
көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де,
Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о.
ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған
ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о.
түркі халықтары тарихында үлкен із
қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек,
татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының
ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген
тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса
үлкен мәдени мұра қалды