Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-28.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.89 Кб
Скачать

Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.

ХШ ғасырдың бас кезінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы Еуразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасымен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени дамуының үрдісін өзгертіп жіберді.

XII ғ. орта шенінде монғол тайпалары Монғол Алтайы мен Ертістің жоғарғы жағынан наймандар мен қыпшақтарды ығыстырып, түрік тілді топтарға сіңісіп, түріктерден материалдық медениетінің көптеген элементтерін, шаруашылық пен тұрмыстың түрлерін, көшпеліліктің әдет-ғұрпын, мал тұқымдарын ала отырып, Орхон мен Керулен бойларынан батысқа қарай жылжыды. Сол уақыттан бастап түріктер мен монғолдардың кейінгі уақытқа дейін сақталған қоныстарының шекарасы анықталып қалыптасты. Монғолдар жайлаған аумақ солтүстікте Байкалдан, Ертіс пен Енисейдің жоғарғы бойынан Оңтүстік Гоби шөліне дейін кең көсіліп жатады.

Егер ескі дүниенің картасына көз салсақ, онда өркениеттің екі полюсінің - Шығыстағы Қытай мен Үндістанның және батыстағы грек-роман әлемі арасында байланыстырушы болып ұзын лента теріздес түрік-моңғол халықтары жатқанын көруге болады. Осы халықтарды біріктіріп, біртұтас мемлекет құрса, ол шығыс пен батыс арасындағы өркениет көпіріне айланар еді.

Осы үлкен мақсатты орындауға кірісу және "темір мен оттың" көмегімен аяғына дейін жеткізу ХШ ғасырда Шыңғыс ханның үлесіне тиді. ХП ғасырдың аяғы - ХШ ғасырдың басындағы Орталық Азия мен Қазақстан далаларында билік етуші тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті. Күрес барысында моңғол тайпалары көсемдерінің бірі Тимучиннің (Шыңғыс хан) мерейі үстем болып, ол Орта Азия тайпаларының басын қосқан құдіретті билеушіге айналды.

Ш ыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Монғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның мұсылмандарды қудалауы, қаталдығы, жігерсіздігі, салықпен зар илеткен зорлық зомбылығына ыза болған жергілікті халық Шыңғысханға мойынұсынатынын білдірді. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. Көп кешікпей оған сылтауда табылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орт а Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенінде монғол жансыздарын қосып есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырар билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырды. Шыңғысхан Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бұл талапты орындамады., Шыңғысхан жіберген елшілерді өлтіруге әмір берді. Отырар апаты деп аталатын бұл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғырын Сыр бойымен төмен бағыттады. Жебе мен Сүбедей басқарған үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан кіші ұлы Төлймен- екеуі әскердің негізгі күштерімен Бұхараға беттеді. Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Қайырхан басқарған қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Сыр бойындағы қалалар да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы. Ол өзі жақсы бекінген халқы көп , ірі сауда орталығы болатын. Жошы бастаған моңғолдар қаланы ұрыссыз беруді талап етті. Сығанақ халқы келіссөзге көнбеді. Монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жері үш монғол ұлысының құрамына енді. Жошы ұлысы: Ертістің батысы - Еуропаға дейінгі жер. Орталығы – Ертіс өзені бойында немесе Сарысу-Кеңгір өзендерінің құйылысында орналасқан. Шағатай ұлысы: Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан, Мәуереннахр. Орталығы – Алмалық. Жазғы Ордасы –Іле өзені бойындағы Құяш. Үгедей ұлысы: Батыс Монғолия, Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы. Ордасы – Чугучук маңы. Ұлы хан болғасын – Қарақорым. Төле ұлысы: Монғолия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]