
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
Н
аймандардың,
керейіттердің, жалайырлардың ертеректегі
мемлекеттері — Орталық Азияның шығысында
— Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия
аумағында пайда болса да, олардың
тарихының Қазақстан тарихына тікелей
қатысы бар. Көшпелі мемлекеттіліктің
бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында
жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде
мекендеген халықтар мен тайпалардан
басталатын дәстүрлермен қатар олар
кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тон
болды.Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың
орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон
аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз
тайпаның одағы») деген атаумен пайда
болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан
Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз
кейіннен наймандар деп атайтын жерді
алып жатты. X ғасырда Орталық Азия
даласын, «Ляо-шиге» қарағанда, жауынгер
көшпелі тайпалар мекендеген, бұл
деректемеде олар цзу-бу деген ортақ
атаумен аталады. Олар (цзу-бу) тура
Тарбағатайға дейінгі Орталық Азияаумағына
қоныстанған. Қидандардың Ляо әулеті
кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман»
атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың
батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше
мағынасында «сегіз тайпаның одағы»
деген баламасы бар, яғни найман деген
монғол атауын да оларға Ляо әулеті
кезінде монғол тілдес қидандардың
бергені күмәнсіз. Найман тайпалар одағы
XII ғасырдың бірінші жартысында Елюй
Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне
кетуіне байланысты аталады. Елюй Даши
күштерін батысқа жинап, чжурчжэндерді
қуып шығып, қидандардың Ляо империясын
қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді
ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман
билеушілері оның әскерлерінің қажеттері
үшін оған мал әкеліп берген.X—XII ғасырдың
басында наймандар Ляо империясына
вассалдық тәуелділікте болып, оның
батыс шетінде, яғни Шығыс Қазақстан мен
Батыс Монголия жерінде тұрған. Жетісуда
қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан
кейін наймандардың жерлері солардың
иеліктерімен көрші болды. Рашид ад-Дин
наймандар жөнінде бір бөлігі «өте
тау-тасты жерлерді», ал бір бөлігі
жазира-жазықтарды мекендеген көшпелілер
дейді. Деректемелердің көрсеткеніндей,
кеш дегенде XI ғасырда найман тайпалары
Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан
Алтай тауларының шығыс сілемдеріне
дейінгі шығыстан батысқа қараған аумақты
алып жатқан.Керейіттер туралы алғашқы
мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне
жатады, олардың христиан дінін қабылдауына
байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің
аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы
ауданын және Онғын өзенінің аңғарын
алып жатқан. Шыңғысхан шапқыншылығы
қарсаңында керейіттер бүкіл қазіргі
Монголия мен Алтай аумағында үстемдік
еткен, монғолдар да солардың қол астында
болған. Жалайырлар Шыңғысхан империясының
өрлеу кезіне қарай Хилок және Селенга
өзендерінің бойын, дәлірек айтқанда,
Селенгаға құятын Орхон сағасын
мекендеген.Шаруашылық-экономикалық
құрылысы.Наймандар, керейіттер, жалайырлар
негізінен мал шаруашылығымен айналысқан.
Олардың өз малына жайылым іздеп, бір
жерден екінші жерге жылына бірнеше рет
көшіп жүруіне тура келді. Көші-қон
шалғайлығы жер жағдайы мен мал санына
байланысты болған. Қысқа пішен қоры
жасалмады, бірақ көшіп-қону қыстыгүні
малдың азықты өзі тауып, өз аяғынан
жайыла алатындай етіп реттеліп отырылды.
Деректемелер жалайырлардың, наймандар
мен керейіттердің көшіп-қонуын екі
түрге белуге мүмкіндік береді. Бір
жағынан, азды- көпті үлкен топтар болып
кешкен (күрен әдісі) және екінші жағынан,
жеке әулеттер оқшауланып немесе шағын
бірлестіктер болып көшіп жүрген.
Шыңғысхан империясының құрылуына
байланысты көшіп-қонудың күрен әдісі
жойылып, әскери ұйымдык түрі ғана
қолданылады. Наймандардың басты байлығы
үйірлі жылқы болды, жылқы болмайынша
далада шаруашылық жүргізу мүмкін емес
еді. Көшпелі үшін жылқы қатынас құралы,
соғыста және қаумалап аң аулағанда
мінер аты болды. Көшпелілер оның етін
жеп, сүтін ішті, терісі мен жүнін
пайдаланды. Ірі қара да көлік ретінде
пайдаланылды: күркелі арбаға өгіздер
мен сиырларды жекті. Қой малы еті, терісі
мен жүні үшін ұсталды. Бірақ наймандар,
керейіттер, жалайырлар бір ғана мал
шаруашылығымен тіршілік ете алмайтын
еді, ейткені тамақ жетіспеді. Бұл тапшылық
алуан түрлі жабайы аңдар мен ішінара
балық аулаумен толықтырылып
отырды.Мемлекеттің құрылуы.Орталық
Азияның көшпелі тайпаларының XII ғасыр
бойында күш-қуатының артуы олардың ең
ірілерінде — наймандарда, керейіттерде,
жалайырларда — алдыңғы феодалдық
мемлекеттік құрылымдар — ұлыстардың
пайда болуына жеткізді. Б. Я. Владимирцовтың
көрсеткеніндей, ұлыс алғашқы қауымдық
құрылыстың институты болған жоқ. Ұлыс
ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық
институттардан жоғары тұрды. «Ұлыс»
ұғымы ол кезде «халық» дегенді білдірді.
Ұлыстың құрамында қандас туысқан
адамдардың болуы міндетті емес еді,
оған хан руының өкілдері ғана емес,
сонымен бірге бөгде адамдар да енді.
Әрбір ұлыс белгілі бір аумақты иеленді,
наймандар мен керейіттердің ең үлкен
күшті ұлыстарының өз шекаралары болып,
олар ара-тұра болса да қорғалып отырды.
Шыңғысхан талқандаған керейіттер
ұлысының билеушісі Ван-ханның наймандар
иелігін қорғаған найман қарауылымен
қақтығыста қаза тапқаны мәлім. Армян
авторы Степанос Епископ монғол сарайы
жанындағы жоғары лауазымды қайраткерлердің
бірі жайында айта келіп, былай дейді:
«Бұл адам саны ең көп және күшті джалакир
(жалайыр) тайпасынан болатын...». «Бұл
жалайыр тайпасы үлкен-үлкен он тармақтан
тұрады, олардың әрқайсысы жекелеп
алғанда үлкен халыққа айналды...».Көрші
халықтармен езара қатынастары.еректемелер
наймандар мен керейіттердің көрші
тайпалармен соғыстары туралы мәліметтерге
толы. Рашид ад-Дин былай деп жазады:
«...Керейіттер көптеген тайпалармен,
әсіресе найман тайпаларымен көп
жауласты... Бұл кезде басқа тайпаларға
қарағанда олардың күші басым әрі
құдіретті болатын... керейіттердің Ван-
ханымен наймандар қырғыздардың аймағы
бойынша және ұйғырлар елі- мен шектесіп
жатқан шел далаға дейін үнемі қырқысып,
жауласып жүрді». Рашид ад-Дин наймандардың
қырғыздармен, керейіттердің Цзинь
мемлекетімен соғыстары туралы мәліметгер
келтіреді. Соғыс кезендері көршілер-
мен бейбіт қатынастар жағдайымен алмасып
та отырды. Қытай деректемелерінде
керейіттер мен наймандардың көшпелі
көршілерімен ғана емес, сонымен қатар
отырықшы мәдениеті бар мемлекеттермен
— Танғұт мемлекетімен (Си Ся) және ұйғыр
иелігімен тығыз мәдени және саяси байла-
ныстар жасағаны туралы мәліметтер де
бар. Наймандар мен керейіттерді 11 билеуші
тобы ұйғырлардың ықпалымен несториан
бағытындағы христиан дінің, ұйғыр
жазуын, сондай-ақ мемлекеттіліктің
басқа да элементтерін қабылдады.
Керейіттердің танғұттармен қатынастары
да осы байланыстардың дәлелі болып
табылады.