
- •Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •Қазақстан тарихы бойынша ертедегі жазбаша деректер
- •Қазақстан жеріндегі сақтардың тайпалық одағы
- •Ғұндардың тайпалық одағы.Ұлы қоныс аудару
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары
- •Қарлұқ, Қимақ, Оғыз мемлекеті (yiii-X)
- •Оңтүстік Қаз. Арабтардың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Найман,Керейттер,Жалайырлар ұлыстары
- •Қыпшақ хандығы: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы,шарушылығы
- •Моңғол мемлекетінің құрылуы және Шыңғысханның Қазақстан жеріндегі жаулаушылық жорықтары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда және оның Қазақстан тарихында алатын орны
- •Ноғай Ордасы
- •Моғолстан мемлекеті
- •Әбілхайырхандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті)
- •Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.Қазақ жүздері.
- •Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы.Керей мен Жәнібек,Бұрындық хандар.
- •Хyi ғ. Қазақ хандығы.Қасым,Хақназар,Тәуекел хандар
- •Хvіі ғ. Қазақ хандығы. Есім, Жәңгір, Тәуке хандар
- •Жеті жарғы – қазақ халқының әдет-ғұрып заңдар жинағы
- •Хvііі ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті.
- •«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысы
- •Қазақстанның Ресейге қосылуы: тарихи алғышарттары мен негізгі кезеңдері.
- •Хvііі ғ. Қазақстандағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты
- •Абылай ханның мемлекеттік қызметі
- •С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы
- •Хіх ғ. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»
- •Исатай Тайманұлы бастаған Бөкей Ордасындағы қазақ шаруаларының көтерілісі
- •Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Сыр өңірі қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістері
- •1868-1869 Жж. Орал, Торғай облыстарындағы және 1970 ж. Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісі
- •Хіх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақстандағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты
- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
- •1916 Жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
- •«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы
- •1917 Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •Түркістан (Қоқан) және Түркістан акср құрылуы.
- •Алаш автономиясының құрылуы және қызметі.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қазақстанда «әскери коммунизм» саясатының жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақ акср құрылуы және онық одақтас республикаға айналуы (ҚазКср).
- •Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері
- •Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: ерекшеліктері мен нәтижелері
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: қорытындысы мен зардаптары. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.
- •1941-1945 Жж. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы және олардың мәңгі өшпес ерліктері
- •Қазақстан - майдан арсеналы. Ғылым мен өнер майданға (1941-1945 жж.)
- •1946-1964 Жж.Қазақ кср-ның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: қорытындылары мен зардаптары.
- •1965-1985 Жж. Қазақ кср-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы негізгі үрдістер мен қайшылықтар.
- •Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991 жж.)
- •1986 Ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы
- •1945- 1991 Ж Қазақстанның мәдени өмірі
- •Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары. Тмд-ның құрылуы
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы». Алматы, 1991 ж. 16 желтоқсан
- •Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы (1991-2013 жж.)
- •Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі (1991-2013 жж.).
- •Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым және мәдениет (1991-2013)
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы қызметі мен рөлі.
- •Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тарихы.
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – елтаңба, әнұран, ту.
- •Қр Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. (14 желтоқсан 2012 ж).
- •Елбасы н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі
Қарахан әулетінің мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
Қ
арахан
Әулетінің мемлекеті Қарахан қағанатының
билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу
тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі
әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан,
екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан,
төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге
саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет
«ислам тарихы материалдарында» Афрасияб
(Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін
де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері
Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың
билік жүргізуші тобы» деп қарайды.
Қарахан Әулетінің негізін қалаушы –
Сатұқ Бұғра Қарахан ( Әулие Ата). Ол өлген
соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім)
тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн
Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан
қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан
қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс
Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса
ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында
Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді.
Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші
ширегіне дейін жалғасты. Қарахан
мемлекетінің құрылуы. X ғасырдың орта
шенінде Жетісу аумағында және Шығыс
Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде
әлеуметтік құрылымы біршама дамыған,
өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың
кептеген әлеуметтік институттарын
табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан
мемлекеті пайда болды. Мемлекеттің
басында болған түрік әулетінің этникалық
атрибуциясы әлі де толық айқындалмай
қалып отыр, ал алғашқы Қарахандар туралы
әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып
келеді. Қарахан мемлекетінің құрылуында
және алдыңғы тарихында қарлұқ
конфедерациясының тайпалары зор рөл
атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен
бірге жікілдер мен яғма кірді. X ғасырда
яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге
Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман
мекендеді. Кейінірек, XI ғасырда яғма
анағұрлым солтүстікке таман — Іле
өзенінің алқабын- да өмір сүрді. Ал осы
алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік
аудандарынан кәшіп келген жікілдер
қоныстанды. Жікілдер Тараз маңында,
Құяста, Барсхан сыртында, Жікіл мекенінде
және т.б. өңірлерде шоғырлана қоныстанған
бірнеше топ болды.Қарахан мемлекетінің
құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа
дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі
ұлан-байтақ аумақта болған саяси
оқиғалармен, сондай-ақ Қарлұқ қағанатының
ыдырауымен байланысты еді. Жетісуды
және көршілес өңірлерді мекендеген
қарлұқтардың, жікілдердің, яғмалардың
Саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан
дүркін- дүркін шабуыл жасаған тоғыз-ғұздарға
қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі
Қазақстан аумағының оңтүстігі мен
оңтүстік-шығысындағы түрік тайпалары
тобының этникалық-саяси тұрғыдан
топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде
қарлұқтар басты рөл атқарды. 840 жылы
қарлұқтардың жетекшісі, Испиджабты
билеуші Білге Кұл Қадырхан қаған атағын
қабылдап, сол арқылы жоғарғы өкіметті
алуға хақысы барын мәлімдеді. Нақ сол
жылы Саманилер Испиджабты бағындырды.
Білге Құл Қадыр-хан өлгеннен кейін
қағанаттағы билік ушін күресте оның
екі баласы суырылып шықты: Базыр
Арслан-хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ
Қадыр-хан Таразды билей бастады. Таразды
саманилік Исмаил ибн Ахмад басып алғаннан
кейін (893 ж.) Оғұлшақ, тегінде аз уақытқа
Қашғарға баруға мәжбүр болса керек,
одан 904 жылы ол Саманилер иелігіне шабуыл
жасады. Оғұлшактың немере інісі Сатұқ
Боғра-ханды (915—955) Қарахан әулетінің
негізін салушы деп есептейді. Исламды
қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана
отырып, Сатұқ Боғра-хан Оғүлшаққа қарсы
шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен
Қашғарды бағындырды; 942 жылы ол Баласағұнда
билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған
деп жариялады. Шынына келгенде, Қарахан
мемлекетінің тарихы осы уақыттан
басталды.[1] Сатұқ өлгеннен соң билік
оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы
қаға- наттың мемлекеттік діні ислам деп
жариялады. Оның астана каласы Қашғар
болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек,
тегінде, Баласағунды иеленсе керек. Бұл
өңірді оның баласы Хасан Боғра-хан мұра
етіп алды. Мұса өлген соң жоғарғы қаған
атағы оның баласы Әли Арслан-ханға
көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар
болды, сонымен қатар ол Тараз бен
Баласағұнның да билеушісі болып
есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси
тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған
жылдың өзінде-ақ негізінен ықпалды әрі
күшті екі әулеттің — Әли Арслан- хан
мен Хасан (Харун) Боғра-ханның ұрпақтары
арасындагы өзара қырқысқан күреске
толы болды. Алғашқы кезде Әли (әлилер)
ұрпағының ықпа- лы күштірек болды, ал
кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына
(хасанилерге) көшті. Қарахан мемлекеті
негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955).
940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін
құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп
жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар
мемлекеті тарихы басталады. Қарахан
мемлекетінің құрылуы мен оның ерте
тарихында басты рольді Қарлұқ
конфедерациясының тайпалары атқарды.
Үлесті жүйеде негізі қаланған Қарахан
мемлекеті шығыс және батыс иеліктерінен
тұрды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс
иелігіне, Мауараннахр батыс иелігіне
кірді; шығыс иелігінің саяси орталығы
Баласағұнға жақын мандата Орда (Қара
Орда, Күз Орда), содан соң Қашғар, батыс
иелігінің орталығы Үзкент, кейінірек
Самарқан болды. Екі иелік бертін келе
жеке-жеке мемлекетке — Шығыс және Батыс
қағанаттарына бөлінді. Жетісу мен Шығыс
Түркістанды XI ғасырдың басында Туған-хан
билеп тұрды. Онымен Боғра-хан Харунның
баласы Қадыр-хан Жүсіп бәсекелес болды
(араб тіліндегі кейбір деректемелерде
Қадыр-хан Хотанды иеленді деп көрсетілген).
1005 жылы Қадыр-хан Жүсіп Қашғардан
Туған-ханды тықсырып, қаланы қаратып
алды.12 ғ. екінші жартысында қарақытайлар
Батыс қағандығына қауіп төндіре бастайды.
1141 ж. Қарахан — Салжықтың әскерін
талқандағаннан кейін Қарахандар
мемлекеті екі хандығының билігі де
қарақытайлар қолына көшеді.1210 ж. шығыс
Қарахандар әулеті наймандармен соғыста
жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед
батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық
Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың
Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан
әулетінің мемлекеті тарихы осылай
аяқталды. Қарахан мемлекетінің саяси
құрылысы бірден емес, біртіндеп, жаулап
алған жерлерде Қарахан шонжарлары
билігінің орнығуына қарай қалыптасты.