Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-28.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314.89 Кб
Скачать

Жас ұрпаққа тәрбие және білім берудегі Қазақстан тарихы курсының маңызы мен орны.

К арпат пен Хинган тауларының аралығындағы Еуразиялық құрлықта,40-50 ендікте созылып жатқан ұлы даланы менкендеген әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың қашаннан бір тармағы болып келетін,тармағы болғанда "қазақ түрік емес,қазақсыз түрік түрік емес" деген мәтелге өзек болған түркі тектес халықтардың ең іргелісі қазақ халқы болып табылады.Оның тарихы да,тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты:сабақтас,салалас,аралас,ортақ.Сондықтан да қазақ халқының тарихын алып даладан бөле-жара қарай алмаймыз.Сайып келгенде, осы ұлы даланы айдынды асқар теңіз ретінде көз алдымызға елестететін болсақ,теңіздің қайнар бастауы, оның деңгей-дәрежесін негізі-осы даланы жайлаған түрік тектес халықтар,оның ішінде қазақ халқы екенін ұмытпауымыз керек.Кезінде Қазақстанның осы ұлы даланың елеулі бөлігін қаусырв құшақтап,қарымды қамтып жатқан бүгінгіден де үлкен жері болды.Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрыс,оның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеу,жаңару көп жылдар бойы тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде боолып,халықтың өткенін білуі күңгірттеніп,ұрпағы мәңгүрттеніп,өз елінің тілі мен дінінен,дәстүр салтынан қол үзе бастаған жартылай орыстанған шала қазақтар көбейіп келе жатқан кезде қолға алынды.Осындай бетбұрыстың нәтижесінде жұртшылықтың өз халқының тарихына деген ынтасы мен ықылас пейілі,құштарлығы мен шексіз құмарлығы жаппай бой көрсетті.Білсек деген сұрақтар көбейді."Біз қазақпыз,сонда кімбіз,өткенімізде ғибрат аларлық не бар,келешегіміз не болмақ,елдің тарихындағы батырлар мен билері бетке ұстар адамдары кімдер?"-осындай сұрақтар ашық қойыла бастады.Жасыратыны жоқ,соңғы он төрт жыл ішінде қазақ халқының тарихына,өткеніне байланысты жоғарыда айтылған сұрақтарға біршама толық жауап беретін көптеген басылымдар мен жарияланымдар,мақалалар,ірілі-уақты кітаптар жарық көрді.Қазақ жеріндегі аталып өтуге лайықты аса маңызды саяси оқиғалар мен тұлғалы азаматтардың тойлары өткізілді.Қазір халқымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып,оларды осы тарихтың тағылымымен таныстырудың,әсіресе жоғары,орта оқу орындарында оқып жүрген студенттердің тарихи санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастырудың маңызы зор.Жастар халқымыздың келешегі,заманымыздың болашағы.Бүгінгі қоғамда атқарылып жатқан әлеуметтік-эконмикалық игі істердің бәрі солар үшін,солардың берекелі бақыты үшін істелуде.Тарих латын тілінен аударғанда "өткенді баяндау,айту,жеткізу" дегенді білдіреді.Тарих өткенді баяндап қана қоймай,оның болу мерзімін деңгейін барлығын зерттейді.Тарих-халықтың жады,ол біздің патриоттық сезімімізді туғызады,ата-бабамыздың қандай болғанын,және біздердің олардан қандай айырмашылығымыз бар соны зерттейді.Тарих ғылымының ең басты мақсаты-шындықты бұрмаламаусыз,боямасыз көрсету болып табылады. . Тарих тағлымын терең зерделеген халықтың ғана болашағы жарқын болатыны өмірде дәлелденген.Өйткені,бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізінде жасалған.Мемлекеттің өсіп өркендеуі,оның азаматтарының белсенді іс әрекетінсіз мүмкін емес.«Тарихсыз халық жоқ »деген бізге белгілі қағида бекер айтылмаса керек.Тарих тәжірибені зерделеу барысында тарихи сана,дәстүр мен мәдениет,ұрпақ сабақтастығы қалыптасады.Тарих адамзат өркениеті мен қазіргі заманғы ғаламдық мәселелердің диалектикасын түсінуге мүмкіндік береді. Тарих мынандай негізгі міндеттерді шешеді:гносеологиялық(Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді) аксеологиялық(Әр адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады,сондықтан ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады)прогностикалық(Тарих,ол болашақтыңнегізі қаланған өткен заман,тарих аяқталмайды.тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар,өйткені онда бұрын ашылмаған шындықтарайқындалады).Тарих қай халықтың бломасын қайталанбас ерекшелігін,нақтылығын дербес қарастыра отырып,олардың бүкіл адамзат қауымдастығының құрамдас бөлігі екенін көрсетеді,соған сәйкес әлемдік тарих жүйесіндегі орнын айқындайды.Жалпы алғанда тарих өзгермелі өмірден адамның өзіндік орнын табу жолының кілті.Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан нақты мысал бола алады.Өйткені,қазақстандық қоғам жүздеген ұлыстардың,сан алуан діндер мен өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар мәдениеттердің тоғысқан қоғамы.Халық тарихы оқиғалар зердесі арқылы өзінің дүниетанымын,менталитетін қалыптастырады әрі өзінің қоғамда және ғаламдық деңгейдегі қауымдастықта алатын орнын айқындайды. Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бастау алатын,тарихи кезеңдер мен ғасырларды қамтитын өзіндік логикалық темірқазығы бар.Ол мемлекет құрушы қазақ ұлтының этногенезі мен Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ортақ тарихы.Қазақстан тарихын оқытудағы негізгі мақсат Отанымыздың тарихы,ол киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың,соның ішінде,әрқайсымыздың ата бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру,ал біздің өміріміздің мәні оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру. Адамзаттың қалыптасуы мен дамуының ежелгі кезеңдері туралы тарихи білім ертедегі адамдар қалдырған мәдени ескерткіштерді зерттеу негізінде қалыптасады.Мәдени ескерткіштерді адамдардың еңбек құралдары,тұрақтары,тасқа жазылған бейнелер,жерлеу әдістері құрайды.Ежелгі Қазақстан аумағындағы ежелгі тұрғындар туралы жазба деректер кейін пайда болды.Оларға парсы,грек,латын,араб,түрік және қытай тілдеріндегі деректер кіреді.Бұл жазба деректерінде осы жерде мекен еткен тайпалардың тұрмысы,шаруашылық өмірі,саяси оқиғалары,көршілермен қарым қатынасы,ұлттық қалыптасу үрдісі жайлы мәліметтер беріледі.Тарих білімінің негізін деректер құрайды.Тарихи деректер ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар,айғақтық деректер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]