Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гүлсара 4 сынып жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.33 Mб
Скачать

Мектебім аяулы мектебім

Есімде сүйетін мектебім,

Өзіңмен өткізген әр күнім.

Қалайша ұмытам ұстазды,

Алмайтын жыл бойы бір тыным.

Мектебім аяулы мектебім,

Сен менің бүгінім, ертеңім.

Беретін қаншама ұғымды,

Білемін әлі көп берерің.

Болама мектепте белсенді,

Көтеріп биікке еңсеңді.

Арыма сен менің ақылым,

Білім мен пәніммен тең келем.

Сабақ 32

Мақсаты: Балалардың музыкалық қабілетін дамыту. Жеңіл ырғақты ән айтып үйрету.

Міндеті: Қазақ музыка өнерінің ән мен күйін жеткізе білу.

Сабақ түрі: Дамытушылық

Сабақ барысы:

Бастауыш мектеп

Мектепке келіп ұстазды көріп,

Таныстық сан әріппен.

Алғашқы әріп ана деп жазып,

Бастадық бәрін сенен.

Мектеп мектеп, Мектеп мектеп,

Бастауыш мектеп. Бастауыш мектеп.

Білімнің негізісің, Білімнің теңізісін.

Сандарды қосып,

Санауды біліп.

Есептің сырын ұқтық,

Әндерді биді

Үйрендік сенен

Бақытты балалықты.

Сабақ 33

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру

Міндеті: Оқушыларға көркемдік білім беріп, музыка теориясы элементтерін игеру.

Сабақ түрі:

Сабақ барысы: Тестілеу сабағы

4 сыныпқа арналған тест сұрақтары:

1. Нүктелі нота дегеніміз не?

А) Бірнеше дыбыстардың бір-бірімен байланысы, орындалуы?

Б) Нотаның ұзақтығын бұрынғыдан жарты есе ұлғайуы

В) Музыка дыбысының сипатын көрсететін нақыл

2. Динаның күйін ата?

А) Балбырауын

Б) Кеңес

В) Той – бастар

Г) Ақ бұлақ

3. Келіншек кімнің күйі?

А) Құрманғазы

Б) Дина

В) Халық күйі

Г) Дәулеткерей

4. Түркімен күйі қандай?

А) Көңілді

Б) Жәй

В) Шапшаң

Г) Асықпай

5. «Әнші балапан» әннің композиторы?

А) Тілендиев

Б) М.Омаров

В) Ә.Бейсеуов

Г) Р.Рымбаева

6. Жоғарыдаға 2-3 пернедегі орналасқан нотаны ата?

А) «Фа»

Б) «Соль»

В) «Ми»

Г) «Ля»

7. Музыка неден тұрады?

А) Әннен

Б) Күйден

В) Музыка дыбыстардан тұрады

8. Музыкалық дыбыстардың таңбасы қалай аталады?

А) Музыкалық дыбыстың таңбасы нота

Б) Музыкалық дыбыстар

В) Әндер

9. Ноталар қалай жазылады?

А) Ноталар нота сызығына жазылады

Б) Ауызша

10. Нота сызығы нешеу?

А) 6

Б) 5

В) 8

11. Қазақ халқының 5 ,7 сандарды қасиетті деп саналады. 5 санына байланысты не білеміз?

12. F –форте нені білдіреді?

А) Қатты

Б) Қөңілді

В) Жәй

13. P – пиано нені білдіреді?

А) Қатты

Б) Жәй

В) Еркін

14. mf – меццо форте нені білдіреді?

А) Сәл қатты

Б) Еркін

В) Жәйменен

15. mp – меццо пиано нені білдіреді?

А) Өте жәй

Б) Өте қатты

В) Сәл қатты

16. Қандай күйлер білесің? Күйлерді ойнау

Түрікмен күйі

Тойбастар

Келіншек

Сабақ 34 Қорытынды концерт сабағы

Мақсаты: Оқушылардың оқу бағдарламасын дұрыс қабылдауы мен музыкалық шығармаларды мәнерлі, шебер орындауына жету.

Міндеті: Ұлттық аспапты тереңдетіп оқыту.

Сабақ барысы: Оқушыларды даралатып ойнату.

Баға қою.

Қорытындылау.

Ән айту шеберлігін қалыптастыру,

Күй тарту шеберлігін қалыптастыру.