Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

2.Мақсаты:

Білімді және дағдыларды бекіту:

  • дәріханада улы және күшті әсерлі заттарды сақтау және босату ережелері бойынша, рецептуралық бланктардың формалары бойынша

  • рецепттерді жазғанда қолданылатын салмақ пен көлемнің өлшем бірліктері туралы, дәрінің мөлшерін және концентрациясын есептеу бойынша

  • рецепттерді толтырудың жалпы принциптерін және рецепт жазбаларын құру, әр түрлі дәрілік формаларға рецепт жазу ережелері туралы

  • дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары бойынша

3.Оқытудың міндеттері:

  • әр түрлі дәрілік формаларды дайындау, сақтау және босатудың жалпы ережелері туралы ұғым қалыптастыру

  • дәрілік формаларды және дәріні қолдану әдістерін таңдаудың жалпы прициптері туралы ұғым қалыптастыру

  • дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Аталған қорытынды сабаққа қатысты тақырыптардың сұрақтарын қайталау (1 кестені қараңыз).

Қорытынды сабақтың тақырыптары

Кесте 1

Сабақтардың тақырыптары

Сабақтың түрі

1

Жалпы рецептура. Қатты дәрілік формалар. Жұмсақ дәрілік формалар. Сұйық дәрілік формалар. Инъекцияға арналған дәрілік формалар.

Тәжірибелік сабақ

2

Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы.

Тәжірибелік сабақ

5.Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 1988 ж. бойынша қорытынды сабақтың тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындау (1 Кестені қараңыз).

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: ОқулықАлматы. «Эверо». 2009.- 605 бет.

2.С.Б. Сламжанова «Жалпы рецептура» : - Алматы. «Эверо». 2009.- 112 бет.

Қосымша:

1.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД».2010- 486с.

2.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2008. -591 с.

3.Аляутдин Р.Н. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2009- 391с.

4.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 2007, т. 1 .

5.Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса./- М.: медицина, 2009, 528с.

6.Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2011.-1206 с.

6.1. Әдебиет жалпы рецептура бойынша:

1.Харкевич Д.А. «Общая рецептура», 1982ж.

2.П.Х. Попандопуло. «Общая рецептура», 1988ж.

3.Харкевич Д.А. «Фармакология», 2000ж. 597-637 беттер.

4.Харкевич Д.А. «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» М.: «Медицина», 1988.

7. Бақылау:

Түсініксіз сұрақтарды талдағаннан кейін қорытынды сабақтың тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жүргізіледі. Әр студентке жеке тапсырма беріледі - бір билет және тесттік бақылаудың бір варианты. Билетте әр түрлі дәрілік формаларға рецепт жазуға арналған 7 тапсырма және дәрінің мөлшерін не концентрациясын есептеуге арналған 3 есеп болады. Рецепттер жазуға арналған тапсырмалар сәйкес тақырыптар бойынша берілген тапсырмаларға ұқсас болады (БАҚЫЛАУ Білімнің бастапқы деңгейін, Білімнің қорытынды деңгейін қараңыз). Тесттік бақылау сұрақтары қорытынды сабақ тақырыптарының негізгі сұрақтарынан құралған (1 Кестеге сәйкес).

1.ТАҚЫРЫП №3.2.:«Афферентті жүйесіне әсер ететін заттар: тұтастырғыш, қаптағыш, сіндіргің, тітіркендіргіш заттар.»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]