Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау-дискуссия

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау 348-349 беттер, I-XV тапсырмалар.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: ОқулықАлматы. «Эверо». 2009.- 605 бет.

2.С.Б. Сламжанова «Жалпы рецептура» : - Алматы. «Эверо». 2009.- 112 бет.

Қосымша:

1.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД».2010- 486с.

2.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2008. -591 с.

3.Аляутдин Р.Н. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2009- 391с.

4.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 2007, т. 1 .

5.Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса./- М.: медицина, 2009, 528с.

6.Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2011.-1206 с.

7. Бақылау:

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте үш ситуациялық тапсырма берілген: 1 және 2 – қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепт жазу, 3 – дәрінің әсер ету механизмін не классификациясын сипаттау. Рецепттерде жазылатын препараттар сабақтың МАҚСАТЫ бөлімінде берілген препараттарға сәйкес болуы керек (Дағдыларды бекіту бөлімін қараңыз).

Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған тапсырмалар:

І. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

  1. Іріңді жараларды жуу үшін қолданылатын нитрофуран туындысы.

  2. Операциялық алаңды тазалау үшін қолданылатын йод ерітіндісі.

  3. Артық грануляцияларда қолданылатын ауыр металл тұздарының препараттары.

  4. Іріңді-септикалық үрдістерде қолданылатын бигуанидтер тобынан препарат.

  5. Сынап қосылыстарымен уланғанда қолданылатын антидот.

  6. Хирургтың қолын тазалау үшін қолданылатын антисептик.

II. СИПАТТАУ:

  1. Антисептиктердің ерекшеліктері.

  2. Ауыр металл тұздарының қабынуға қарсы әсерінің механизмі.

  3. Калий перманганатының микробтарға қарсы әсерінің механизмі.

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.

Қосымша 1

Препараттардың тізімі

№

Препараттың атауы

Жиі қолданылатын дәрілік формалар

Құрамында галоген бар қосылыстар

1

Хлорамин Б

2

Йодтың спиртті ерітіндісі

Тотықтырғыштар

1

Калий перманганаты

2

Сутегінің асқын тотығы

Қышқылдар мен сілтілер

1

Бор қышқылы

2

Аммиак ерітіндісі

Металл қосылыстары

1

Сынап дихлориді

2

Сынаптың сары тотығы

3

Күміс нитраты

4

Мырыш сульфаты

5

Мыс сульфаты

Фенол және оның туындылары

1

Таза фенол

2

Резорцин

Альдегидтер мен спирттер

1

формальдегид

Бояғыштар

1

Бриллиантты жасыл

2

Этакридин лактаты

Нитрофуран туындылары

1

Фурациллин

Бигуанидтер

1

Хлоргексидин

Ауыр металл тұздарымен уланғанда қолданылатын антидоттар

1

Унитиол

2

Натрий тиосульфаты

3

Тетацин-кальций

1. ТАҚЫРЫП 15.2.: «Бета-лактамды құрылымды антибиотиктер»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]