Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Мақсаты:

Үйрету:

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңдау

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу,дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білу және фармакологиядан өз бетімен білім алу дағдысын меңгеру бойынша

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білуі тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі;

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою.

Студент істей алуы тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың (метронидазол, фуразолидон, хлоридин, примахин, левамизол, пиперазин адипинаты, диэтилкарбамазин, празиквантель) әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу;

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу;

  • оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін анықтау және жою;

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін оқытылатын дәрілік заттар туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Безгекке қарсы заттар - примахин, хингамин, прогуанил (бигумаль), пириметамин (хлоридин), хлорохин, мефлохин. Безгекке қарсы заттардың химиялық құрамына байланысты жіктелуі. Гематошизотропты заттар. Гистошизотропты заттар. Препараттардың сипаттамасы. Емдеудің қағидалары, безгектің жеке және қоғамдық химиопрофилактикасы. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

  2. Амебаларға қарсы заттар (метронидазол, хиниофон, эметин гидрохлориді, хингамин). Жіктелуі. Ішек қуысында және ішек қабырғасында орналасқан амебаларға, амебалардың ішектен тыс түрлеріне препараттардың әсер ету ерекшеліктері.

  3. Метронидазолдың микробтарға қарсы қасиеттері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

  4. Лямблиозды емдеуде қолданылатын заттар (метронидазол, фуразолидон, аминохинол). Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

  5. Трихомонадозды емдеуде қолданылатын заттар (метронидазол, тинидазол). Трихомонадоздың химиотерапиясының қағидалары. Препараттардың фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

  6. Токсоплазмозды емдеуде қолданылатын заттар - пираметамин (хлоридин). Хлоридин мен аминохинолдың қасиеттері. Токсоплазмозды үйлесімді емдеуде сульфаниламидтердің қолданылуы. Жанама әсерлері.

  7. Лейшманиозды емдеуде қолданылатын заттар (натрий стибоглюконаты). Висцеральды және тері лейшманиозын емдеуде солюсурьминнің қолданылуы және фармакологиялық белсенділігі. Тері лейшманиозын емдеуде мономициннің қолданылуы. Жанама әсерлері.

  8. Гельминттерге қарсы заттар - мебендазол, пирантел, левамизол, пиперазин, ивермектин, празиквантель, никлосамид. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Қолданылуының негізгі қағидалары. Ішек нематодозын емдеуде қолданылатын заттардың фармакодинамикасы. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

  9. Ішек цестодозын емдеуде қолданылатын заттар. Қасиеттері, қолданылу ерекшеліктері, жанама әсерлері.

  10. Трематодозды емдеуде қолданылатын заттар (празиквантель).

  11. Ішектен тыс гельминтоздарды емдеуде қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасы.

  12. Қатерлі ісіктерге қарсы заттар. Циклофосфан, хлорбутин, миелосан, метотрексат, меркаптопурин, фторурацил, колхамин, винкристин, карминомицин, доксорубицин. Жіктелуі, әсер ету механизмі.

  13. Алкилдеуші заттардың антиметаболиттердің, антибиотиктердің, өсімдік текті заттардың, гормондарға қарсы препараттардың (тамоксифен, флутамид), әр түрлі синтетикалық заттардың (проспидин), ферменттердің (аспирагиназа), платина препараттарының (циспластин) қатерлі ісіктерге қарсы әсері спектрінің ерекшеліктері. Асқынулары және олардың алдын алу.

  14. Цитостатикалық заттардың иммунодепрессивті қасиеттері .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]