Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Мақсаты:

Үйрету:

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңдау

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу,дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білу және фармакологиядан өз бетімен білім алу дағдысын меңгеру бойынша

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білуі тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі;

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою.

Студент істей алуы тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың (кромолин натрий, кетотифен, преднизолон, дифенгидрамин (димедрол), адреналин, эуфиллин) әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу;

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу;

  • оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін анықтау және жою;

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін оқытылатын дәрілік заттар туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Арнайы және арнайы емес гипосенсибилизация туралы ұғым. Аллергияға қарсы заттардың жіктелуі. Жылдам типті гиперсезімталдылықта қолданылатын заттар - кромолин натрий, кетотифен, гидрокортизон, преднизолон, дифенгидрамин (димедрол), лоратадин (кларитин), тельфаст.

  2. Аллергиялық реакциялардың медиаторларының бөлінуіне тосқауыл болатын препараттар (кетотифен, кромолин-натрий, бета-адреномиметиктер, ксантиндер, глюкокортикоидтар), олардың салыстырмалы сипаттамасы.

  3. Аллергиялық реакциялар медиаторларының антагонисттері. Жіктелуі.

  4. Антигистаминді заттар. Н1-гистаминорецепторларға әсер ететін препараттар. Н1-гистаминоблокаторлардың салыстырмалы сипаттамасы. Анафилактикалық шокта қолданылатын заттар (адреномиметиктер, миотропты әсерлі бронхолитиктер, тіндердің зақымдануын азайтатын препараттар). Қолданылу ерекшеліктері. Баяу типті гиперсезімталдылықта қолданылатын заттар. Иммуногенезді тежейтін заттар. Тіндердің зақымдануын азайтатын препараттар (қабынуға қарсы заттар және т.б..). Препараттардың жалпы сипаттамасы. Жанама әсерлері.

  5. Антисеротониндік (ципрогептадин) және антибрадикининдік (пармидин және т.б.) заттар.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау-дискуссия

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау -337-340 беттер, I-XXII тапсырмалар

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша есептерді шешу -340-343 беттер, XI.2.1.-XI.2.7. есептер

  • фармакодинамикалық алгоритмдерді құру:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]