Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • дәрілік заттардың енгізу жолдарын тандау

  • дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ететін факторларды анықтау

  • эксперименттік фармакологиядағы қазіргі заманғы теориялық концепцияларды бағалау

  • алған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдану бойынша

Білімді бекіту:

  • дәрілік заттардың фармакокинетикасының жалпы заңдылықтары бойынша

Дағдыларды бекіту:

  • дәрілік формалар мен қолдану түрлерін таңдау

  • дәрілік заттардың енгізу жолдарын тандау

  • фармакокинетикалық параметрлерді бағалау бойынша: биотиімділік, қан плазмасы белоктарымен байланысу, таралу көлемі, жартылай шығарылу кезеңі, элиминация константасы

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін жергілікті анестетиктер туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу бойынша.

3. Оқытудың міндеттері:

  • дәрілік заттардың фармакокинетикасының жалпы заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Жалпы фармакологияның анықтамасы мен мақсаттары. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы, анықтамасы және мазмұны. Фармакокинетиканың негізгі параметрлері. Биотиімділік пен биоэквиваленттілік туралы ұғым.

2.Дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ететін факторлар.Фармакологиялық әсер дәрілік заттардың қасиетіне және олардың қолдану ерекшелігіне байланысты.Дәрілік заттардың химиялық құрылымы және физика-химиялық қасиеттерінің маңыздылығы. . Әсердің әсер етуші заттың дозасына (концентрациясына) тәуелділігі.

3. Мөлшердің түрлері: минимальды, орташа және жоғары терапиялық доза, бір реттік, соққыгер, курстық, улы, өлімге әкелетін дозалар. Орташа тиімді доза, терапиялық индекс және терапиялық әсердің кеңдігі туралы ұғым.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» (РЛЗФ) Д. А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау: 20-27 беттер, I-XXI тапсырмалар;

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» РЛЗФ Д. А. Харкевич

2005 ж. бойынша есептерді шешу: 26-28 беттер, 1.1-1.6.есептер;

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: ОқулықАлматы. «Эверо». 2009.- 605 бет.

2.С.Б. Сламжанова «Жалпы рецептура» : - Алматы. «Эверо». 2009.- 112 бет.

Қосымша:

1.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД».2010- 486с.

2.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2008. -591 с.

3.Аляутдин Р.Н. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2009- 391с.

4.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 2007, т. 1 .

5.Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса./- М.: медицина, 2009, 528с.

6.Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2011.-1206 с.

7. Бақылау:

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша дайындық деңгейін тексеру үшін сабақтың басында жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте дәрілік заттардың фармакокинетикасы бойынша сұрақтар (анықтауға және тізімдеуге) болады.

Білімнің қорытынды деңгейін бақылауға арналған сұрақтар

Дәрілік заттардың фармакокинетикасы.

1. Фармакокинетиканың негізгі параметрлерін атаңыз (1,2,3,4,5).

2.”Биотиімділік” терминін қалай түсінесіз?

3. “Биоэквиваленттілік” терминін қалай түсінесіз?

4.Дәрілік заттардың таралу көлемін қалай түсінесіз?Ол неге байланысты?

5.Дәрілік заттардың қан плазмасының белоктарымен байланысуы неге әсер етуі мүмкін?

6.Элиминация константасы деген не?

7.Жалпы клиренсті құрайтын компоненттерді атаңыз (1,2). Олардың әрқайсысы неден

құралуы мүмкін?

8.Дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсер ететін факторларды қандай топтарға

бөлуге болады (1,2) Түсіндіріңіз.

9.Мөлшердің түрлерін атаңыз (1-9).

10.Орташа тиімді мөлшер дегеніміз не?

11.Терапиялық индекс дегеніміз не?

12.Терапиялық әсердің кенділігі дегеніміз не?

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Сабақтың соңында тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша тест түрінде жүргізіледі.

1.ТАҚЫРЫП №2.2.: «Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы.»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]