Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

2. Мақсаты:

Үйрету:

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңдау

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу,дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білу және фармакологиядан өз бетімен білім алу дағдысын меңгеру бойынша

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білуі тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі;

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою.

Студент істей алуы тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың (преднизолон, дексаметазон, ибупрофен, индометацин, диклофенак-натрий, кеторолак, пеницилламин, кризанол) әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу;

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу;

  • оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін анықтау және жою;

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін оқытылатын дәрілік заттар туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Стероидты қабынуға қарсы заттар (гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон, флуметазон пивалаты). Препараттардың қабынуға қарсы әсерінің механизмі. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

  2. Стероидты емес қабынуға қарсы заттар (ацетилсалицил қышқылы, бутадион, ибупрофен, индометацин, пироксикам, диклофенак-натрий, напроксен, кеторолак). ЦОГ2 таңдамалы ингибиторлары – мелоксикам, целекоксиб.

  3. Қабануға қарсы әсердің механизмдері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

  4. Базисті қабынуға қарсы заттар (баяу әсерлі қабынуға қарсы заттар): хингамин, пеницилламин, кризанол. Анықтамасы. Жіктелуі. Әсерінің ерекшеліктері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау-дискуссия

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау 329-332 беттер I-XXI тапсырмалар

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша есептерді шешу 332-333 беттер XI.1.1.-XI.1.4. есептер

  • фармакодинамикалық алгоритмдерді құру:

Ацетилсалицил қышқылының қабынуға қарсы әсерінің механизмі

Кесте 1

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

Глюкокортикоидтердің қабынуға қарсы әсерінің механизмі

Кесте 2

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]