Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

7. Бақылау:

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте үш ситуациялық тапсырма берілген: 1 және 2 – қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепт жазу, 3 – дәрінің әсер ету механизмін не классификациясын сипаттау. Рецепттерде жазылатын препараттар сабақтың МАҚСАТЫ бөлімінде берілген препараттарға сәйкес болуы керек (Дағдыларды бекіту бөлімін қараңыз).

Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған тапсырмалар:

І. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

  1. Психостимуляторлық әсері бар үшциклді антидепрессант.

  2. Айқын психоседативті әсері бар үшциклді антидепрессант.

  3. Серотониннің нейрондық қоршауын таңдамалы тежейтін антидепрессант.

  4. Дәріге тәуелділікті шақырмайтын психостимулятор.

  5. Артериялық қысымды жоғарылатпайтын психостимулятор.

  6. Ноотропты зат.

II. СИПАТТАУ:

  1. Антидепрессанттардың жіктелуі.

  2. Психостимуляторлардың жіктелуі.

  3. Имипраминнің антидепрессивті әсерінің механизмі.

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.

Қосымша 1

Препараттардың тізімі

Препараттың атауы

Жиі қолданылатын дәрілік формалар

Антидепрессанттар

1

Имипрамин (имизин)

2

Амитриптиллин

3

Пирлиндол (пиразидол)

4

Флуоксетин

5

Моклебемид

6

Тразодон

Психостимуляторлар

1

Амфетамин (фенамин)

2

Кофеин

3

Мезокарб (сиднокарб)

Ноотроптар

1

Пирацетам

2

Аминолон (гамма-аминомай қышқылы)

3

Пантогам

4

Пиринтол (пиридитол)

1. ТАҚЫРЫП 11.1.: «Аралық бақылау №3»

2. Мақсаты:

Білімді және дағдыларды бекіту:

  • жүйке жүйесінің орталық бөліміне әсер ететін затардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары бойынша

  • жүйке жүйесінің орталық бөліміне әсер ететін заттардың фармакологиялық әсерінен болатын мүшелер мен жүйелердің қызметінің өзгерістерін болжау бойынша

  • жүйке жүйесінің орталық бөліміне әсер ететін заттардың жағымсыз әсерлерін анықтау, алдын алу, түзету және пайда болғанда жою бойынша

  • жүйке жүйесінің орталық бөліміне әсер ететін заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу бойынша

3. Оқытудың міндеттері:

  • әр түрлі ауруларда препараттарды тиімді таңдауды қамтамасыз ету үшін студенттерде дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]