Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OOFD RUB 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84 Кб
Скачать
☆

8) Медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы үшін:

  • медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасының меңгерушісінің жоғары фармацевтикалық немесе медициналық білімін және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

  • медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасының сақталуын және оларды сатуды қамтамасыз ететін қызметкерлердің фармацевтикалық білімін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

  • медициналық техниканың сапасының сақталуын және оларды сатуды қамтамасыз ететін қызметкерлердің фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

6. Басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, жеке тұлғаның ең-бек қызметін (заңды тұлға үшін – қызметкердің), заңды тұлғаның штаттық кестесін растайтын құжаттардың көшірмесі, фармацевтикалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үзіндісі;

7. Басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын қызметкерлердің және дәрілердің сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің мерзімдік аттестациядан өтуін растайтын құжаттардың көшірмелері.

8. Заңды тұлға құрмай фармацевтикалық қызметпен айналысқысы келетін жеке тұлғалардың фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек.

Дәріхана ұйымдарының түрлері

ҚР «Дәрілік заттар туралы» Заңына сәйкес дәріхана ұйымы дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуды, оларды дайындауды және босатуды жүзеге асырады.

Бөлшек сауда – бұл кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес сатып алушылардың жеке қолдануы, отбасы, үй жағдайында қолдануы үшін тауарларды сату және қызмет түрлерін көрсету.

Дәріхана ұйымдарына дәріханалар, дәріханалық пункттер, дәріханалық дүкендер, дәріханалық киоскілер жатады. Олар бір-бірінен аудандарының мөлшері, жұмыс көлемі, ассортименті және функциялары бойынша ерекшеленеді. Дәрілік заттарды аралап жүріп сатуға, яғни стационарлық сату орындарынан тыс, үйде, жұмыс және оқу орындарында, транспортта, көшеде және басқа жерлерде сатуға тиым салынады.

Дәріханалар жіктеледі:

  • тұрғындарға қызмет көрсететін; олар дәрілік заттардың белгілі бір ассортиментін сатуға маманданған болуы мүмкін (балалар дәріханасы, гомеопатиялық дәріханалар, жасыл дәріханалар) немесе қызмет профиліне байланысты болуы мүмкін (гинекология, онкология, эндокринология, психиатрия және т.б.);

  • емдеу алдын алу мекемелерінің дәріханалары (ауруханалық дәріханалар);

  • ауруханааралық дәріханалар – бірнеше емдеу алдын алу ұйымдарын және басқа да ұйымдарды жабдықтайды.

Өндірістік қызметінің сипаты бойынша дәріханалар келесідей бөлінеді:

  • өндірістік, дәрілік заттарды дәрігерлердің рецепті және ЕАҰ-ның талаптары бойынша дайындайтын және дайын дәрілік заттарды сатуды жүзеге асыратын;

  • дайын дәрілік қалыптар, дайын дәрілік заттарды тұрғындарға сатуды жүзеге асыратын.

Тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатымен түнгі уақыттарда кезекші дәріханалар ұйымдастырылады. Кезекші дәріханалар дәрілік заттарды (рецепт бойынша және рецептсіз), медициналық мақсаттағы бұйымдарды босатуды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда алғашқы жедел медициналық көмекті көрсетеді. Кезекші дәріхана аумақтың фармацевтикалық қызметті басқару органдары белгілеген Тізіміне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай дәріханаларда жұмыс уақыты көрсетілген және түнгі уақытта жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат көрсетілген тақтайша, дәріхана қызметкерлерін шақыруға арналған қоңырау немесе басқа да байланыс құралдары болуы керек. Кезекші дәріханада сыртқы сигнализация болуы керек. Кезекші дәріхананың жетекшілері кезекші қызметкерлерді қалыпты жұмыс жағдайымен қамтамасыз етулері керек, ол үшін Тізімге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауға арналған бөлмелер мен құрал-жабдықтар, сонымен бірге дәрігерге дейінгі көмекке арналған шкаф және персоналдардың түнгі уақыттағы ұйқысына арналған жабдықтар болуы керек. Түнгі кезекшілік кезінде қызметкерлердің ұйықтауға құқысы бар, ол дәріхананың ішкі еңбек тәртібінде көрсетілуі керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]