Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OOFD RUB 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.06 Кб
Скачать

Фамацевтикалық бақылау комитетінің ұйымдастыру құрылымы

Фармацевтикалық бақылау комитеті

Дәрілік заттардың айналымына бақылауды басқару

Дәрілік саясатты басқару

Облыс, Алматы, Астана қалалары бойынша фармация комитетінің аймақ-тық бөлімшелері

Дәрілік заттардың сапасын бақылау бөлімі

Дәрілік заттардың қолданылуын бақылау бөлімі

Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру бөлімі

Фармацевтикалық қызметке бақылау жасау бөлімі

«Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық

техниканың сараптамасының Ұлттық орталығы» РМК

«Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың сараптамасының Ұлттық орталығы» РМК (әрі қарай – Ұлттық орталық) дәрілік заттардың айналым сферасында мемлекеттік сараптау ұйымы болып табылады. Ол ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1081 қаулысымен құрылды.

Ұлттық орталықтың негізгі мақсаты денсаулық сақтау саласында қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Міндеттеріне сәйкес Ұлттық орталық келесі негізгі функцияларды орындайды:

  • дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу кезіндегі сараптық жұмыстарды жүргізу;

  • дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сәйкестігін растауды жүргізуді;

  • дәрілік заттардың айналым сферасындағы нормативті құқықтық актілерді жасау бойынша жұмыстарға, жарнама материалдарының сараптамасын жүргізу бойынша жұмыстарға қатысу;

  • ақпаратты-баспа қызметі бойынша жұмыстарға қатысу.

Ұлттық орталық вертикальды құрылым, оның құрамына республика региондарында орналасқан 12 аймақтық филиал кіреді. Аймақтық бөлімшелер, кәсіпорындарға сәйкестікті растау бойынша органдар және ҚР мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредитацияланған сынау зертханалары жатады.

ДӘРІС 3

ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БӨЛШЕК БУЫНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН

ҰЙЫМДАСТЫРУ

МАҚСАТЫ

Фармацевтикалық бөлшек сауда мекемелерінің жұмыс принциптерімен студенттерді таныстыру.

ЖОСПАРЫ

1. Дәріхана ұйымдары, оның жіктелуі және функциялары.

2. Халыққа қызмет көрсететін дәріхана ұйымдарының қызмет стандарты.

ҚР 13.01.04 ж. «Дәрілік заттар туралы» Заңына сәйкес дәріхана ұйымдарына дәрілік препараттарды дайындайтын және босататын, дәріхана ассортиментіндегі тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын кәсіпорындар жатады. Тауарқозғалысының логистикалық тізбегіндегі көтерме сауда буынынан бөлшек сауда буынының басты айырмашылығы тауарларды тікелей соңғы тұтынушыларға сату болып табылады.

Дәріхана ұйымдарының қызметінің басты мақсаты екі негізгі нәтижеге қол жеткізу болып табылады: маркетингтік (фармацевтикалық көмекті тұтынушылардың сұранысын барынша тиімді әдіспен қанағаттандыру) және экономикалық (қызмет рентабельділігін қолдау). Мақсатты жүзеге асыру бірқатар функцияларды орындаумен қамтамасыз етіледі, оны шартты түрде «тікелей» және «кері» жүріс әрекеттерімен беруге болады.

Соңғы тұтынушыға және ұйымды дамытуға бағытталған «тікелей жүріс» функцияларына жатады:

  • логистикалық – тауарлар қорын басқару (мөлшерін, жеткізу кезеңін, қабылдауды, сақтауды ұйымдастыруды анықтау);

  • өтімдік – тауарлар мен қызмет түрлерін сату;

  • өндірістік – ЕАҰ талаптары және рецепт бойынша экстемпоральды қалыптарды дайындау;

  • ақпараттық-кеңес беруші;

  • медициналық – қажет болған жағдайда алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсету;

  • аналитикалық – шаруашылық-қаржы қызметін талдау;

  • процесстерді басқару – стратегиялық менеджмент, оған ассортимент, баға, жылжыту тәсілдері, персоналдарды таңдау, үйрету және бөлу және т.б. саласындағы саясатты қалыптастыру кіреді ;

  • бақылау – дәріхана ұйымының жеке операциялық процедураларының сапасын бақылау (қызмет көрсету, сұранысты қанағаттандыру, тапсырыстарды орындау және т.б.).

«Кері жүрістің» функцияларына жатады:

  • коммуникативті – ұйымның сыртқы ортасының субъектілерімен өзара әрекетті қолдау (жабдықтаушылар, фармацевтикалық қызметті бақылау және қадағалау органдары, қоғамдық ұйымдар және т.б.);

  • жүктерді тасымалдау және экспедициялау (дәріхана ұйымының көлігі болған жағдайда);

  • ақпараттық және жарнамалық қызметтер.

Бөлшек дәріхана кәсіпорындарының формаларын сипаттау үшін олардың айырмашылық белгілерінің негізінде жіктеуді жүргізуге болады (1 кесте)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]