Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OOFD RUB 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84 Кб
Скачать
☆

Дәрілік заттарды бөлшек саудада сату ережесі

Дәріхана ұйымдарының басты міндеті халықты дәрілік заттармен (гомеопатиялық заттармен) және дәріхана ассортиментіндегі басқа да тауарлармен қамтамасыз ету болып табылады. ҚР-да медициналық мақсатта қолдануға рұқсат етілген және тіркелген дәрілік заттардың саны жыл сайын ұлғайып келеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын дәрілік заттарға типтік клиникалық-фармакологиялық баптары (қолдану бойынша инструкциясы) берілген дәрілік заттардың Мемлекеттік реестрін шығарады. Дәріхана ассортиментінде оригиналды препараттар да (алғаш рет синтезделген және зерттеудің толық циклын өткен дәрілік заттар, белгілі бір мерзімге патентпен қорғалған белсенді ингредиенттер) және дженериктер де (патенттелген аналогын өзара ауыстыратын және нарыққа патентпен қорғалған оригиналдың мерзімі біткеннен кейін шығарылған қайта өндірілген дәрілік заттар) болады. «Оригиналды дәрілік препарат» түсінігін көбінесе «дәрілік препарат – брэнд» ұғымымен теңестіреді.

«Оригиналды дәрілік препарат» түсінігімен дәрілік препараттың «оригиналды (саудалық) аты» түсінігін шатастыруға болмайды. «Оригиналды (саудалық) аты» - бұл дәрілік заттың атауын сауда маркасын немесе осы атауға (белсенді затқа емес) патентті иеленетін компанияның пайдалану құқын қорғау мақсатымен тіркелген, патенттелген атауы. Мысалы, «аспирин» атауымен ацетилсалицил қышқылын шығаруға тек «Байер» фирмасының құқы бар. Егер сауда атауы (сауда маркалары) соңғы өнімді білдіретін болса, ал белсенді фармацевтикалық субстанцияларды белгілеу үшін халықаралық патенттелмеген атауы қолданылады (МНН - ХПА).

МНН-ХПА сауда (фирмалық) атауымен сатылатын оригиналды және де дженерик препараттардың бумасында көрсетілуі керек.

Дәріхана ұйымдары арқылы сатылатын тауарлардың тізімі:

  • дәрілік заттар:

  • медициналық мақсаттағы бұйымдар (жекелеп айтқанда, науқастарды күту бұйымдары, медициналық техника бұйымдары, оның ішінде, профилактикалық мақсаттағы, диагностикалық заттар, емдік-профилактикалық киімдер, шұлық бұйымдары, бандаждар, балаларды күтуге арналған бұйымдар, алғашқы дәрігерлік көмек қобдишалары және т.б.);

  • дезинфекциялайтын заттар;

  • жеке гигиена заттары (тері, шаш күтіміне арналған заттар, хош иісті майлар және т.б.);

  • оптика (дайын көзілдіріктер, көзілдіріктердің күтіміне арналған заттар және т.б.);

  • минералды сулар (натуралды және жасанды);

  • емдік, балаларға арналған және диеталық тағамдар (биологиялық белсенді заттар);

  • косметикалық және парфюмериялық өнімдер.

Бұл тауарлардың бір бөлігі парафармацевтикалық өнімдер деп аталады. Бұл дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға қосымша болатын, аурулардың профилактикасына, емдеуге, адамның жалпы жағдайын жеңілдетуге, дене күтіміне арналған дәріхананың қосымша ассортиментіндегі тауарлар. Оларға жататындар: косметикалық тауарлар, санитарлық-гиги­еналық заттар, науқастарды күту бұйымдары, шырындар, мине­ралды сулар, диеталық және балаларға арналған тағамдар, көзілдірік оптикасы, ақпаратты-ағарту әдебиеті.

Дәрілік заттарды бөлшек саудада сату ерекшеліктері:

  • дәріхана қызметкері сатып алушыға дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату ережесі туралы ақпарат беруі керек;

  • дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұймыдар сауда залына жіберілмес бұрын сату алдындағы дайындықтан өтуі керек, яғни тауарды ашады, сұрыптайды және қарайды; тауардың сапасын (сыртық белгілері бойынша) және тауар, оны дайындаушы завод (жабдықтаушы) туралы қажетті ақпараттардың болуын тексереді;

  • дәрілік заттарды сату (мөлшерленген дәрілік заттарды, ауруларды емдеуге және профилактикасына арналған және қолдануға дайын дәрілік заттарды) ҚР «Дәрілік заттар туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі, оны барлық дәріхана ұйымдары өз қызметінде жетекшілікке алуы керек.

Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды ғана бөлшек саудада сатуға рұқсат етілген.

Дәрігерлердің рецепті бойынша босатылатын дәрілік заттар тек дәріханалар мен дәріхана-лық пункттер арқылы босатылуы керек. Дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттарды дәріхана дүкендері және дәріханалық киоскілер арқылы сатуға болады.

Дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 5 жылда бір рет қарастырады және бекітеді. Тізімге толықтыруларды жыл сайын жариялап отырады.

Дәріхана ұйымдары дәрілік заттарды тек қолдануға дайын күйінде және дәрігерлік тағайындауларды орындауға қажетті мөлшерлерде сатуға міндетті.

Дәріхана ұйымдары медициналық көмекті көрсетуге қажетті дәрілік заттардың белгіленген минимальды ассортиментімен қамтамасыз етуге міндетті.

Қазіргі кезде ҚР Денсаулық сақта уминистрлігінің 11.02.04 ж. № 20 «дәрілік заттарды, медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада сату Ережелерін бекіту туралы» бұйрығы қолданысқа енгізілген, онда дәріхана ассортиментіндегі тауарарды сату ерекшеліктері көрсетілген.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ

Қор бөлімі. Қор бөлімі өз алдына жеке ірі дәріханаларда ұйымдастырылады. Басқа дәріханаларда фармацевтикалық тауралардың қорлары рецептік-өндірістік және қор бөлімінде немесе тікелей дәріхана меңгерушісінің қарамағында болады.

Штаты. Фармацевт – қор бөлімінің меңгерушісі дәріхана меңегрушісінің орынбасары болуы мүмкін, оның орынбасары (фармацевт). Фармацевт-технологтар (дефектарлар).

Қор бөлімінің қызметкерлерінің міндеттері. Бөлімнің меңегрушісі мен оның орынбасары дәріханада тауарлық бағалы заттардың барлық ассортиментінің болуын қамтамасыз етеді, ол үшін келесі жұмыстарды орындайды:

1) қоймаға (фирмаға) тапсырыс-талапты құрастыру;

2) қоймадан тауарларды қабылдауды және дәріхананың әртүрлі бөлімдеріне және емдеу ұйымдарына босатуды жүзеге асырады;

3) заттық-сандық есептегі дәрілік заттарды қабылдауды, есебін жүргізуді, сақтауды және босатуды жүргізеді.

Фармацевт-технолог:

1. Лабораторлық жұмыстарды (концентрлі ерітінділерді, жартылай фабрикаттарды дайындау), дәріханаішілік дайындауларды, қаттау жұмыстарын (қаттаушыларға жетекшілік) жүзеге асырады.

2. Нормативті құжаттарға сәйкес дәрі-дәрмектердің дұрыс сақталуын қадағалайды.

3. Штангластардың дұорыс толтырылуына және ресімделуіне бақылау жасайды.

Қаттаушылар:

1. Тауарларды қабылдауды, қаттауды және сақтау орындарына орналастыруды жүргізеді.

2. Санитарлық жағдайын қадағалайды.

Қор бөлімінің жабдықталуы. Тізімге сәйкес кіші механизация ұүралдары мен құрал-жабдықтар. Келі ұстағыштар, механикалық келілер, кофелік диірмендер және ұнтаұтағыштар, майдалауға және араластыруға арналған дәріханалық әмбебап Лопатин аппараттары, ұнтақтарға арналған дозаторлар ДП-2, ТК-2 мөлшерлегіш аппарат, сұйықтарды тікелей сүзуге арналған аппарат (АФРП), карусель типті сүзгі (АФРК), балауызды, шариктерді, таяқшаларды құюға арналған формалар және т.б..

Қор бөлімінің құжаттары:

1. Өтініш-тапсырыс.

2. Талап-тапсырыс.

3. Шот-фактураларды тіркеу: а) түскен тауарларды тіркеу кітабы; б) улы, есірткі дәрілік заттарды және этил спиртін есепке алу кітабы; в) дефектураны және жаңадан түскен тауарларды есепке алу журналы; г) сақтау мерзімі 1 жылға дейінгі дәрі-дәрмектерді есепке алу журналы.

Өндірістік операциялар. Дәріханаішілік дайындау – жиі кездесетін жазбалар бойынша дәрілік қалыптарды алдын ала дайындау. Дәріханаішілік қаттау – сатып алушыларға босатуға ыңғайлы көлемде (мөлшерде) дәрілік заттарды мөлшерлеу.

Лабораторлық және қаттау жұмыстарының есебі:

1. Лабораторлық жұмыстарды есепке алу журналы.

2. Қаттауды есепке алу кітабы.

3. Концентраттар мен жартылай фабрикаттарды есепке алу кітабы.

Бөлімдегі тауарлардың қозғалысы туралы есеп беру. Біріншілік құжаттар: 1) Накладной (медициналық тауарларды дәріхана бөлімдеріне босату); 2) Майда көтерме босату және сатып алушылармен (ауруханалар, балалар бақшалары және т.б.) есеп айырысуды есеапке алу кітабы.

Қор бөлімінде дәріхананың тауарлық-материалдық заттарының қоры сақталады. Бөлімде тауарлық-материалды заттарды қабылдауға, оларды сақтауға және денсаулық сақтау мекемелері

мен майда сауда желілеріне босатуға арналған сәйкес бөлмелері болуы керек. Қор бөліміне келесі бөлмелер жатады:

  • ашу-қаттау;

  • сақтау (препараттарды, дайын дәрілік заттарды, термолабильді заттарды, минералды суларды, тараларды, ыдыстарды, көмекші материалдарды, дәрілік өсімдік шикізаттарын, таңу заттарын);

  • емдеу алдын алу ұйымдарына қызмет көрсетуге арналған (тапсырыстарды қабылдауға және ресімдеуге арналған, экспедициялық).

Кейбір дәріханаларда қор бөлімінде лабораторлық (бюреткалы қондырғыларға арналған концентраттарды, жартылай фабрикаттарды дайындау, дәріханаішілік дайындауларды) және қаттау жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін арнайы бөлмелер бөлінеді, олар қажетті технологиялық жабдықтармен, сонымен бірге өндірістік процестерді механизациялау құралдарымен жабдықталады.

Дәрілік заттар материалды шкафтар мен сейфтерде, ал медициналық бұйымдар шкафтар мен сөрелерде сақталады.

Сақтаудың негізгі принциптеріне сәйкес, дайын күйіндегі медикаменттер және дәрілік зат-тар, келесілерді ескере отырып бөлек орналастырылады: 1) топтары бойынша улылығын; 2) қолдану тәсілін (ішке және сыртқа); 3) физикалық-химиялық қасиеттерін; 4) жарамдылық мерзімі шектелген дәрілер үшін белгіленген сақтау мерзімдерін.

Көрсетілген негізгі приницптерден басқа, дәрілік заттарды сақтау оларды орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып та жүргізіледі. Бұл жағдайда жүйелеу фармакологиялық топтары, агрегаттық күйі (сұйық, себілгіш, газтәрізді және т.б. бөлек), дәрілік қалып сипаты бойынша жүргізіледі.

Улы және есірткі дәрілік заттардың сақталуына ерекше көңіл бөлінуі керек. А тізіміне жататын улы заттар, дәрілік қалып түріне қарамастан (өте улыларынан басқасы) арнайы бөлінген металл шкафтарда құлыпталған күйде бөлек сақталады. Есірткі дәрілік заттар тек сейфте сақталады. Өте улы заттар: мышьякты ангидрид, кристалды натрий арсенаты, стрихнин нитраты, сынап дихлориді (сулема), сынап оксицианиді – оларды сейфтің құлыпқа жабылатын ішкі бөлігінде сақтайды.

Улы және есірткі дәрілік заттар сақталатын материалды бөлмелердің терезелерінде металл торлар болуы, ал есіктері темірмен қапталуы керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін есік құлыпталады және мөрленеді. Есірткі дәрілік заттар сақталатын материалды бөлмелер мен сейфтерде күзет жарық-дыбысты дабылы (сигнализация) болуы керек.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау ҚР ДСМ 10.05.99 № 238 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]