Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OOFD RUB 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.06 Кб
Скачать

2) Дәрілік заттарды дайындауға құқы бар дәріханалар үшін:

  • дәріхананың және оның өндірістік бөлімдерінің меңгерушілерінде, сондай-ақ дәрілік заттардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық білімнің және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

  • тікелей дәрілік заттарды дайындауды, талаптарды қабылдауды және дайындалған дәрілік затарды боастуды жүзеге асыратын қызметкерлер үшін жоғары немесе орта фармацевтикалық білімін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Ауылдық аудан орталықтарында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық маман болмаған жағдайда дәріхананы және оның өндірістік бөлімдерін басқаруға мамандығы бойынша орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган аттестаттаған маманға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дәріханаларында халыққа қызмет көрсету аймағының орнына талаптарды қабылдауға және дайындалған дәрілік заттарды құрылымдық бөлімшелерге бөлуге арналған қабылдау-экспедициялық үй-жайдың болуы талап етіледі.

3) Дәріханалар үшін:

  • дәріхананың немесе оның бөлімдерінің меңгерушілерінде мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жоғары фармацевтикалық білімін растайтын құжаттардың нотариалдық куәланыдырылған көшірмелері. Мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі және дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган аттестаттаған жағдайда орта фармацевтикалық білім рұқсат етіледі;

  • дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатуды жүзге асыратын мамандарда жоғары фармацевтикалық білімін растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

  • дәріхананың жанаспалы линзаларды және көздің көруін түзейтін линзаларды сатуды жүзеге асыруы үшін сауда залында жанаспалы және көздің көруін түзейтін линзаларды, медицина-лық мақсаттағы бұйымдарды сатуға арналған жеке сөренің болуы қосымша талап етіледі;

4) алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін мем-лекеттік денсаулық сақтау ұйымдары және дәріханалық пункттер үшін – дәріхана пунктінің меңгерушісінде және дәрілік заттар мен медициналық мақасттағы бұйымдарды сатуды жүзеге асыратын қызметкерлерде фармацевтикалық білімін растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

5) медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені үшін: медициналық мақсаттағы бұйымдар сапасының сақталуын және оларды сатуды қамтамасыз ететін қызмет-керлердің фармацевтикалық білімін растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерінің;

медициналық техника сапасының сақталуын және оларды сатуды қамтамасыз ететін қызметкерлердің фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімін растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

6) оптика дүкені үшін – оптика дүкені меңгерушісінде және жанаспалы және көздің көруін тү-зейтін линзалар сапасының сақталуын және оларды сатуды қамтамасыз ететін қызметкерлердің фармацевтикалық немесе медициналық білімін растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

7) дәріхана қоймасы үшін:

  • дәріхана қоймасының меңгерушісінің және дәрілік заттардың және оларға теңестірілген медициналық техникадан басқа, медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын қамтамасыз ететін қызметкерлердің жоғары фармацевтикалық білімін, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

  • дәріхана қоймасының бөлімдерінің меңгерушілерінің, дәрілік заттарды және оларға теңесті-рілген медициналық техникадан басқа, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацев-тикалық білімін растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]