Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OOFD RUB 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.06 Кб
Скачать

Дәрілік заттарды сату тәртібі

Тұрғындарға дәрілік заттарды босату дәрігердің белгіленген тәртіпте жазылған және рәсімделген рецепті бойынша және рецептсіз жүргізіледі.

Дәрілік заттарды сатуға тиым салынады:

  • дәріханадан, дәріханалық пункттен, дәріханалық киоскіден, медициналық техника және медициналық мақсаттағы дүкендерден тыс жерде;

  • ҚР мемлекеттік тіркеуден өтпеген;

  • сапасы ҚР сәйкестік сертификатымен расталмаған;

  • жарамдылық мерзімі өткен, бақылау нәтижесінде жарамсыз деп табылған және басқа да ҚР заңдылығымен сәйкес емес деп табылған.

Амбулаторлық науқастарға этил спиртін таза күйінде «Компресс салуға арналған» немесе «Теріні өңдеуге арналған» деген жазулары бар рецепт бойынша, ал созылмалы аурумен ауыратын науқастарға «Арнайы тағайындау бойынша» деген жазуы бар, емдеу ұйымының «Рецептер үшін» деен мөрімен бекітілген рецепті бойынша босатылады.

ДӘРІС 6

ТАҚЫРЫП: ҚОР БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

МАҚСАТЫ:

Студенттерді қор бөлімінің жұмысын ұйымдастырумен және әртүрлі топтағы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау ережесімен таныстыру.

ЖОСПАРЫ

  1. «Тауарларды сақтау» түсінігіне анықтама.

  2. Дәрілік заттар мен басқа да тауарларды сақтауға арналған бөлмелерге қойылатын талаптар.

  3. Есірткі заттарды, психотропты және улы дәрілік заттарды, прекурсорларды сақтау ережесі.

  4. Өртке қауіпті, жарылғыш және жеңіл тұтанатын заттарды сақтау.

Фармацевтикалық ұйымдарда тауарларды сақтау

Тауарларды сақтау дайын өнімді шағарғаннан бастап тұтынуға және жоюға дейінгі тауарқозғалысының барлық этаптарында жүргізіледі.

Тауарларды сақтау – бұл тауарларды қойма бөлмелерінде орналастыру процесі, оладың сапасын және санын қамтамасыз ету мақсатымен оларға күтім жасау.

Сақтаудың негізгі міндеті тауарлар дың бастапқы қасиеттерінің тұрақтылығын немесе олардың аз ғана өзгеруін қамтамасыз ету болып табылады.

Тауарларды сақтауды ұйымдастырудың негізгі шарттары: сәйкес бөлмелердің болуы; қажетті сақтау режимін түзу; сақтау кезінде тауарларды орналастыруды ұйымдастыру.

Дәрілік заттар мен басқа да тауарларды сақтауға арналған

бөлмелерге қойылатын талаптар

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың түгелдігін және жоғары сапасын қамтамасыз ету, олармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, сонымен бірге әртүрлі ұйымдарда тауарларды сақтауға қойылатын талаптарды унификациялау мақсатымен Қазақтан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арнайы регламенттерді шығарады. Қазіргі кездегі қолданыстағылары:

Дәріхана ұйымдарында әртүрлі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық (ҚР ДСМ 10.05.99 ж. №238 бұйрығымен енгізілген).

ДЗ мен ММБ сақтауға арналған бөлмелер құрылымы, құрамы, ауданының мөлшері және жабдықталуы бойынша дәріханалық қоймалар мен дәріханаларды лицензиялау талаптарына және қолданыстағы нормативті техникалық құжаттардың талаптарына сай болуы керек. Сақтау бөлмелерінің құрылымы, эксплуатациясы және құрал-жабдықтары ДЗ мен ММБ түгелдігін қамтамасыз етуі керек. Ол үшін сақтау бөлмелері күзет және өртке қарсы құралдармен жабдықталады.

Қойма бөлмелері мен материалды бөлмелерде фармацевтикалық тауарлардың қасиетіне байланысты болатын белгілі бір сақтау жағдайлары сақталуы тиіс. Сақтау жағдайларының негзгі параметрлеріне (ауа температурасы мен ылғалдылығы) бақылау жасау үшін әрбір бөлмеде термометр және гигрометр (немесе психрометр) болуы керек.

Ауа температурасы мен ылғалдылығы рұқсат етілетін қалыпты нормадан ауытқып тұратын климатикалық аймақтарда сақтау бөлмелері кондиционерлермен жабдықталады.

Есірткі заттарды сақтауға арналған бөлмелерді техниалық жағынан және күзет-өртке қарсы құралдармен жабдықтауға қойылатын типтік талаптар ҚР ДСМ 07.04.05 ж. № 173 бұйрығымен бекітілген. Бұл құжатта есірткі дәрілік заттары бар бөлмелердіқорғау үшін күзет және өртке қарсы сигнализация жүйелерін құру принциптері және жүргізілетін негізгі шаралары анықталған.

Есірткі заттар, психотропты және улы заттар сейфте сақталлуы керек. Техникалық бекітілген бөлмелерде есірткі заттарды металл шкафтарда сақтауға болады. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін олар мөрленеді және мөрленеді. Сейфтің кілттері, мөр және пломбы матпериалды жауапты адамда сақталады.

Өртке қауіпті, жарылғыш және тез тұтанатын заттарды

сақтауға арналған бөлмелер

Жарылғыш қаупі бар заттарға калий перманганаты және күміс нитраты, ал жарылғыш заттарға нитроглицерин жатады. Тез тұтанатын заттар – бұл этил спирті және спиртті ерітінділер мен тұнбалар, эфир және эфирлі ерітінділер мен сығындылар, скипидар, сүт қышқылы, хлорэтил, коллодий, клеол, Новиков сұйықтығы, органикалық майлар, рентоген пленка лары жатады. Жеңіл жанатын заттарға таңу материалдары (мақта, дәке және т.б.), үкірт, глицерин, өсімдік майлары, дәрілік өсімдік шикізаттары жатады.

Өртке қауіпті заттар, жарлығыш қоспа түзуге бейім заттар, сонымен бірге ауамен, сумен, жанғыш заттармен әрекеттескенде немесе күн сәулесінің әсерінен өздігінен жануға бейім заттар жоғары температура мен механиалық әсерлерден қорғалған жағдайда бөлек сақталуы тиіс.

Жарылғыш және тез тұтанатын заттар бөлек бөлмелерде сақталады (құрғақ, тура түсетін күн сәулесінен, жауан-шашыннан қорғалған бірінші қабатта орналасқан,темірбетон аралығы және темір есігі бар бөлмелерде).

Қоймалар мен жүкті түсіру алаңдарының едендері қатты әрі біртегіс болуы керек. Бөлмелердің едендері цементтелген, бөлме есігінен ішке қарай сәл құлдиланған болу керек. Еденді тегістеу үшін тақтай немесе темірді қолдануға болмайды.

Өртке қауіпті және жарылғыш ДЗ сақтауға арналған қойма бөлмелері сәйкесінше белгілі бір жүкке есептелген жанбайтын тұрақты сөрелермен және поддондармен жабдықталады.

Дәріханаларда өртке қауіпті және жарылғыш заттарды сақтау үшін жеке бөлмелер болады. Есігі 0,7 м-ден және биіктігі 1,2-ден кем болмайтын есігі бар жанбайтын шкафтарда 10 кг-ға дейін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға болады.

Электр желісі, жарықтандыратн арматура және электр жабдықтары өрт қауіпсіздігін сақтай отырып орындалады. Газ балондары вертикальды күйде сақталады, оттегі жастықшалары баллондардың жанында ілінген күйінде сақталады.

ЛЕКЦИЯ 7

ТАҚЫРЫП: РЕЦЕПТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ДӘРІЛЕРДІ БОСАТУ БОЙЫНША

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ. РЕЦЕПТЕРДІҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ

САРАПТАМАСЫ

МАҚСАТЫ:

Студенттерді рецептерді қабылдау тәртібімен, рецептерге фармацевтикалық сараптаманы жүргізумен және рецептуралық дәрілік заттарды босату тәртібімен таныстыру

ЖОСПАРЫ:

  1. «Рецепт» түсінігінің анықтамасы және оның белгілері.

  2. Рецептердің фармацевтикалық сараптамасы.

  3. Рецептуралық дәрілік заттарды босату.

Рецепт – дәрігердің (фельдшердің, акушердің) фармацевтке дәрілік затты дайындау және босату туралы жазбаша өтініші.

Рецептің келесі сипаттағы бірнеше белгілері бар:

  • медициналық – дәріні дайындау және беру туралы дәрігердің өтініші бар;

  • заңды – дәрілік зат дұрыс емес тағайындалған, дайындалған немесе босатылған жағдайда дәрігер немесе провизор заңды жауапкершілікте болады;

  • қаржылық – дәрінің құнын міндетті түрде науқас немесе дәрілік затқа жеңілдікпен рецепт жазылған емдеу ұйымы төлейді;

  • есептік – рецептуралық препараттардың сатылу фактын растайды, соның ішінде заттық-сандық есепке жататын, акциздік тауарлардың, мысалы, жеке дайындалған этил спиртінің.

Рецептің фармацевтикалық сараптамасы – дәріханаға түскен рецептердің рецептерді жазу ережесі және рецепт бойынша дәрілерді босату тәртібі бойынша регламентке сәйкестігін бағалау. Рецептке фармацевтикалық сараптаманы жүргізу технологиясын регламенттейтін негізгі құжат ҚР ДСМ 2008 жылғы 21 мамырдағы №289 «Рецептерді жазу ережесін және құрамында есірткі, психотропты заттары және прекурсорлары бар дәрілік заттардан басқа дәрілік заттарды босату тәртібін бекіту туралы» бұйрығы.

Рецептерге фармацевтикалық сараптаманы жүргізу процедурасы келесі негізгі этаптардан тұрады: рецепті жазған адамның құқығын анықтау, рецептуралық бланк формасының және ондағы негізгі және қосымша реквизиттердің рецепті жазудың белгілеген реквизиттеріне сәйкестігін, сонымен бірге рецептің белгіленген тәртіпте дәріхана ұйымынан дәрілік затты босату тәртібіне сәйкестігін анықтау (1 кесте).

Дәрілік заттарға рецепт жазуға келесі медициналық қызметкерлердің құқы бар:

  • дәрігердің;

  • фельдшерлік-акушерлік пункттердің фельдшерлерінің және науқастарға өз алдына жеке қабылдау жүргізетін тіс дәрігерлерінің; жедел медициналық көмек бригадаларының фельдшерлерінің; дәрігерлік персоналдармен жинақталмаған босандыру үйлерінің акушерлерінің. Тіс дәрігерлері мен акушеркалар тек өз қызмет профильдері бойынша дәрілік препараттарды тағайындауға құқықтары бар.

Дәрілік заттарды негізсіз тағайындағаны және препараттың мөлшерін дұрыс тағайындамағаны үшін дәрігер, тіс дәрігері, фельдшер, акушерка ҚР заңдылығында қарастырылған тәртіптік, әкімшілік және басқа да жауапкершілікте болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]