Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OOFD RUB 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.06 Кб
Скачать

1 Кесте. Дәріхана ассортиментіндегі тауарларды сататын бөлшек кәсіпорындардың жіктелуі

Жіктелу белгісі

Бөлшек сауда кәсіпорындарының түрлері

Меншік формасы

Жеке

Мемлекеттік

Коммерциялық ұйымдар қызметінің ұйымдастыру-құқықтық формасы

Шаруашылық қоғамдар (акционерлік, қосымша жауапкершілігі бар және шектелген жауапкершіліктегі)

Шаруашылық серіктестіктер (толық және коммандитті)

Унитарлы кәсіпорындар (мемлекеттік)

Ұйымдастыру типі

Дәріхана

Дәріханалық пункт

Дәріханалық дүкен

Қызмет көрсету контингенті

Дәріханалық

Ауруханалық

Ауруханааралық

Тауарлық ассортимент сипаты

Бірегей

Арнайы

Профильді

Орналасуы

Қалалық және ауылдық

Іскерлік, сауда орталықтарында, тұрғын үй аудандарында және т.б. орналасқан.

Өндірістік функциясының болуы

Өндірістік

Өндірістік емес

Жұмыс режимі

Кәдімгі режим

Кезекшілік

Тәулік бойы

Кооперация дәрежесі

Дәріхана желілері

Ассоциациялар

Халыққа қызмет көрсететін дәріхана ұйымдарының қызмет стандарты

Дәріхана ұйымдары өз қызметтерін фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға белгіленген тәртіпте берілген лицензияның негізінде жүргізеді.

Халыққа қызмет көрсететін дәріханаларға қойылатын негізгі талаптар салалық стандартта, санитарлық ережелер мен нормаларда (25.03.02 ж.), ҚР ДСМ-нің 10.05.99 ж. № 238, 22.05.08ж. № 289 бұйрықтарында берілген, олар төмендегілерге талаптар қояды:

  • әртүрлі ұйымдастыру типіндегі дәріханалық кәсіпорындардың бөлмелерінің құрамына және мөлшеріне;

  • жұмыс орындарының құралдарына және жабдықталуына;

  • дәрілік препараттарды қабылдауды ұйымдастыруға және оларды сақтауға;

  • дәрілік препараттарды босатуға (сатуға);

  • есепке алу және есеп беру тәртібіне;

  • персоналға;

  • қызмет сапасын қамтамасыз етуге.

Фармацевтикалық нарықтың бөлшек сауда буынындағы функциялары спектрі ең көбі халыққа қызмет көрсететін дәріхана, ол жеке бөлек тұрған ғимаратта және де ғимраттың құрылымында орналасуы мүмкін. Дәріхана ұйымының маңдайшасында ұйымның түрі - «Дәріхана»; ұйымдастыру-құқықтық формасы және меншік формасы; ұйымның фирмалық аты; орналасқан жері; жұмыс режимі, мекен-жайы және телефоны көрсетілген тақтайша ілінуі керек.

Сауда залының танысуға ыңғайлы жерінде фармацевтикалық қызметке және қызметтің басқа түрлеріне берілген лицензияның көшірмесі, ұсыныстар кітабы, сонымен бірге төмендегілер туралы ақпараттар орналасуы керек:

  • денсаулық сақтауды және фармацевтикалық қызметті басқару органдарының телефондары және мекен-жайы;

  • ҚР қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес тегін, кезектен тыс және жеңілдікпен қызмет алуға құқы бар тұрғындардың топтары;

  • жұмыс орындарының құралдары және жабдықталуы;

  • ҰОС мүгедектерін және оларға жеңілдіктері бойынша теңестірілген тұрғындар категорияларын дәрілік қамтамасыз етуге жауапты тұлға (дәрілерді жеңілдікпен босататын дәріханалар үшін);

  • ақпараттық фармацевтикалық қызмет жұмысының режимі және телефон нөмірлері;

  • дәріханада (дәріханалық пунктте) дайындалған дәрілік препараттардың сақталу мерзімі;

  • тұрғындарға тікелей қызмет көрсететін қызметкерлер (кестелер, бейдждер және т.б. аты-жөніне және қызметін көрсете отырып);

  • сатылатын тауарлардың бағалары;

  • дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімі.

Дәріхана ұйымындағы процестің сапасын қамтамасыз ету үшін дәріханада сапаны басқару жүйесі қалыптасу керек, оған ішкі еңбек тәртібінің ережесін, ішкі тексерулерді жүйелі жүргізу, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін үнемі жоғарылату бойынша ережелерді жасау және т.б. кіреді.

ДӘРІС 4

ТАҚЫРЫП: ДӘРІХАНА ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ

МАҚСАТЫ

Дәріхана ұйымдарының жұмыс принциптерімен студенттерді таныстыру.

ЖОСПАРЫ

1. Дәрілік заттардың айналым сферасындағы лицензиялау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]