Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OOFD RUB 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.06 Кб
Скачать

ТАҚЫРЫП: АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №1

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Тұрғындарға фармацевтикалық және медициналық көмекті ұйымдастырудың нормативті-құқықтық қамтамасыз етілуіне қатысты бағдарлама материалдарын студенттердің игеруін тексеру.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Сұрақтар варианты бойынша жазбаша бақылау.

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Дәріс конспектісі.

2. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

3. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

Қосымша:

1. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

Вариант 1

1. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғаудың негізгі принциптері.

2. Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық бақылау Комитетінің құқы.

3. Дәрілік заттарды сатуға тиым салу тәртібі.

4. Лицензияның реестрінде қандай мәліметтер болатынын көрсетіңдер.

5. Лицензияның күшін тоқтату (себептері).

Вариант 2

1. Азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының құзырына жататын мәселелер.

2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау бөлімінің міндеттері.

3. Дәріхана ассортиментіндегі тауарларды бөлшек саудада босататын кәсіпорындар: дәріхана; дәріханалық пункт; дәріханалық дүкен.

4. Лицензияны алуға қажетті құжаттардың тізімі.

5. «Сәйкестік декларациясы» және «Сәйкестікті ерікті растау» түсініктеріне анықтама беріңдер.

Вариант 3

1. Фармацевтикалық қызмет түрлері және олардың сипаттамасы.

2. Ақпаратты-аналитикалық маркетингтік орталықтың міндеттері.

3. Дәріхананың, дәріханалық пункттің, медициналық техника дүкенінің қызметін регламенттейтін нормативті құжаттардың тізімі.

4. Дәріханалық қойманың фармацевтикалық қызметіне қойылатын квалификациялық талаптар.

5. «Өнімнің, қызмет түрлерінің және процестердің қауіпсіздігі» түсінігіне анықтама беріңдер.

Вариант 4

1. Мамандығы бойынша 5 жылдан аса жұмыс істемеген фармацевтер практикалық қызметке қандай жағдайларда жіберіледі.

2. Тұрғындарды медициналық және фармацевтикалық көмекпен қамтамасыз ететін басқару органдарын атаңдар.

3. Дәріхананың бөлмелеріне және құрал-жабдықтарына қойлыатын талаптар.

4. Лицензия өз күшін тоқтататын жағдайларды атаңдар.

5. «Аудит» түсінігіне анықтама беріңдер.

Вариант 5

1. Фармацевтикалық көмек жүйесінің айырмашылық белгілері.

2. Дәрілік заттардың айналым сферасындағы ведомостваларға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жүктейтін функцияларды көрсетіңдер.

3. Тұрғындарға қызмет көрсететін дәріханаларға қойылатын негізгі талаптарды көрсетіңдер.

4. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың құзыры (компетенциясы).

5. Лицензияны қайта ресімдеудің себептерін көрсетіңдер.

Вариант 6

1. Фармацевтикалық нарық ортасының формальды емес институттары.

2. Фармацевтикалық орталық, оның функциялары.

3. Дәріхана ұйымының персоналдарының жеке гигиенасына және тұрмыс жағдайларына қойылатын талаптар.

4. Фармацевтикалық қызметтің лицензияланатын түрлері.

5. Санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы органдардан қорытындыны алу тәртібі.

Вариант 7

1. Құрамында есірткі заттары, психотропты заттары және прекурсорлары бар дәрілік заттарды тағайындау қандай құжаттарда тіркеледі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық бақылау Комитеті туралы жалпы қағидалары.

3. Бөлмелерді жинауға, дәріхана құрал-жабдықтарының күтіміне қойылатын талаптар.

4. Лицензиялау принциптері.

5. Дәріханалық ұйымдарға жатады …

Вариант 8

1. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғаудың негізгі приницптері.

2. Дәрілік заттардың, медициналық техниканың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сараптамасының Ұлттық орталығының сәйкестікті растау бөлімінің міндеттері.

3. Дәріхана ұйымдарындағы фармацевтикалық қызметтерді көрсетіңдер.

4. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құрылымы.

5. Өндірістік қызмет сипаты бойынша дәріханалардың жіктелуі.

Вариант 9

1. Фармацевтикалық қызмет концепциясын реформалау көздері.

2. Ақпаратты-аналитикалық маркетингтік орталық.

3. Дәріхана ұйымының функциялары.

4. «Аккредитация», «Аккредитация аттестаты» түсініктеріне анықтама беріңдер.

5. Тұрғындарға қызмет көрсететін дәріхананың жіктелуі.

Вариант 10

1. Фармацевтикалық ұйымдардың өзара әрекетінің нарықтық механизмдері.

2. Фармацевтикалық бақылау Комитетінің дәрілік заттардың айналымына бақылау жасау жөніндегі Басқармасының міндеті және функциялары.

3. Пациенттерге берілетін ақпарат.

4. «Мемлекеттік стандарт», «Ұлттық стандарт» түсініктеріне анықтама беріңдер.

5. Дәрілік заттарды бөлшек саудада сату ережесі.

Вариант 11

1. Фармацевтикалық қызмет объектілерін (субъектілерін) көрсетіңдер.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық салаға қатысты функциялары.

3. Дәріханаларда дәрілік заттарды сақтауды ұйымдастырудың жалпы принциптері.

4. «Денсаулықты қорғау» түсінігіне анықтама беріңдер.

5. Халыққа қызмет көрсететін дәріхананың негізгі міндеті.

Вариант 12

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін ұйымдастыру тәртібі.

2. Фармакопеялық орталық, оның функциялары.

3. Сатылатын дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ететін ескерту шаралары.

4. «Өнімдердің, қызмет түрлерінің идентификациясы» түсінігіне анықтама беріңдер.

5. Дәріхананың негізгі функциялары.

ТАҚЫРЫП: ТҰРҒЫНДАРҒА ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ-

Дың негізгі принциптері

МАҚСАТЫ

Тұрғындарға фармацевтикалық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптерімен студенттерді таныстыру.

ЖОСПАРЫ

1. Фармацевтикалық көмек концепциясы.

2. Фармацевтикалық көмектің негізгі компоненттері.

3. Фармацевтикалық көмекті көрсету кепілінің заңды-құқықтық негіздері.

Фармацевтикалық көмек концепциясы

Фармацевтикалық көмек концепциясын қалыптастыру көздері өте ертеден бастау алады және ол Египеттің фармаки (аудармасы-«айығуды немесе қауіпсіздікті сыйлайтын») және гректің фармакон (аудармасы –«дәрі») деген сөздерінен құралған.

«Фармацевтикалық көмек» түсінігін (ағылш.-pharmaceutical care) алғаш рет шетелдерде ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында ауруханалар мен клиникалардағы фармацевтердің қызметінің мазмұнын сипаттау үшін қолдана бастады.

Фармацевтикалық көмек жүйесінің айырмашылық белгілеріне келесілер жатты:

  • дәрігер – фармацевтикалық қызметкер – пациент тізбегіндегі қарым-қатынастың жаңа типі «терапевтикалық өзара қарым-қатынас»;

  • жоғары фармацевтикалық білімі бар маманның емдік процесті басқаруына қатысуы, атап айтқанда: қажетті дәрілік препаратты таңдауды негіздеу, пациенттерге кеңес беру және үйрету, дәрілік терапия нәтижелеріне мониторинг жасау және бағалау;

  • оптимальды экономикалық шығын жұмсай отырып клиникалық нәтижелерге қол жеткізу;

  • дәрілік препараттарды бөлу жүйесін жетілдіру (сапаны толық басқару, әлеуметтік фармация және т.б.);

  • дәрілік препараттар туралы халыққа арналған ақпаратты оптимизациялау (тұтынушыларға арналған ақпараттағы, этикеткадағы олардың формасын және мазмұнын жетілдіру).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша фармацевтикалық көмек деп көп деңгейлі денсаулық сақтау жүйесінің бірінші буыны ретінде дәріханада пациентпен және қоғаммен қарым-қатынас жасау тәжірибесінің философиясын түсінеді. Осы қарым-қатынастың принциптері 1996 жылы Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ассамблеясында бекітілген тиісті дәріханалық практика концепциясының негізіне алынған.

Фармацевтикалық көмектің мазмұны көп жағдайда құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және сыртқы ортаның басқа да шарттарымен анықталады. Фармацевтикалық көмектің сапасын бағалау үшін қолданылатын негізгі критерилерге дәріхана ассортиментіндегі тауарларды қолданудан болатын тиімділік (тиімділік, қауіпсіздік, өмір сүру көрсеткіштерін жақсарту және т.б.); фармацевтикалық сала мамандарының біліктілік деңгейі; өз уақытында болуы; тауарлар ассортиментінің болуы және бағасы бойынша жетімділігі жатады.

Фармацевтикалық көмекті көрсетудің заңдылық-құқықтық негізін құрайтын республикалық институттар

Фармацевтикалық көмекті көрсету кезіндегі фармацевтикалық нарық субъектілерінің өзара әрекеті белгілі бір институционалды шеңберде (схема) өтеді.

Институттар – бұл шектеулер түрінде берілген ереже, оны адамдар экономиканың альтернативті мүмкіндіктерінің жиынтығын анықтай отырып өзара қарым-қатынас жасау үшін қабылдайды. Институттар қалыптасу сипатына қарай біртекті емес, сондықтан оларды шартты түрде 2 үлкен топқа бөлуге болады: формальды және формальды емес.

Формальды ережелерді құру иерархиясы ерекшелендіреді. Иерархиялық сатының жоғарғысын өзгерістерге сирек ұшырайтын және төмендегілерге ережені анықтау үшін альтернативаны анықтайтын маңызды ережелер алады. Мұндай маңызды ереже ретінде ҚР Конституциясы алынады.

ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы, бірақ ол құқықтық акт қан емес, сонымен бірге біздің қоғамымыз үшін әділдіктің негізгі танымдық бағдары болып табылады. Біздің елімізде алғаш рет халықтың денсаулығын қорғаудың құқықтық нормалары жасалған

Азаматтардың денсаулығын қорғау – бұл әрбір адамның физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, оның белсенді өмірінің ұзақтығын қолдауға, денсаулығын жоғалтқан жағдайда медициналық көмекті көрсетуге бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, медициналық, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы сипаттағы іс-шаралардың жиынтығы.

ҚР Конституциясына сәйкес, халықаралық құқықтық жалпы танылған ережелері және нормаларымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғаудың негізгі приницптері анықталған:

  • денсаулық сақтау саласындағы адам және азаматтың құқын қорғау және соған байланысты мемлекеттік кепіл құқықтарымен қамтамасыз ету;

  • профилактикалық шаралардың приоритеті;

  • медициналық-әлеуметтік көмектің жетімділігі;

  • денсаулығын жоғалтқан жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы;

  • денсаулығын қорғау саласындағы азаматтардың құқын қамтамасыз етудегі мемлекеттік билік және басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер миен ұйымдардың (меншік формасына қарамастан) жауапкершілігі.

ТАҚЫРЫП: ҚР ТҰРҒЫНДАРЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ

КӨМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН БАСҚАРУ

ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

МАҚСАТЫ

Тұрғындарды медициналық және фармацевтикалық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастырумен студенттерді таныстыру.

ЖОСПАРЫ

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, оның міндеті және функциялары.

  2. Фармацевтикалық бақылау комитеті, оның функциялары.

  3. Дәрілік заттар сараптамасының Ұлттық орталығы.

1999 жылғы БДҰ (ВОЗ) «Дәрілерді тиімді регламенттеу. Мемлекет не істеуі мүмкін?» деген құжатында, дәрілер табиғатының ерекше болуы оларға, халық тұтынатын тауарларды сату ыңғайынан ерекшеленетін арнайы ыңғайдың болуын талап ететіні атап көрсетілген. Дәрілік заттардың өндірісін, импортын, экспортын, сақтауын, бөлуін, сатуын және олармен қамтамасыз етуін регламенттеуге мемлекеттік құрылымдар жауапты болуы керек.

Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын заңдылық билік органдары, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықтайды. ҚР ДСМ-нің құрылымына кіреді:

  • тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасына бақылау жасайтын медициналық көмек Комитеті;

  • санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бойынша Ұлттық орталық;

  • Фармацевтикалық бақылау комитеті.

Фармацевтикалық қызметті республикалық деңгейде басқаруды ҚР ДСМ Фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізеді, ал облыстық, қалалық (Алматы, Астана қалалары) деңгейде – Денсаулық сақтау депаратаменті (фармацевтикаплық бақылау бөлімдері) жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]