Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Раб программа матем 2014 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
205.31 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика және психология факультеті

Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасы

«Бекітемін»

Педагогика және психология

факультетінің деканы

____________ С.Н.Жиенбаева

«_23_» ____06__2014ж.

Міндетті компонент пәнінің

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(оқытушылар үшін)

Пән атауы Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

Пән коды MShBMOA 3216 (4 жылдық, күндізгі)

MShBMOA 2216 (2 жылдық, сырттай)

MShBMOA 3216 (3 жылдық, күндізгі)

MShBMOA 5216 (5 жылдық сырттай)

Мамандық, шифры: 5В010500-Дефектология

Кредит саны: 3

Алматы, 2014

Міндетті компоненттің жұмыс оқу бағдарламасы пәнінің типтік оқу бағдарламасы және мамандықтың жұмыс оқу жаспары негізінде құрастырылған.

Жұмыс оқу бағдарламасын құрастырушы:

Абаева Г.А., п.ғ.к., доцент

Магистр, оқытушы ___Қосылған Э.Қ.__

Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының мәжілісінде бекітілген.

Хаттама №_9_ « 23 » 05 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі Абаева Ғ.Ә., п.ғ.к., доцент_______________

Педагогика және психология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланған және мақұлданған.

Хаттама №_____ « » 2014 ж.

Факультет ОӘК төрайымы_____________________Сайдахметова Л.Т

Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқытудың әдістемесі» курсы болашақ арнайы педагогтарды кәсіби даярлауда басты орындардың біріне ие. Бұл жалпы және арнайы педагогиканың жалғасы болып табылады, яғни мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірлік іс – әрекетінде арнайы білім саласында қолданылатын қазіргі педагогикалық білімді нақтылайтын пән. Бұл пәнді оқыту мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқытудағы арнайы білім берудің тәжірибесі мен теориясындағы негізгі сұрақтарды білуге мүмкіндік береді.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі» пәнінің негізгі мақсаты – әртүрлі білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға математика пәнінен сабақ беруге дайярлау болып табылады.

Пәннің негізгі міндеттері:

  1. Әр түрлі білім беру жағдайында математика пәнін оқытудың мақсат, міндеттері, әдістерін ашып көрсету.

  2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқыту формалары, әдістері, құралдары, тәсілдері мен ұйымдастырудың өзгешелігіне сипаттама беру.

  3. Әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу дағдаларын қалыптастыру.

  4. Математика пәні бойынша календарлық жоспар құру, сабақтарды талдау және құрастыру, көрнекі-дидактикалық материалдарды жасау дағдыларын қалыптастыру.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі» пәнді меңгерудің нәтижесі студенттер білу керек:

  1. Курстың мазмұны мен міндеттері;

  2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған математика пәні бойынша бағдарламаның құрылу ерекшеліктері және математиканы оқытуды ұйымдастырудың өзгешілігі.

  3. Инклюзивті білім беру жүйесінде математиканы оқытудың әдістемесі мен амалдарын қолдану спецификасы.

  4. Арнайы мектепте математиканы оқытудың әдістемесі мен амалдарын қолдану өзгешелігі.

Біліктіліктері мен дағдылары қалыптасу қажет:

  1. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдап конспект жасай білу.

  2. Математика сабақтың жоспарын құрастырып және талдау жасай отырып, оны академиялық ойын шарттарында жүргізе алу.

  3. Мұғалімнің күнтізбелік жоспарын, бақылау және өзіңдік жұмыстарын, көрнекілі- дидактикалық оқу құралдарын дайындап және талдап, құрастыру.

Курсты меңгерген кезде игерілетін құзыреттіліктер:

C1 - Мамандық бойынша ғылыми білім жүйесін түсіну қабілеті; олардың кәсіби білім мәтініндегі рөлін ұғыну; білімнің негізі мен қағидаларын оны ары қарай дамыту үрддісін ажырата білу.

D10 – Интеллектісі зақымдалған балалардың дамуының жеке дамыту бағдарламаларын жүргізуге және ұйымдастыруға қабілетті болу.

D13 – Түзете – дамытушылық іс – әрекетті және әдістемелік қамтамасыздандыруды жүргізуге және ұйымдастыруға қабілетті болу.

D16 – әртүрлі білім беру жағдайында ( инклюзивті мектеп, үйден оқыту, қашықтықтан оқыту және т.б) мүмкіндігі шектеулі балаларды түзетушілік, психологиялық – педагогикалық жетекшілік етуді жүзеге асыру.

D17 - Арнайы мектептің бастауыш сыныптарында, сонымен қатар инклюзивті білім беру жағдайында «Математика» сабағын жүргізуге қабілетті болу.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі» пәні студенттердің кәсіби және педагогикалық практикасын болжайды.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі» курстын пререквезиттері

Пәннің аты және бөлімдері

1

Арнайы педагогика: «Дидактика» бөлімі

2

Арнайы психология

Бөлім «Дамуында ауытқуы бар әртүрлі категориядағы балаларының танымдық үрдісінің ерекшеліктері»

3

Математика негіздері: сандарды санау, арифметикалық амалдарды орындау, метрлік өлшеу жүйесі, сандарды нөмерлеу, қарапайым және ондық бөлшектер, геометриалық материалдар және т.б.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі» курсы келесі пәндермен байланысты: «Қол еңбекті үйретуді оқытудың арнайы әдістемесі», «Тіл дамыту», «Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау».