Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать
    1. 3.3. Нәрестелердің күтімі.

Нәрестені алғашқы тазалау босану бөлімінде жүргізіледі, бұл үшін ол жерде :

  • Таза жекелеген жаялықтар жиынтығы (көрпеше, 3 боз немесе қағаз жаялық)

  • Нәрестенің алғашқы өңдеуі үшін, қажетті таза жеке жиынтық бар.

Кіндікті байлау және өңдеу туылған соң 10 секундтан соң жүргізіледі. Кіндікке 2 таза Кохер қысқышы салынады: біріншісі кіндік сақинасынан 10 см қашықтықта, ал екіншісі біріншісінен 2 см қашықтыққа салынады. Содан соң екі қысқыш арасындағы кеңістік 5% спиртті йод ертіндісімен немесе 96 % этил спиртімен өңделіп кеседі. Анасынан ажыратылған нәрестені таза жайалыққа орап, құндақтау стөліне ауыстырып ,15° -қа иілген қалыпта жатқызады (Тренделенбург бойынша). Қалған кіндік қалдығын спиртті кейін таза құрғақ марлі таңғышымен сүртіп, акушерканың үлкен және сұқ саусақтары арасында сығып, кіндік сақинасынан 0,2-0,3 см қашықтықта пластиктен немесе металлдан жасалған Роговин қысқышын іледі. Резусы теріс анадан туылған нәрестелерге Роговин қысқышының орнына 2-3 см қалдық кіндікке сиса лигатурасымен байлайды, себебеі бұл нәрестелерге қан алмастырып құю қажет болу мүмкін.

Скобадан 1,5 см қашықтықта кіндікті зарасыз қайшымен қияды. Кескен жерді 5% йодтың спиртті ертіндісімен немесе 5% калий перманганат ертіндісімен өңдейді, соңынан зарасыз марлі таңғышымен жабады(Чистякова таңғышы).

Антропометрияны алғашқы тазалауынан соң жүргізеді. Нәрестені алдын ала 3% перекись ертіндісімен немесе 1% хлоромин, хлоргексидин ертінділерімен өңделген астаулы медициналық таразыда өлшейді.

Бойды түзетілген аяқ қалпында, шүйдеден табан томпаюларына дейінгі аралықты өлшейді. Бас өлшемін қасүсті доғасы мен кіші еңбектен өтетеін сызықпен өлшейді. Кеуде өлшемін емшек ұшы мен қолтық асты үңірею арқылы өтетін сызық бойынша өлшейді. Дені сау нәрестелерде бас өлшемі кеуде өлшемінен 2-4 см артық болады.

Нәрестені туылған соң (алғашқы туалет аяқталған соң) алғашқы 30 мин. емшекке салады. Босану бөлмесінен бөлімшеге ауыстыру босанған соң 1 сағ. кешіктірмейді.

Нәрестелерді күту принциптері (БДҰ):негізгі қадамдары

2-5 қадамдары туылған соң алғашқы минөтта біруақытта жасалады.

  1. Босануға бөлме дайындау

  2. Нәрестені анасының ішінде немесе төсінде сүртіп кептіру

  3. Нәресте жағдайын бағалау

  4. Классификациялау, шаралар қолдану, нәрестенің

алғашқы жандандыруына дайын болу

  1. Нәрестені анасына «теріге тері » жанасуына беріп, үстерін көрпешемен жауып, нәресте басына жылы бас киім кигізу

  2. Қажет болса тыныс жолдарын тазалау

  3. Кіндікті байлап/кесу

  4. Емшекпен емізуді бастау

  5. Алдын-алу шараларын жүргізу (мысалы : көздерді өңдеу)

  6. Ана мен баланы оңаша қалдырмау

  7. Нәрестені өлшеп, киіндіру

  8. Ана мен баланың тәулік бойы ажырамай бірге болуы

Барлық қадамдардың басты мақсаты нәрестеге туылған соң бейімделудің қалыпты өтуін қамтамасыз ету. Осы ережелерді сақтамау нәрестенің бейімделуін бұзып, кері мәселелер дкамуына әкеледі.

Нәресте күтімінде қатаң түрде қол жуу ережелерін және басқа әмбебаб сақтану шараларын ұстану қажет.

Әмбебаб сақтану шаралары. БДҰ мәліметтері бойынша неонаталды өлімнің 38% -инфекция болып саналады. Медперсоналмен әмбебаб сақтану шаралары ұсталмаса нәресте инфицирлену мүмкін. Әмбебаб сақтану шаралары пациент пен медперсоналды инфекциядан сақтайды. Олар вирусты гепатит пен ВИЧ –ті жұқтыру қауіпін төмендетеді. Қол жуу- бұл ең оңай және тиімді инфекциядан қорғау шарасы . қолды сабынды сумен жуып , сүрту қажет. Бірреттік қағаз орамалдарын қолдану инфекция таралуын алдын-алуда үлкен рол атқарады. Егер медперсонал биологиялық сұйықтықтармен жанасса перчатка кию қажет (қан, қағанақ суы және т.б.) . Қалдықтарды қауіпсіз жою – әр медициналық мекемеде инфекционды қадағалаудың маңызды құрылымы. (WHO, Geneva, 2006) .

  • Әмбебаб сақтану шаралары

  • қол жуу ережелерін ұстаныңыз

  • Әмбебаб сақтану шараларын қолданыңыз:

  • Перчаткалар қолданыңыз :зарасызданған немесе жақсы дезинфекцияланған; таза

  • Өздеріңізді биологиялық сұйықтықпен жанасудан қорғаңыз (қан, қағанақ суы және)

  • Пластикті/ суөткізбейтін алжапқыш және бахил киіңіз

  • Көздеріңізге қорғаушы киіңіз

  • Биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда перчатка кию қажет (плацента/қан, инструментарий, ішкиім)

  • Қалдықтарды қауіпсіз жою ережелерін ұстаныңыз (плацента, қан, шыны сынықтары )

  • Зарасыз (таза) инструменттерді қолданыңыз

2006 БДҰ

Әр қадамды сипаттауға өтеміз.