Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

Алдын-алу

Туа біткен токсоплозмозды алдын- алуда, белсенді түрде осы жүктілік кезінде ауырған әйелдерді табу жүргізілуде, оларға қайталап иммунологиялық зеріттеу жасалып, ұрыққа инфекция өтпеу үшін, этиотропты ем жүргізіледі.

Егер бірінші тексеріс кезінде серологиялық реакция теріс болса, онда әйел токсоплазмозбен инфицирленбеген. Қайталап тексергенде ТЕИФ және ИФА-де теріс болған реакция, оңға ауысса, онда әйел токсоплазмозбен инфицирленген. Егер жүкті әйелдің қанынды ТЕИФ пен ИФА зеріттеуінде, арнайы ІgМ немесе ІgО антидене титрінің өсуі болса, онда ол токсоплазмозбен біріншілік инфицирлену туралы айтады, бұл әйелдерді клиникалық көрінісі болмаса да , ұрыққа жұқтыруды алдын-алу үшін міндетті түрде емдейді. Емдеуді бірінішілік инфицирлену жайлы иммунологиялық сараптама келеген соң жедел түрде жүргізеді , бірақ 12 аптадан бұрын емес.

Туа біткен токсоплазмоздың перспективті алдын -алу шарасына, жүкті әйелдердін өздерін инфицирленуден қорғау болып саналады:үй жануарлармен жанасудан бас тарту, әсіресе мысықтармен, жермен жұмыс істеген соң қолдарын жақсылап жуу, жеміс-жидектерді жақсылап жуу, себебі ол жерде инфицирленген мысық тастаған ооциттер болу мүмкін, піспеген фаштың дәмін татпау.

Балаларды токсоплазмозбен жұқтыруды алдын-алу үшін, бала мен оның ата-анасыны арасын.да, токсоплазмоздың жұқтыру жолдарының көзі туралы әңгәме жүргізіп отыру керек.

Токсоплазмозға тексерілуге көрсетілімдер

І. Жүре пайда болған токсоплзмозға күдік тудырады:

  1. мойын,шүйде лимфаадениттері

  2. қызбамен , белгісіз себеппен пайда болған бөріткендермен өткен жедел жағдай

  3. созылмалы субфибрилитет

  4. жеделдеу немесе созылмалы энцефалит, арахноидит

  5. хориоретинит, увеит

ІІ. Туа біткен токсоплзмозға күдік тудырады:

  1. нәрестелердің сарғаюы

  2. нәрестелердің гепатоспленомегалиясы

  3. тырыспалар, гидро-немесе микроцефалия

  4. микрофтальм, хориоретинит

  5. бас миының кальцификаттары, қаңқа ішілік гипертензия көрінісі

  6. көз зақымдалу симптомымен жүрген олигофрения

  7. эпилептиформды синдром

Мысал ретінде ауру тарихынан выписка көрсетеміз

К, атты бала ҚБА-на 16 күндік жасында түсті.

Анамнезінен: нәресте 2 жүктілік, 2 босанудан. Жүктілік жағымды өтіп жатты, 21 аптада- ЖРИ. Мерзімінде босанған.Туған кезінде Апгар бойынша 4-6 балл. Дене салмағы – 3800г.

Перзентханада қарағанда нәрестеде көптеген дисэмбриогенез стигмалары болған, айқын пероралды цианоз, гидроцефалды синдром. Омырауға 2-ші тәулікте салынып, емшекті белсенді емеді.

3 тәулікте физиологиялық сарғаю болған. Кіндік қалдығы 3 тәулікте түскен. 6 күні емізу үстінде тұншығу болған, цианоз бен мазасыздық ұстамалыр тәулігіне 5-6 ретке дейін қайталанған.

Анасы-30 жаста, әкесі-32 жаста. Тұқым қуалау аурулары жоқ.

Обьективті:

Нәресте жағдайы орташа дәрежелі, дене қызуы қалыпты, босаңқы, айқайы әлсіз, айқай кезінде бет цианозы байқалады, әсіресе мұрын-ерін ұшбұрышының.

Нәрестелік кезеңнің рефлекстері төмен. Аяқ-қол бұлшықеттерінің тонусы төмендеген.

Дисэмбриогенез стигмалары:

-бас көлемі дене бітіміне қарағанда үлкейген (бас өлшемі-39)

-ми қаңқасы , бет қаңқасынан үлкен, маңдаййы түсіңкі

-көздері кіріңкі, кең мұрындық, ертоқымтәрізді мұрың, құлақ қалқандарының төмен орналасуы

-үлкен еңбегінің көлемі үлкен 5*5см, шығыңқы пулсирлейді, кіші еңбегі ашық 0,5*0,5см, сагиталды тігіс бойынша қаңқа сүйектерінің ажырауы

-іш қуысының бұлшықеттері ажыраған, кіндік сақинасының құрлымы дұрыс емес

-таңдайы «готикалық»

- қол- аяғындағы саусақтардың қысқалығы

-аяғындағы саусақтарының арасында сандаль тәрізді қуыстың болуы

-екі жақты крипторхизм

Дене терісі бозғылт түсті, денесі мен аяқ-қолдарында көптеген везикуло-папулезді бөрітпелер, сонымен бірге аллергиялық бөрітпелер де бар.

Беті цианозды реңкімен, пероралды цианоз. Екі көзінде де іріңді коньюктивит(коньюктивасы гиперемирленген, көп мөлшерде іріңді бөлініс).

Тері амты шел майы орташа дамыған, біркелкі. Тәбеті сақталған. Диспепсиялық бұзылыстар жоқ.

Бас қаңқасынан басқа сүйек деформациясы жоқ.

Лимфа түйіндері сипап-сезілмейді.

МҰРЫН ҚУЫСЫНДА ҚАБЫРШЫҚТАР БОЛҒАНДЫҚТАН, ТЫНЫСЫ ТАРЫЛҒАН. ТАЖ-52 минутына. өкпенің төменгі шекарасы қалыпты. өкпе үстінде перкуссияда- анық өкпелік дыбыс. Аускультацияда- пуэрильді тыныс.

Жүрек маңы алаңы өзгеріссіз. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекарасы, іркелкі кеңейген.

Жүрек үндері анық емес, ритмді, 4 қабырғаарлықта дөрекі систололық шу естіледі, систоланың 2/3 алады, тахикардияға бейім. ЖСЖ-160 минутына, қанағаттанырлық толуымен және кедергісімен. Гемодинамика бұзылысы жоқ.

Іші жұмсақ, сипап –сезуге қолайлы. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Көкбауыры ұлғаймаған. Зәр шығаруы қалыпты. Нәжісі тәулігіне 4 ретке дейін, өзеріссіз.

Менингаиалды көрінісі жоқ.

Анамнезіне, обьективті көрінісінің мағұлматтарына- гидроцефальды синдром, тері жамылғысындағы везикуло-пустулезді бөрітпелер,көптеген дисэмбриогенез стигмалары, жүрек жағынан өзгерістерге- қарап, ұрықтың құрсақішілік листериоз немесе токсоплазмозбен инфицирленуі туралы күдік туды. Жүректегі физикалды өзгерістерге қарап , оның шекарасының кеңеюіне, мазасыздық пен цианоз ұстамаларына қарап, оны гипоксиядан кейінгі функционалды кардиопатиядан және органикалық зақымдалу, әсіресе – туа біткен жүрек ақауынан ажырату керек болды.

Ажыратпалы диагноз мақсатында қосымша зеріттеулер жүргізілді:

Эритроциттер – 5*10/12/л

Гемоглобин – 162 г/л

Түсті көрсеткіш – 0,99

Лейкоциттер – 17,4 * 10/9/л, эозинофилдер – 2%, таяқшалар –2%,Сегменттер – 41%, Лимфоциттер – 46%, Моноциттер – 9%, СОЭ – 2 мм/сағ

Клиникалық зәр сараптамасы- өзгеріссіз

Копрограмма-теріс

Ішек тобына бак.сынама-теріс

Қанды зарасыздыққа тексеру-теріс

Көздің бактериологиялық сынамасы-St.epidermidis; жұтқыншақ шырышынан- патологиялық микрофлора табылмады.

ЭКГ – оң қарыншаның гипертрофиясы.

Кеуде клетка ағзаларының Ro'' – графиясы – күшейген өкпе суретінің фонында,көптеген ұсақ ошақтар.

Cor – шар тәрізді формада,көлденеңінде кеңейген; КТО – 0,7.

Бас қаңқасының Ro'' –графиясы – бас қаңқасы көлемінде үлкейген,тігістері ашық, түрік ертоқымы қалыпты.

Окулист консультациясы: көздің алдыңғы бөлігінің патологиясы жоқ. Жедел іріңді коньюктивит. Көру жүйкесінің дискісінің атрофиясы.

Зәрді тұқым қуалау патологиясына зеріттеу-қалыпты.

Иммунограмма:

IgG – 13,5 г/л (норма 6,21+ 0,26)

IgA – 0,28г/л (норма 0,39-0,01);

IgM – 0,78г/л (норма 0,83+0,06).

Анасын токсоплазмозға зеріттегенде- көз зақымдалуымен жүрген жедел токсоплазмоз, орташа дәрежелі миопия.

Жоғарыда айтылғандарға қарап балаға қорытынды диагноз қойылды: туа біткен токсоплазмоз, жайылмалы түрі, белсенді энцефалит кезеңі,тырыспа синдромы, гидроцефалия, туа біткен жүрек ақауы, қарыншааралық перденің ақауы, субкомпенсация фазасы.

Этиологиялық факторы анықталған соң , балаға келесі ем тағайындалды:

Арнайы ем-

  1. Сульфадимезин 1/5 таблеткадан – 4 рет күніне, 5 күн.

  2. Хлоридин 0,005 – 1 ретәу- 5 күн.

  3. Аскорбин қышқылы – 0,05 – 3 рет/тәу.

  4. глютамин қышқылының 1 % ертіндісі 1 шай/қасық;

  5. В6 дәрумені – 0,5 б/е күн ара

  6. АТФ – 0, 5 б/е күн ара

  7. Диакарб 60 мг/тәу 16 күн

  8. Көзді фурациллинмен өңдеу,калий препараты, альбуцид 30 % 2 тамшыдан.

Ем нәтижесінде бала жағдайы жақсарып, үйге ұсыныс беріліп шығарылды:

  1. емханада «қауіпті» топ бойынша диспансерлі бақылау

  2. 1 жасқа дейін екпелерден медициналық щегеру

  3. диакарбпен емді- циклмен-3 күн беріп, 1 күн демалып-3 апта беру, хлоридин,сульфадимезин 10 күннен кейін- 5 күннен -2 цикл.