
- •Мазмұны
- •I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
- •1.3 Гестациондық жасты бағалау
- •II тарау. Антенаталды патология Құрсақ ішілік өсу мен дамудың тежелуі
- •1 Кесте. Нәрестелердің туылған кезіндегі негізгі параметрлерінің гестациялық жасқа сәйкетігі
- •III тарау. Нәрестелердің постнаталды бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
- •3.1 Жаңа туған нәреселердің шекаралық жағдайлары
- •3.2. Нәрестенің мүшесі мен жүйелерінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
- •3.3. Нәрестелердің күтімі.
- •1 Қадам- Босануға бөлме дайындау
- •2 Қадам- Нәрестені кептіріп- сүрту:
- •Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын-алу.
- •Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы.
- •IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
- •Шолып қарау
- •Жүйелер бойынша қарау.
- •Нәрестелердің шартсыз(туа біткен) рефлекстерін бағалау.
- •V тарау.
- •VI тарау. Шала туылған нәрестелер
- •VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
- •7.1. Респираторлы дистресс синдромы
- •7.2. Нәрестелер пневмониясы.
- •ViiIбөлім.Жаңа туылған нәрестелердің жүйке жүйесінің патологиясы.
- •8.1. Тұншығу перинаталды церебралды бұзылыстардың факторы ретінде.
- •8.2. Бас миы мен жұлынның жарақаттық және интранаталды зақымдалуы. Туыт жарақаты.
- •8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
- •Біққ клиникасы
- •Эпидуралды қанқұйылулар
- •Субарахнойдалды қанқуйылулар
- •Ми қарыншаларына қанқуйылулар (перивентрикулярлы-интравентрикулярлы)
- •Пиқ патофизиологиясы
- •Миішілік (паренхиматозды) қанқуйылулар
- •Босану кезіндегі жұлын жарақаттары
- •Акушерлік салдану
- •Зақымдалу механизмі
- •Акушерлік парездердің ағымы
- •Басқа да туыт жарақаттары
- •Жұлынның туылу жарақатының емі
- •8.3. Гипоксия-ишемиялық энцефалопатия
- •Ми зақымдалуының локализациясы
- •Нейросонография мәләметтері бойынша пвл дәрежелері
- •Дамып келе жатқан мидың перинаталды зақымдалулардың неврологиялық салдары: ликвородинамика бұзылыстары бар жағдайлар мен аурулардың диагностикасы.
- •Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің бас шеңберінің өсу қарқыны
- •Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (гиэ) кезіндегі ес бұзылыстары.
- •Гиэ болжамы
- •Балалардағы жүйке жүйесінің (жж) зақымдалуы (Маслова о.И., 1999 г.)
- •Неонатальды тырысулар
- •Пайда болу уақытына байланысты неонатальды тырыспалардың болжам себептері (ю.И. Барашнев, 2001г.)
- •IX тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисі және бактериальді инфекциялары.
- •Стафилодермиялардың емі
- •Стрептодермиялар
- •Стрептодермиялардың емі
- •Нәрестелердегі бактериальді инфекцияның жайылмалы түрге айналуына ятрогенді факторлардың қауіпті факторлары
- •X тарау. Құрсақішілік инфекциялар Құрсақішілік инфицерлену туралы түсінік
- •Туа біткен токсоплазмоз
- •Туа біткен токсоплазмоздың клиникасы
- •1 Кесте. Туа біткен токсоплазмоздың жиі кедесетін клиникалық түрлері
- •Диагностикасы
- •Ажыратпалы диагноз
- •Алдын-алу
- •Балалардың құрсақішілік вирусты инфекциялары қызамық.
- •Туа біткен қызамық
- •Диагностикасы
- •Этиологиясы
- •Инфекцияның эпидемиологиясы мен берілу жолдары.
- •Патогенезі
- •Патанатомия
- •Клиникасы
- •Диагностикасы.
- •Құрсақішілік цмви
- •Виферонмен ем
- •Комбинирленген ем
- •Алдын-алу
- •Герпесвирусты инфекция
- •Қорғаныс механизмдері
- •Арнайы арнайы емес
- •Неонатальды герпес.
- •Диагностикасы
- •Хламидиялы инфекция
- •Нәрестелерде хи емі
- •Құрсақішілік микоплазмалы инфекция
- •Құрсақішілік листериоз
- •Құрсақішілік листериоз диагностикасы
- •Туа біткен мерез
- •Диагностикасы.
- •XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
- •Билирубиннің алмасуы
- •Неонатальды сарғаюлар
- •Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
- •Нәрестелердің патологиялық гипербилирубинемиясы және патологиялық сарғаюы
- •Криглер-Найярсиндромы (I және II типті)
- •Нәрестелердің гемолитикалық сарғаюлары
- •Нәрестенің гемолитикалық ауруы (нга)кезіндегінәрестені жүргізу тактикасы
- •Нәрестенің дене салмағына қарай өмірінің 24-168 сағат өмірінде фотоем және қан алмастырып құюға көрстелім
- •Өмірінің бірінші тәулігінде нга даму қауіпі бар нәрестені жүргізу тактикасы
- •Коньюгациялы гипербилирубинемия кезіндегі нәрестені жүргізу тактикасы
- •Жүректік:
- •Тамырлық :
- •XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
- •Туа біткен жүрек ақаулары
- •Сол жақ коронарлы артерияның өкпе артерисынан аномальды ауытқуы(Блайд-Уайт-Гарленд синдромы)
- •Миокард аурулары
- •Нәрестелердегі жүрек ырғағының бұзылыстары
- •Синусты түйіннің әлсіздік синдромы (стәс)
- •Жыпылықтамалы аритмия(жа).
- •Толық ав блокада (тавб)
- •Экс имплантациясына көрсетілім
- •Ұзарған qt синдромы (ұqtс)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
НЕОНАТОЛОГИЯ
Алматы,2014
УДК 000.00
Ббк 00.00я00
Г00
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
К.Е. БИЛЯЛОВА-
Е.Т. ДАДАМБАЕВ- С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ амбулаторлық -емханалық педиатрия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор.
ГОО Б.Д. Неонатология:
Оқу құралы- Алматы,2014-с.
ISBN 0000-OO.00
Оқу құралында нәрестелік кезеңнің негізгі патологиялық жағдайлары туралы жүйеленген ақпарат берілген (неврологиялық бұзылыстар,құрсақішілік, сонымен бірге бактериалдық инфекциялар, сарғаю синдромы). Мерзімі жетіп туылған және шала туылған нәрестелердің бейімделу кезеңі ағымының ерекшеліктері көрсетілген. Герпес вирусымен құрсақішілік инфицирленген нәрестелердің емдеу кестелері мен диспансерлік бақылауының алгоритмі көрсетілген.
Оқу құралы педиатрия бойынша жұмыс бағдарламасына сәйкес келеді және ол студенттерге, интерндер мен димпломнан кейін оқитын дәрігерлерге арналған.
ББК 00.00 я 00
Қысқартылған сөздер тізімі
АСТ-аз салмақпен туылғандар
ӨАСТ- өте аз салмақпен туылғандар
ЭАСТ-экстремальді аз салмақпен туылғандар
ТЕБ-тура емес биллирубин
ЖТНГА-жаңа туылған нәрестелердің гемоллитикалық ауруы
ЖТН-жаңа туылған нәресте
ШТН-шала туған нәресте
МТН-мерзімінде туылған нәресте
НГ-неонатальді герпес
АГВ-адам герпес вирусы
ҚІИ-құрсақ ішілік инфекция
ЦМВИ- цитомегаловирусты инфекция
ЖГВ-жай герпес вирусы
ЭБВ-Эбштейн –Барр вирусы
ПТР-полимеразды тізбекті реакция
ТААД-төмен авидті анти денелер
ЖААД- жоғары авидті анти денелер
АИ-авидтілік индексі
ТБА-туа біткен ақаулар
ПМДТ- психо –маторлы дамудың тежелуі
ГС-гидроцефальді синдром
МДТ- маторлы дамудың тежелуі
СТ-сөйлеудің тежелуі
ИФТ-иммуно ферментті талдау
Мазмұны
I тарау . Неонатологияға кіріспе
1.1. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің
ұйымдастырылуы
Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер
Гестациялық жасты бағалау
IIтарау. Антенаталді патология
2.1. Құрсақішілік дамудың кезеңдері
2.2. Құрсақішілік өсу мен дамудың тежелуі
III тарау. Нәрестелердің постнатальді бейімделуі. Шекаралық жағдайлар. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі және тамақтануы.
3.1. Шекаралық жағдайлар
3.2. Жаңа туған нәрестелердің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
3.3. Жаңа туылған нәрестелердің күтімі
3.4. Жаңа туылған нәрестелер бөлімшесінде іріңді-септикалық аурулар мен госпиталды инфекцияны алдын алу.
3.5. Жаңа туған нәрестелердің тамақтануы
IV тарау. Жаңа туылған нәрестелерді клиникалық тексеру
4.1. Шолып қарау
4.2. Жүйелер бойынша қарау
4.3. Неврологиялық қарау
4.4. Жаңа туылған нәрестенің неврологиялық жағдайын бағалау
V тарау. Жаңа туылған нәрестеге босану бөлмесіндегі алғашқы көмек.
Жаңа туылған нәрестелер асфиксиясы.
VI тарау. Шала туылған нәрестелер
6.1. Жіктемесі
6.2 Жүктілікті аяғына дейін көтере алмаудың себептері.
6.3. Шала туылған нәрестелердің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері
6.4. Неонаталды суықтық жарақат
6.5. Шала туылған нәрестелердің тамақтануы
6.6. Шала туылған нәрестелер апноесі
6.7. Шала туылған нәрестелердің ретинопатиясы
VII тарау. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы
7.1. Респираторлы дистресс синдромы
7.2. Нәрестелер пневмониясы.
VIIIтарау.Нерв жүйесінің перинаталді патологиясы
8.1.Бассүйек ішілік қан құйылулар
8.2. Гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатиялар
8.3. Тырысу синдромы
8.4. Нерв жүйесінің тұқым қуалайтын,хромосомды, туа біткен ақаулар кезіндегі бұзылыстары.
IX тарау. Жаңа туылған нәрестелер сепсисі және бактериальді инфекция
X тарау. Құрсақішілік инфекциялар
XI тарау. Жаңа туылған нәрестелердің сарғаюы
XII тарау. Нәрестелердің геморрагиялық ауруы.
ХIII тарау. Нәрестелердің жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы
I тарау. Неонатологияға кіріспе. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің ұйымдастырылуы.Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер .
Гестациялық кезеңді бағалау.
Неонатология-жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым, нақты айтқанда балалар өмірінің алғашқы 4 аптасындағы олардың ауруларын анықтау(диагностикалау) мен емдеудің қолайлы әдістерің іздестіруге, осы неонаталдық кезеңде адамның алдағы өмірінде денсаулығын қалыптастыруға қажетті жағдайларды тудыруға бағытталған педиатрияның басты бір саласы. Әсіресе перинаталды кезеңде (құрсақішілік дамудың 22 аптасынан, туылғаннан кейінгі өмірінің алғашқы 7 күн аралығында) , адамның ауруларының көптеген ауруларын біріншілік және екіншілік алдын алу жоғары эффективті.
неонатология- жас ғылым , ХХ ғасырдың бас кезінен бастап дами бастады.1987 жылдан бері дәрігерлік мамандық және лауазымдар номенклатурасында дәрігер педиатр-неонатолог атағы енгізілді(Шабалов Н.П.2006).
1.1. Қазақстандағы неонатологиялық қызметтің
ұйымдастырылуы
Терминалогия және статистикалық көрсеткіштер
Гестациялық кезеңді бағалау
Гестациялық жас(жүктілік кезеңі). Нәрестенің құрсақтағы даму мерзімі, ұрықтанғаннан бастап туылғанға дейінге уақытты аптамен есептегендегі ұрықтың жас, яғни әйелдің соңғы етеккірінің (менструацияның) алғашқы күнінен, босанған күн аралығындағы апталардың толық саны,нәрестенің өлі не тірі туылғанына қарамастан. Гестациялық мерзімді анықтағанда апталардың саны толық аталуы қажет, яғни апталарды толықтыру мақсатында күндерді жинақтап айтуға болмайды(мысалға нәрестенің гестационды жасы 37 апта деп есептеледі , негізінде оған 37 апта 6 күн болсада).
Туылу мерзіміне байланысты ЖТН-лер төмендегідей болып бөлінеді.
Күні жетіп туылған нәресте-жүктіліктің 38мен 42 апталықтар арасында туылған нәресте(259 -293 күн)
Шала туылған нәресте-жүктіліктің 37 аптасына дейін туылған нәресте (259күн)
Күні асып туылған нәресте-жүктіліктің 42 аптасында және одан асып туған нәресте(294 күннен жоғары)
Босану –ана құрсағынан салмағы 500 грамм, жүктіліктің мерзіміне қарамастан немесе толық 22 апта немесе одан көп мерзімде, тірі ия болмаса өлі нәрестенің толық ажырауы(экстракция) .
Босандыру-ұрықтың (нәрестенің) туылуы болатын физиологиялық үрдіс
Түсік -22аптаға дейін, ұрықты босанудан бұрын оның өліміне байланысты, абайсыздан жоғалту.
Тірі туылу-ана құрсағынан ажыраған бойда тынысты ішке алса , ия болмаса тіршіліктің басқада белгілері:жүрек, кіндік тамырларының соғысы, бұдан басқа бұлшықеттердің өздігінен қозғалысы болса тірітуылу болып есептеледі.
Өлі туылу-ана құрсағынан ажырау алдында жүктілік мерзімінің ұзақтығына қарамастан ұрықтың өлуі , немесе тіршіліктің басқа белгілерінің болмауы.(жүрек соғысы,тынысы, кіндік тамырларының соғысы, бұлшықеттердің өздігінене қозғалысы)
Перинаталдық кезең- бұл кезең құрсақішілік дамудың толық 22 аптасынан (154 күннен, бұл кезеңде ұрықтың салмағы 500 грамм болады), туылғаннан кейінгі өмірінің алғашқы 7 күні саналады.
Неонаталдық кезең- туылғаннан бастап толық 28 күнге дейінгі аралық.
Жаңа туылған нәресте-бұл туылғаннан 4 аптаға дейінгі нәресте
Дені сау нәресте-туылғаннан кейін медициналық көмекті қажет етпейтін, бейімделу үрдістері бұзылмаған нәресте.(БДҰ,2002ж)
Бұл түсінікке :
Тыныс алудың өздігінен қалыпты болуы
Қан айналым жүйесіндегі өзгерістер(өкпе қан айналымының қалыптасып, фетальді коммуникациялардың жабылуы)
Терморегуляцияның калыптануы
Емшекпен ерете емізу
Сыртқы ортамен жанасу
Жан ұясымен психоэмоцианалды байланыстың қалыптасуы
Дене салмағына байланысты нәрестелерді жіктеу:
Аз салмақпен туылғандар-кез келген гестациялық мерзімінде салмағы 2.5(дейін және 2499 гр қоса) килограммнан аз салмақпен туылғандар
Өте аз салмақпен туылғандар-кез келген гестациялық мерзімде салмағы 1.5 (дейін және 1499 гр қоса)килограммнан аз салмақпен туылғандар
Экстремалды аз салмақпен туылғандар- кез келген гестациялық мерзімде салмағы 1.0 (дейін және 999гр қоса) килограммнан аз салмақпен туылғандар
Жіктелуі:
Жетілген нәресте –сыртқы көрсеткіштердің комплексі(дене пропорциясы,тері асты шел майның дамуы,бас қаңқасының сүйектерінің жағдайы және тб,) мен функциялардың көрсеткіштерімен(сору және жұту рефлекстері айқын,тыныс алу, жүрекқағысының қалыпты болуы) , ағзаның құрсақтан тыс өмір сүруіне дайын болғаны
Жетілмеген нәресте-әдетте шала туылған нәресте, сирек мерзімінде туылған нәресте ,құрсақ ішінде жайсыз жағдайларда дамыған. Сонымен бірге шала туылған нәрестенің функционалды жағдайы жетілген де болу мүмкін.
Жетілмегендер-құрсақтан тыс қалыпты өмір сүруге функциональді жүйелерінің жеткілікті дайын болмауы. Жүктіліктің мерзіміне байланысты, аз салмақты нәрестелер : «гестациялық жасынан кіші,тамақтану кідірісі жоқ нәресте» және «гестациялық жасынан кіші,тамақтану кідірісі бар нәресте» (дене терісінің құрғақтығы мен қабыршақтануы және тб). «шамадан тыс ірі нәресте» деген термин , нәресте салмағы 4500г асқан жағдайда қолданылады.
Перинаталды кезең және перинаталды өлім.
Қазіргі кезде перинаталды кезең құрсақ ішілік дамудың 22 аптасынан (ұрық өмір сүруге қабілетті болғанда) туылғаннан кейінгі өмірінің алғашқы аптасы аралығын айтады. Перинаталды кезеңнің бастапқы шекарасының үш көрсеткіші қолданылады:
Дене салмағы -500г
Дене ұзындығы-22см
Жүктілік мерзімі-22 апта
Перинаталды кезеңде :
Кеш антенаталды кезең- 22 аптадан босану іс әрекетінің басталғанына дейінгі кезең
Ерте неонаталды кезең- туылғаннан кейінгі алғашқы күн саналады(6күн 23сағ 59мин)
Кеш неонаталды кезең- 7-ші күннен 28-ші күнге дейінгі кезең деп бөлінеді
Сонымен барлық неонаталды кезең
, нәрестенің өмірінің алғашқы төрт аптасымен шектелген.
Перинаталдық өлім көрсеткіші-өлі туылғандар саны(жүктіліктің 22аптасынан кейін өлі туылғандар) + өмірінің алғашқы аптасында өлгендер санын(6 күн 23 сағат 59 мин) 1000 тірі және өлі туылғандарға шаққанда.
Нәрестелік өлім көрсеткіші -1000 тірі туылғандардың ішінде 28 күнге дейінгі өлгендер саны.
Ерте неонаталдық өлім көрсеткіші- толық 7 тәулікке (168 сағ) толып туылғандардың ішінде өлгендер санын 1000 тірі туылғандарға шаққанда.