Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-ТЕЗИСЫ ЛЕКЦИЙ ҚАРЖТАЛДАУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
919.55 Кб
Скачать

2. Баланстың қаржылық құрылымын талдау

Шаруашылық етуші субъектінің қаржылық жағдайы көбінесе капитал көзінің оңтайлы құрылымына, яғни меншікті және займдық қаражаттардың сәйкестігіне, сол сияқты кәсіпорын активінің құрылымының оңтайлылығына және бірінші кезекте негізгі және айналым капиталының сәйкестігіне байланысты. Кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру қағидасында өмір сүруі үшін оған меншікті капитал қажет. Меншікті капиталдың ерекшелігі ол ұзақ мерзімге инвестицияланатындығында және сондықтан неғұрлым көп тәуекелдікті бекітеді. Капиталдың жалпы сомасындағы неғұрлым меншікті капитал мөлшері зайымдық капитал мөлшерінен көп болса, соғұрлым кредиторлардан қаражаттан айырылып қалу тәуекелділігі төмен болады.

Осыдан айта кету керек, кәсіпорын қызметін қаржыландыру тек меншікті қаражат есебінен болған өз кәсіпорын үшін өндіріс тиімді болмайды. Әсіресе бұл маусымдық өнім өндіретін кәсіпорын үшін тиімсіз. Мәселе былай, жеке кезеңдерде банктегі кәсіпорынның шотында көп қаражат жинақталатын болса, ол басқа кезеңдерде бұл қаражаттар жеткіліксіз болады. Сонымен қатар, егер қаржылық ресурстардың бағасы жоғары, ал кәсіпорын салынған капиталға берудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алса, яғни несиелік ресерстарға төлеуден қарағанда, онда зайымдық қаражаттарды тарта отырып, ол меншікті (акционерлік) капиталының рентабельділігін көтере алады.

Сондай уақытта, егер кәсіпорын қаражаты негізінде қысқа мерзімдік міндеттемелер есебінен құрылған болса, онда оның қаржылық жағдайы басқа капиталдарды ұзаққа созылмайтын уақытта айналымға тарту және олардың өз уақытында қайтарылуы үшін қадағалауға бағытталған өндіріс оперативті жұмыс қысқа мерзімді капиталды пайдаланумен қажет болғандықтан тұрақсыз болады. Сондықтан да меншікті және зайымдық капиталдың сәйкестігі қаншалықты оңтайлы болғандығына көбінесе кәсіпорынның қаржылық жағдайы байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер келесілер болып табылады:

  • Қаржылық автономиялық (тәуелсіздіктің) коэффициенті немесе меншікті капиталдың жалпы саласындағы үлес салмағы;

  • Қаржылық тәуелділік коэффициенті (жалпы баланс валютасындағы зайымдық капитал бөлігі);

  • Қаржылық рычаг иығы немесе қаржылық тәуекелділік коэффициенті (меншікті капиталға зайымдықтың қатынасы).

Осындай бағытпен, неғұрлым қаржылық автономия коэффициентінің деңгейі жоғары және қаржылық тәуекелділік коэффициенті мен қаржылық тәуелділік коэффициентінің деңгейі төмен болса, соғұрлым кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтырақ болады.

Қаржылық тәуекелділік коэффициентінің шамасы (қаржылық рычаг иығы) тәуелді:

  • Активтердің жалпы сомасындағы зайымдық капитал бөлігіне;

  • Активтердің жалпы сомасындағы негізгі капиталдың бөлігіне;

  • Айналым және негізгі капиталдың қарым қатынасына;

  • Ағымдағы активтердің құрылуындағы меншікті айналым капиталының бөлігіне;

  • Меншікті капиталдың жалпы сомасындағы меншікті айналым капиталының бөлігіне.

Қаржылық тәуекелділік коэффициентінің шамасы келесі формуламен анықталады:

Кф.р. = зайымдық капитал/ меншікті капитал = зайымдық капитал / активтердің сомасы: негізгі капитал/ активтердің сомасы: ағымдағы активтер/ негізгі капитал: меншікті айналым капиталы / ағымдағы активтер: меншікті капитал / меншікті айналым капиталы

Бұрын белгіленгендей банктер және басқа да кредиторларға неғұрлым сенімділік егер меншікті капиталдың үлесі тапсырыс берушілерде неғұрлым жоғары болған неғұрлым жоғары болған жағдай. Басқа себеп бойынша зайымдық қаражаттарды тартумен кәсіпорын қызыққан уақытта:

  • Зайымдық капиталдың қызмет көрсетуі бойынша пайыздар шығындар ретінде қарастырылады және салық салынатын пайдаға қосылмайды;

  • Меншікті капитал рентабельділігі жоғарылайтын нәтижеде кәсіпорын айналымындағы зайымдық қаражатты пайдаланудан алынған пайдадан әдетте төмен пайызды төлеуге шығындар.

Әр түрлі салаларда меншікті және зайымдық қаражаттардың қарым-қатынасы нормативі болды. Төменгі айналымға түсетін капиталдың саласында қаржылық рычаг иығы 0,5-н жоғарыламауы керек. Жоғарғы айналымға түсетін капиталдың, негізгі капиталдың төменгі мөлшерімен, коэффициент 1-н жоғары болады.

Зайымдық капиталдың болжамдық нормативтік шамасының үлесін келесі бағытпен анықтауға болады: активтердің жалпы сомасындағы негізгі капиталдың үлес салмағын 0,25-ке, ал ағымдағы активтің үлес салмағын 0,5-ке бөлу керек. Алынған нәтижені меншікті капитал үлесіне бөліп (зайымдық капитал мен бірлік арасындағы айырмашылық), қаржылық рычаг коэффициенті мәнінің нормативтік болжамуын алуға болады.

Кәсіпорын капиталын қалыптастыру құрылымын бағалауға өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті есептелінеді. Берілген коэффициент қаржылық табыстардың ішкі және сыртқы көзінің жалпы сомасына қаржыландыратын табыс сомасының қатынасы ретінде есептелінеді. Мұнда өзін-өзі қаржыландыратын табыс сомасы амортизацияның және реинвестицияланатын пайда сомасы ретінде есептелінеді. Өзін-өзі қаржыландыру коэффициентін қосылған құнға өзін-өзі қаржыландыратын табыс қатынасы ретінде де есептеуге болады. Бұл көрсеткіш құрылған байлыққа қатынас бойынша кәсіпорынның қызметін өзін-өзі қаржыландыру деңгейін көрсетеді.

Қаржылық қызметте және оның тиімділігін көтеруде кәсіпорын қаражатын араластырудың үлкен мағынасы бар. Өндірістік және қаржылық қызметтердің нәтижесі, яғни кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы көбінесе келесі моменттерге байланысты:

  • Негізгі және айналым қаражаттарына салынған инвестициядан;

  • Қатынас және айналым қаражатының жатқандығында;

  • Ақшалай және материалды формадағы айналым және негізгі капиталдың жатқандығы;

  • Айналым және негізгі қаражаттарының сәйкестігі қаншалықты тиімді.

Егер шикізат пен материалдың жоқтығынан кәсіпорынның өндіріс күші толық пайдаланылмаса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық нәтижесінде және оның қаржылық жағдайында қатысты көрсетіледі. Алайда иеленіп отырған өндіріс күш тез жұмыс істелінетіні мүмкін емес өндірістік босалқылар артық құрылған кезінде, сондай кәсіпорынның қаржылық нәтижесі төмендеу болады. Соңында капитал тоқтайды, оның айналымдылығы баяулайды және кәсіпорынның қаржылық жағдайы төмендейді. Сонымен жақсы қаржылық жағдай нәтижесінде және рентабельділіктің жоғарғы деңгейінде де кәсіпорын қаржылық қиындықтар басынан кешуі мүмкін. Бұл тек кәсіпорын өзінің қаржылық ресурстарын рационалды емес пайдаланса, яғни оларды нормативтің деңгейінен жоғары өндірістік босалқыларға және үлкен дебиторлық қарыздарды жібергендегі жағдайда ғана болады.