
- •Мазмұны:
- •І. Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Іі Тарихи лексика
- •Ііі Тарихи фонетика Дауысты дыбыстар жүйесінің дамуы
- •Жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер
- •Дауыссыз дыбыстар
- •Іү. Тарихи морфология
- •Ү.Тарихи синтаксис
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәлімет
- •7.Курстың саясаты мен жүргізілуі
- •8.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •10. Сөж тапсырмалары мен тапсыру кестесі
- •11. Аралық бақылау сұрақтары
- •12.Әдебиеттер тізімі:
- •III. Дәрістік кешен
- •IV. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •V. Зертханалық жұмыстар мен курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау
- •VI. Студенттің өзіндік жұмысының материалдары
- •1. Студенттің өзіндік жұмысы (сөж) аумағындағы сабақтарының жоспары.
- •Тақырып 9. Зат есім. Жалғаулардың даму ерекшеліктері
- •Тақырып 14. Сөз тіркестерінің қалыптасуы, дамуы
- •Тақырып 15. Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •2. Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (соөж) аумағындағы сабақтарының жоспары.
Іү. Тарихи морфология
Тілдің грамматикалық құрылысының баяу өзгеретіндігі. Морфологиялық құрылыстың дамуында ұшырасатын тілдік процестер (морфологиялық жылысуы, аналогия, жіктелу т.б.), олардың сөздің морфологиялық құрамына әсері.
Сөз түбірінің дамуы. Байырғы түркі сөздерінің бір буындылығы жайлы мәселе, ол туралы пікірлер. Алғашқы түбірдің сипаты туралы мәселе. «Жайылыңқы түбірлер (Владимирцов, Мелиоранский). Сөздің буын соңының ұзарып, күрделенуі түркі тілдерінің құрылымдық ерекшелігі екендігі. Дыбыстық өзгерістердің морфологиялық құрылыс құрамындағы өзгерістерімен байланыстылығы. Түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе. Синкретизм-қазіргі тілдегі омонимдес тбірлердің едәуір бөлігінің қалыптасуын тарихи тұрғыдан түсіндірудің негізі (Банг, Рамстедт, Мелиоранский). Дмитриев түбірлердің грамматикалық дамуының үш кезеңі туралы. Қазіргі тілдегі өлі түбірлер туралы. Түбірлердің флекция құрылысы арқылы жіктелісі жайлы мәселе, бұл құбылыстың қазақ тіліндегі ізі. Ішкі флекция құбылысының дыбыс сәйкестіктермен, дыбыс өзгерістерімен байланысы және сингормониялық параллельдерге қатысы.
Сөз негіздерінің тарихи екі түрі туралы (аш-ашық, ау-ағ; ауыр-у). Қазіргі тілдегі байырғы түбірлерді тарихи тұрғыдан өлі түбір мен қосымшаға жіктелетіні туралы.
Ескі түркі тіліндегі қос сөз түрлері (қазақ тілімен салыстыру ыңғайында). Ескі түркі тіліндегі күрделі сөздер, олардың қазақ тіліндегі баламалары (бірде күрделі сөз түрінде, бірде кірігіп кеткен-компоненттер дербестігін сақтай алмаған), өлі түбірге айналып кеткен сөздер (өлім-жітім, некен-саяқ, қарақат, сүлесоқ).
Қосымшалар. Олардың арғы негізі жайлы қазіргі түркологиядағы екі пікір: а) олардың арғы негізі дербес сөздер деп қарайтын көзқарас, ә) кез келген қосымшаның арғы негізі дербес сөз деп қарауға брола бермейтіндігі, олардың біразының о баста-ақ қосымша екендігі жайлы, бұл пікірлерді дәлелдейтін фактілер. Қосымшалардың синкретизмі, ескі түркі тіліндегі бұл құбылыстың іздері. Қазірг тілдегі грамматикалық кластар бойынша жіктелген қосымшалар тіл дамуының соңғы, жоғарғы сатысының жемісі екендігі.
Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері. Аффиксация, оның шығуы мен қалыптасуы жайлы. Субстантивация, сөздің синтаксистік қолданылуы-сөздердің грамматикалық кластарға жіктелуінің негізгі тәсілдерінің брі.
Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы. Сөздердің грамматикалық кластарға жіктелуі жайлы пікірлер. Ескі түркі (Орхон-Енисей жазбалары), орта ғасырлық түркі тілдерінде (Қашқари, Абу-Хайян, «Кодекс куманикус» материалдары бойынша) сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің қазақ тіліне ұқсас, өзгеше құбылыстары. Ерекше құбылыстардың тарихи-тілді негіздері.
Зат есім. Жалпы есімдердің жасалуының қалыптасқан түрлері жайында. Ономастикалық, топономикалық атаулар-тілдің басынан өткен тарихи жағдайлардың куәсі.
Септеу категориясының дамуы. Ескі түркі, орта түркі тілдеріндегі септіктер жүйесі. Ол дәуірлердегі түркітілінде септіктердің сан жағынан молдығы. Ол тілдерде актив қолданылған септіктердің кейбірі жеке сөздер құрамында өлі қосымша ретінде кездесуі. Септік жүйесінің дамуында байқалатын ерекшеліктер: а) кейбір жалғаулардың қолданудан шығуымен байланысты бірнеше тұлғаға тән грамматикалық мәндердің бір тұлғаға шоғырлануы, ә) септік тұлғалары варианттарының азаюы, б) септік жалғауының әрқайсысының грамматикалық мәні мен қызметінің саралануы, в) тілдің ескі дәуірінде ұшырасатын септік жалғаулары арасындағы параллель қолданыстың грамматикалық мәнер алып, синонимдік қатар құратындығы.
Септеудің екі түрі: тәуелдеулі (посессивтік) септеу, жай септеу. Тәуелдеулі септеудің белгілі бір кезеңдердегі басылымдылығы. Оның септеу категориясының кейінгі дамуына әсері, қазіргі тіл құрамындағы іздері.
Септік жалғауларының грамматикалық мәні мен қызметінің саралануына меңгеруші сөздің грамматикалық, лексикалық дамуының әсері.
Атау септігі. Орхон-Енисей жазбалары тіліндегі атау тұлғасының қызметі мен мәні (Салыстырмалы ыңғайында). Атау септігінің грамматикалық тұлғасы жайлы мәселе, ол туралы алтаистикадағы пікірлер.
Ілік септігінің Ү-ҮІІІ ғасыр жазбаларында қолданылу ерекшелігі, оның қазіргі тілдегі көрінісі. Ілік тұлғасының генезисі (дақ-дік, -тақ-тік, -нікі-дікі-тікі жұрнақтарымен тектестігі), басқа септік жалғауларымен байланысы жайындағы мәселе (менің-ге, менің-де, менің-мен), ілік жалғауының ескі тұлғасының жеке сөздер құрамындағы кейбір өлі осымшалармен байланысы жайлы пікірлер. Ілік септігінің меншіктілікпен, тәуелдікпен байланысты даму заңдылығы.
Барыс септік тұлғаларының Ү-ҮІІІ орта ғасыр (Қашқари) жазбалаларындағы әр түрлілігі, олардың арасында байқалатын кейбір мағыналық дифференсиация (-ғару-геру,-ға-ге,-йа-йе, -қа-ке).Ескі қыпшақ ескерткіштерінде кездесетін тұлғалар. «Кодекс куманикустегің мұңар (бұған), бармаса формалары.Қазақ фольклоры тілнде барыс септік тұлғаларының қолданылу ерекшеліктері.Барыс септіктің қолданысының саралануы: Жеке сөздер құрамында барыстың ескі тұлғасының сақталуы, Қазіргі түркі тілдеріндегі барыс жалауының екі түрі.Оның себептері жайлы пікірлер.Барыс жалғауының генезисі, тарихи құрамы.
Табыс септіктің ескі жазбалар тіліндегі екі түрлі тұлғасы (-ғ-г,-ығ- іг,-үғ-үг,көне-и, -ың-ің,-үң -үн ).Ескі қыпшақ тіліндегі тұлғасы.қазіргі түркі тілдерінде бұл жалғаудың екі түрі қалыптасуы.Ескі түркі тіліндегі табыс жалғауы ғ- ның барыс жалғауында,-һы жалғауының ілік септікке негз болуы жайлы пікірлер (Кийкбаев т.б.).ескі түркі тілінде табыс жалғауының қолданылыуның ерекшеліктері.
Жатыс септік тұлғасының түркі тілінде негізінен бірыңғай екендігі.Ү-ҮІІІ жазбалары тіліндегі варианттары ( анта,анда ) мен қолданылу ерекшелігі.
Шығыс септік тұлғасының Ү-ҮІІІ ғ. Жазбаларында сирек ұшырасуы, оның себебеі жайлы пікірлер.Шығыс мәнінде жатыс жалғауының қолданылуы кейде меңгеруші сөзге байланысты болып отыратындығы. Орта ғасыр жазбаларында шығыс жалғауының ашық, қысаң дауыстылармен айтылатын варианттарының кездесуі.Орта ғасырларда шығыс пен жатыс септіктер арасындағы диффуздық қолданыстың кездесуі, оның себептері.Шығыс септік тұлғасының генезисі жайлы пікірлер (Рамстедт,Кононов).
Тарихи тұрғыдан барыс,жатыс,шығыс жалғауларының генезистік бірлігі жайлы пікірлер.
Көмектес септіктің көне жазуларда –ң,-ың,-ің,-ұн,-үн түрінде екені. Қазіргі қазақ тіліндегі көмеектес септік тұлғасы тарихи жағынан үш түрлі тұлғаның қызметі мен мәнін бойына жинаған тұлға екендігі. Басқа түркі тілдерінде мұндай септіктің орнына шылаудың қолданылуы. Көмектес септігі білен шылауынан дамығандығы. Ескі құралдық септік қосымшасының қаза тілінде кездесетін орындары.
Септік жалғаулар құрамындағы «белгіліліктің аффиксі туралы пікір.
Ескі түркі тілінде көптік жалғаудың -лар аффиксінен басқа m қосымшасы барлдығы, оның қолданылу ерекшелігі. Көптік, екілік,қосарлық мән берген деп қаралатын –з ( біз, сіз есімдерінің құрамында) қосымшасы жайлы Қашаридың, Маловтың пікірлері. Қашқари көрсететін -ен \ерен\ қосымшасы туралы.
Тәуелдік жалғаулары тілдің ескі дәуірінде-ақ қалыптасқан тұлғалар екендігі. Орхон-Енисей жазбаларындағы атамқа, анамқа, атасыға тұлғалары.Тәуелдік жалғаулардың генезисі, қалыптасу жолдары туралы.
Зат есім жасайтын жұрнақтар.Зат есім етістікке ортақ жұрнақтар.Зат есім, сын есім, етістікке ортақ жұрнақтар. Қашқари ХІ ғасырдағы түркі тілдерінде зат есімнің жасалуы туралы (т,ш,с,ғ-г,қ-к,л,м,н,у, т.б.).Қимыл есімнің субстантивтенуі-ескі түркі құбылыс.
Сын есімдердің сөз табы ретінде қалыптасу ерекшеліктері.Сын есімдердің зат есімдермен тектестігі, олардан ажырауы өте абстрактанып кеткендігі.Кейбір сын есімдердің әрі сыңдық,әрі зат-тық болып, бұрынғы қалпын сақтау ерекшелігі ( көк,қара). Сын есімдердің ертеден-ақ зат есімдердің белгілі тобына үйлесе, қабыса жасалуы.Орхон-Енисей жазбалары тіліндегі сын есімдер, олардың зат есімдер мен есімше тұлғаларына қатысты.Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуында адьективация процесінің мәні.Сын есімнің шырай тұлғаларының қалыптасуы. Қашқари сын есім мен есімшіге ортақ жұрнақтар.Қашқари –лығ,--лық аффикстерінің қолданылу ерекшеліктері жайында. Қазіргі тілдегі -лық,-лы аффикстерінің ұяластығы, олардың генезисі. Бұл қосымшаның ескі вариантының кейбір сөздер құрамында сақталуы. Ескі қыпшақ тілі ескерткіштерінде («Кодекс куманикустең, Абу-Хайян грамматикасында т.б.) кездесетін сын есім жұрнақтары.
Қазіргі тілдегі негізгі сын есімдердің қай-қацсысы да тарихи тұрғыдан туынды екендігі. Сын есімдер құрамында болған дыбыстық өзгерістер, ескі фонетикалық сипаттан қалған кейбір іздер.
Сан есімдер- адам санасының абстракциялау қызметінің жемісі. Санды білдіретін сөздердің бастапқы төркінінде басқа сөздермен (зат есім, етістік,т.б.)байланыстылығы. Сан атауларының конкретті ұғымнан ( зат жайындағы, қимыл жайындағы т.б.) дамып, абстракцияланғанын дәлелдейтін фактілер.
Сан жайындағы ұғымның қалыптасуының этнографиялық ерекшеліктерімен ұштасып жататындығы. Сан есімдердің құрамында кездесетін, тарихи тұрғыдан етістікке,есім сөз таптарына тән элементтер.
Санау және санау тәсілінің дамуы.Түркі тілдеріндегі (тіпіт, жалпы алтай тілдеріндегі) санаудың алғашқы негізі (Рамстедт т.б.). Оннан бастап санаудың алғашқы ескі тәсілдері, олардың Орхон-Енисей т.б. көне жазбалардағы көрінісі (екі жиырма-12, бір отыз -21, бес отыз-25).
Қазіргі бірсыпыра тілдерде осы тәсілдің сақталғандағы (балқар, сары ұйғыр).Қазақ тіліндегі сан есім эвфемизмдердің оған қатысы жайлы мәселе.
Қазақ тіліндегі жетіге дейінгі жинақты сан есім жасайтын - ау-еу тұлғасының башқұрт, татар тіліндегі он-ау,он-ар түрінде қолдану ерекшелігі, сары ұйғыр тіліндегі –ығо ,-іге қосымшалары, олардың арғы негізі, қолданылу ерекшелігі.
Реттік сан есім жасайтын ескі түркілік –н қазақ тіліндегі ы\ншы,сары ұйғыр тіліндегі –нджел, \нджул, н аффикстері, олардың генезисі жайлы. Ондық атауларының, жүз,мың сөздерінің қалыптасуы.Ескі жазбалар тіліндегі ондық атаулар (сегіз,он т.б.). Қазіргі түркі тіліндерінің көпшілігінде олардың кірігіп кеткендігі, сары ұйғыр, алтай тілдерінде олардың бұрынғы күйін сақтағандығы. Қырық, елу, отыз сөздерінің арғы сипаты. Жетпіс, алпыс сөздерінің тарихи құрамы.
Кейбір сан есімдердің синонимдік түрлері (бір-жалғыз, дара, жеке, сыңар; екі-қос,егіз т.б.).
Есімдіктер, олардың қалыптасуы, сөз табы болуы жайындағы пікірлер. Жіктеу есімдіктерінің алғашқы ма,ме,са,се,бі,сі элементтері туралы. Мен, сен есімдіктерінің соңғы « нң элементі. Жіктеу есімдіктерінің көптік тұлғаларының қалыптасуы. Ескі жазбалар тілінднгі жіктеу есімдіктерінің кейбір септік жалғаулар бойынша өзгеше тұлғалануы (банар,мұнар,маз т.б.). Қашқари ІІ жақ жіктік есімдігінің барыс тұлғасы жайында. Қазақ тіліндегі менің,сенің (ілік септікте), маған, саған, оған (барыс жалғауда) түрінде тұлғалануының тарихи себептері. Сұрау есімдіктерінің құрамы (қай-да,қан-ша), тілдің әр түрлі даму кезеңдерінде болған дыбыстық өзгерістер (қану,-қай) қазіргі тіл құрамында жаңа вариантпен қатар ескі варианттардың да кездесетіндігі (қайда,қандай,кәні).
Сілтеу есімдіктерінің құрамындағы –л элементі.Сілтеу есімдіктерінің септелуі тұлғаларында пайда болатын –н элементі.Дмитриев есімдіктердің семантикалық үш тобы туралы. Жіктеу,сілтеу есімдіктерінің құрылымдық бірлігі туралы мәселе.
Етістіктер. Түркі тілдеріндегі етістік негіз сол қалпында жақтық мәнге бейтарап болғандығы.Жақтық мән не арнаулы қосымшалар арқылы (жіктік,тәуелдік жалғаулар арқылы), не бұйрық райдың ІІжағы деп танылатын тұлға арқылы берілетіні. Қазіргі қазақ тіліндегі етістік негіздердің тарихи тұрғыдан үш трлі:ал,ке-т,ке-т-ір болып келетіндігі.
Қазақ тіліндегі « өлің түбір мен қосымшадан құралған етістік негіздері (жалпы шолу).
Етістік түбірдің бұйрық райдың ІІ жағымен келуінің тарихи негізі.
Етістік негіздің жіктелуі.Ү-ҮІІІ ғасыр жазбалары мен орта ғасыр жазбалары тілінде етістік тұлғаларының жіктелу ерекшеліктері (кейбір тұлғалардың бейтарап қолданылуының себебін айқындаук тұрғысынан).
Жіктік жалғаулардың арғы негізі жіктеу есімдіктері екендігі.Ү-ҮІІІ ғасыр жазбалары тіліндегі жіктеу есімдіктерінің постпозициялық қолданысы.Жіктік жалғаулардың көпше тұлғасында (-мыз,--сыз-дар), жақтық қосымша мен көптік қосымшаның бейтараптанып, жаңа қо-сымша жалғануы.ІІІ жақ қосымшасы-ды,-ді жайлы мәселе.Жіктік жалғаулар мен тәуелдік жалғаулардыңгенезистік бірлігі жайлы мәселе.Көпше І жақ-к,ІІ жақтағы –ың жайлы әр түрлі көзқарастар (Қашқари,Богородицкий т.б.).
Етістіктердің жіктелуі мен есімдіктердің жіктелуіндегі құрылымдық бірлік жайлы.
Рай тұлғаларының дамуы.Ескі түркі тіліндегі бұйрық рай тұлғалары,олардың қолданылу ерекшеліктері.Орта ғасырлық авторлар (Қашқари,Ибн-Муханна,Абу-Хайян т.б.) бұйрық райдың ІІ жағының қосымшасының қолданылу ерекшеліктері жайлы. Түркі тілдеріндегі бұйрық райдың жекеше ІІ жағының қосымшасыз болатындығы. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері құрамында кездесетін бұйрық рай қосымшалары, олардың пайда болуы жайлы мәлімет. Бұйрық райдың көпше ІІ жағының қосымшалары: -ндар,-ңыздар,олардың мәні,құрамы,қалыптасуы.Бұйрық райдың ІІ жағы. Ескі түркі жазбалары тіліндегі қалау рай тұлғалары,олардың қолданылу ерекщеліктері.қалау, тілек мәндерінің берілуі бұйрық мәнінің берілу жолымен ұштасып жататындығы.Қалау райдың көпше І жағының көрсеткіші –қ (барайық, айталық).Қазақ тіліндегі қалау райдың күрделі тұлғалары (барғым келеді, барғысы келеді), олардың тарихи құрамы.Ескі түркі тіліндегі шартты рай тұлғасы-сар құранды екені (-са-р),орта ғасырлық жазбалар тіліндегі осы тұлғаның көрінісі.Шартты рай тұлғасының шығуы туралы көзқарастар ( барса және барғса).Ескі жазбалар тілінде бұл тұлғаның жақ бойынша өзгеру тәсілдері.Тәуелденуі соңғы құбылыс екендігі.қазақ тіліндегі бұл тұлғаның ескі күйінің іздері.
Шақтар. Ескі жазбалар тіліндегі өткен шақ тұлғаларына шлоу. Жедел өткен шақ тұлғасы –ды жайлы мәселе. Келер шақ тұлғаларының даму жолы, қалыптасуы. Ескі түркі тілінде осы шақ мәнінің берілу жолдары. Қазіргі түркі тілдерінде -ар,-ыр тұлғаларының шақтық мән туғызу жағынан айырмашылығы,оның тарихи себептері туралы мәселе. Қазақ тіліндегі отыр,тұр, жатыр,жүр етістіктерінің тарихи тұрғыдан құранды екендігі,-атын\\-етін тұлғасының қалыптасуы.Бұл тұлғаларының қалыптасуында көмекші етістікті конструкциялаудың рөлі.
Есімше. Орхон-Енисей жазбалары менг орта ғасыр ескерткіштері тіліндегі есімшелердің тұлғалық көп түрлілігі,олардың есім сөз таптарымен ұштасып жататындығы (Орхон-Енисей жазбпаларында –ы,-і,-тұқ -түк,-мыш-міш,-ма-м; «Құтадғу білігтен және басқа ұйғыр жазбаларында –ғлы,-мүс,-ған,-дүк,-р,т.б.). Бірсыпыра есімше тұлғаларының қазіргі тілде бірнеше сөз таптарының құрамында ұшырасатындығы, мұндай құбылыстың тілдік себептері мен жағдайлары.Қыпшақ тіліндегі –ған тұлғасының орта ғасырлық жазбалар тілінен кездесетіндігі.Қашқари – ған тұлғасының орта түркілік осындай қосымшадан сапалы айырмашылығы. Бұл қосымшаның тарихи параллелі-мал\\-мел қосымшасы,- ар\\-ер қосымшасының арғы негізі туралы пікірлер.-ма\-с тұлғасының –р тұлғалы есімшелерден,сын есім жасайтын –ыз қосымшасымен ұяластығы.
Көсемше. Ескі мұралар тіліндегі көсемше тұлғалары.Орхон-Енисей жазбаларында –ы,-і,-а-ә,-ұ-ү,-йу,-гелі,-ты-ті,-йын-йін,-пан-пен. Манихей жазбасында -өн,-тін-дін. Будда жазбаларында –йұ,-йү.п-үп,-қалу, М.Қашқарида, Рабғузийде бұлардан басқа –бан,-бән кездесетіні.-n тұлғасы ескі түркілік- пан-ман басқа –бан, бән кездесетіні. –n тұлғасы ескі түркілік – пан-мен ұялас екендігі,оның қалыптасу ерекшелігі. -а,-е,-й көсемшелерінің ескі түркі тілінде қолданылу ерекшеліктері, -ғалы қосымшасының құрамы,қалыптасу ерекшеліктері. Көсемше тұлғаларының септік тұлғаларының септік жалғауларымен негіздестігі жайлы мәселе.
Етіс тұлғалары. Олардың салт, сабақты етістіктермен тарихи байланысы. Етіс тұлғаларының ежелгі дәуірде сөз жасаушы аффикстер ретінде қалыптасқандығын дәлелдейтін фактілер. Етсі тұлғалары тілдің даму барысында бейтарап етістік түбірді (негізді) грамматикалық мән жағынан жіктеуші тұлғаларға айналуы. Оны дәлеледейтін материалдар. Қашқари ХІ ғасырдағы түркі тілдеріндегі етіс қосымшаларының қызметі мен мәні туралы. Етіс қосымшаларының негізі жайлы пікірлер. Қазіргі тілде байырғы түбір деп саналатын етістіктер құрамында сақталған етіс қосымшалары.
Етістік жасайтын жұрнақтар. Етістіктер мен есімдер құрамында ұшырасатын өлің қосымшалар, олардың сөздің семантикалық өзгерісне әсері. Күрделі жұрнақтар, олардың құрамы,құрама элементтерінің тілдің ескі дәуірінде түбірге жалғану ерекшелігі мен мәні. Кейбір жұрнақтардың есім түбірден де,етістік түбірден де жаңа сөз жасауының себептері.
Сөз тіркестерінің фонетикалық, грамматикалық өзгерістерге түсуі арқылы жаңа сөз, жаңа қосымша жасалуы. Бұл процестің есімдер мен етістіктер құрамындағы ізі.
Үстеу.Үстеудің сөз табы ретінде қалыптасу ерекшелігі, басқа грамматикалық кластарға қарағанда, кеш қалыптасқанын дәлелдейтін фактілер. Ескі түркі тілінде үстеу қызметінде қолданылған сөздердің аз болу себебі. Үстеу сөздердің тарихи құрамы, тілдің ескі дәуірінен қалдықтары. Бүтін сөздің үстеуге айналу себептері мен заңдылықтыры.Үстеу жасайтын жеке қосымшалар, лардың арғы негізі. Үстеулердің басқа сөз таптарымен арақатынасы.
Шылаулар. Олардың қалыптасу ерекшеліктері, мағыналық дербестікке айналуы, фонетикалық өзгерістер нәтижесінде сырт пішінінің өзгеруі. Бұл процестің тілдің синтаксистік заңдылықтарына негізделетіндігі, сөйтіп сөз тіркесі құрамында болғандығы.кейбір шылаулардың одан әрі дамып, қосмша дәрежеже-сіне жету. Жеке шылаулардың тарихи құрамы.