Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарихи грамм.кешені.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Дауыссыз дыбыстар

Ескі түркі тілі дауыссыздар жүйесі, оның қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі (орнығуы, өзгешеліктері). Түркі негіз тіліндегі дауыссыздар жүйесі жайлы пікірлер (Рясянен, Поппе, Гомбоц т.б.). Қазақ тілінде кейін қалыптасқан дауссыздар, оның тарихи-тілдік себептері, қолданылатын орындары. Дж африкаты, оның қалыптасу кезеңі жайлы пікірлер. Қазақ тіліндегі бұл африкаттың үш түрлі көрінісі (дж, ж, д). Анлаут позициясындағы ж дыбысы – қыпшақ тобындағы тілдер ерекшелігі, оның ескі жазбаларда кездесетін уақыты, элизияға ұшырайтын жағдайлары, себептері. Қазақ тіліндегі екі түрлі африкаты: әдеби тілдегі -, жергілікті ерекшеліктер құрамындағы-, оның тарихи себептері.

Мұрын жолды ң дыбысының қалыптасуы, генезисі жайлы пікірлер. Қазақ тілінде сөз соңында ұшырасатын ң-н ауысуы, мұның ң дыбысының генезистік ерекшелігіне қатысы.

Жеке дауыссыздардың қалыптасуындағы ерекшеліктер.

Ескі түркілік сөз ортасындағы ғ-г дыбыстарының қазақ тіліндегі көріністері. Сонымен қабат, орта түркі тілінде бұл дыбыстардың қатаң варианттарының кездесетіндігі. Мұндай паралельдердің қазақ тіліндегі көріністері. Ескі түркілік сөз соңындағы ғ, ғ дыбыстарының қазақ тіліндегі іздері (қатаңға айналуы, түсіп қалуы, у, и-ге айналуы).

Орта түркілік сөз ортасындағы з дыбысы, оның қазақ тіліндегі ізі (й-ге айналуы, сирек д сақталуы: азақ-айақ-ада болуы). Ескі түркілік сөз ортасындағы д-ның басқа түркі тілдеріндегідей қатаңдап, қазақ тілінде көбінесе й-ге айналуы. Бұл дыбыстың бұрынғы сапасында сақталуы сирек кездесетіндігі.

Протоалтайлық р дыбысының қазақ тіліндегі іздері: р-з сәйкестігінің , кейде р-з-й сәйкестігінің де ұшырасуы.

Протоалтайлық л дыбысының қазақ тіліндегі іздері.

Жеке дауыссыздардың қолданылу ерекшеліктері. Сөздің анлаут позициясында қолданылатын дауыссыздар (ескі түркілік осындай құбылысты қазақ тілімен салыстыру). Қазақ тілінде осы позициясында айтылатын дауыссыздардың сан жағынан молдығы, оның тарихи себептері.

Анлаут позициясында айтылатын жеке дауыссыздарға тарихи- салыстырма материалдар негізінде салыстырма материалдар негізінде талдау жасау. Қазақ тілі осы позицияда көбінесе қатаңдарды айтатын тілдер тобына жататындығы.

Ескі түркі тілінде дауыссыздардың қатаң, ұяң варианттарын жарыстыра айту фактісі кездесетіндігі, оның себептері. Сөздің абсолют басының ұяңдануының себебі мен кезеңі жайлы мәселе. Ол процестің қазақ тіліндегі ізі.

Сөздің абсолют соңы. Осы позицияда айтылатын дауыссыз дыбыстар. Ескі түркі тілінде сөздің абсолют соңында айтылатын дауыссыздар. Қазақ тілінде сөздің осы позициясында болған өзгерістер, олардың тарихи-тілдік себептері. Интервокал позицияда қатаңдардың ұяңдануы (етік-етігі, асық-асығы, қап-қабы), бірақ т дыбысының өз сапасын сақтауы (ат-аты).

Қазіргі түркі тілдерінде кездесетін дауыссыз дыбыстар сәйкестіктері (р-з-д-т-й, й-д-дж-ж, т-д, к-г, ш-с, ш-ц т.б.), олардың әр тобы әр кезең көрінісі екендігі (тілдің жаңа сапаға ауысуы, не тайпалық тілдер ерекшелігі екендігі т.б.).

Мұндай сәйкестіктердің қазақ тіліндегі көріністері.

Сингорманизм – дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі. Кейбір дауыстылардың бейтараптығы, керсінше кейбір дауыссыздардың сапалық басымдығы. Сингорманизмнің түрлері, олардың қазақ тіліндегі көріністері. Сингорманизмнің қалыптасуы жайлы пікірлер. Дауыстылар мен дауыссыздар үндесуінің тар шеңберде екендігі, оның себептері жайлы пікірлер. Сингормониялық варианттар, олардың пайда болуы жайлы гипотезалар (Радлов, Ярринг, Мунка и т.б.). Сингормониялық варианттардың түрлері, олардың әрқайсысына тән фонетикалық қоршау. Сингормониялық варианттар арасындағы семантикалық ерекшелік (ағу-ығу, маңқаю-мыңқию. Т.б.), оның тілдің сөздік қорының икемділігінің артуына әсері.

Үндестік заңының (әсіресе дауыстылар үндестігінің) көне түркі тілдерінде қатаң сақталғаны. Қазіргі түркі тілінде оның сақталуы бірдей еместігі. Қазақ тілінде дауыстылардың ерін жағынан әлсіз үндесуі.

Дауыссыз дыбыстар үндесуі заңдылықтарының (ассимиляция) дамуы. Ескі түркі тілінде кейбір дауыссыздардың ерекше тіркес (диссимиляция) құруы, ондай құбылыстың қазақ тіліндегі іздері. Дыбыстардың камбинаторлық өзгерістері. Комбинаторлық өзгерістердің тілдік негіздері және қайшылықтары.

Түркі тілдерінің дамуында ұшырасатын метатеза құбылысы, оның тілдік негізі. Метатезаның сөздің қалыптасуына әсері, қазақ тіліндегі ізі. Оның көп жағдайда сөйлеу тілінің еркіндігінен туатындығы.

Дауысты, дауыссыз дыбыстардың протезасы, эпентезасы, олардың себептері. Дауыстылар мен дауыссыздардың редукциясы мен элизиясы, олардың грамматикалық тұлғалардың, жеке сөздердің құрамына тарихи әсері. Тарихи тұрғыдан жалғастырушы дауыстылар, олардың кездесетін орындары. Р, л формалардың жаңа тұлғаларының қалыптасуына әсері. Мұндай құбылыстың ескі түркі тілінде қалыптасқандығы (М.Қашқари).

Дыбыстардың конвергенциясы мен дивергнциясы, олардың тіл құрамында омоним, синоним сөздердің, тұлғалардың қалыптасуына әсері (Богородицкий).

Ескі түркі буынының құрамы. Түркі буынының құрамы жайлы қарама-қарсы екі көзқарас: алғашқы буын үш дыбысты (бітеу буын) болған, буынның басқа түрлері кейінгі дейтін көзқарас (Баскаков) пен алғашқы буын екі дыбысты болған дейтін, ал қалған буын түрлері кейінгі дейтін пікір (Канонов), ондай пікірлердің айтылуына себеп болған материалдар.

Екпін. Сөз екпінінің орны жайлы мәселе. Бірінші буынға түскен екпіннің сөз соңына қарай жылжыуының себебі жайлы мәселе. Екпіннің орын ауыстыруының сөз құрамына әсері. Фразалы екпін, оның сөз құрамына әсері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]