Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарихи грамм.кешені.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Ііі Тарихи фонетика Дауысты дыбыстар жүйесінің дамуы

Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі жайлы мәселе . дауысты дыбыстардың қалыптасуы туралы пікірлер. Бір кездегі дауыстылардың дауыссыздарға тембрлік бағыныштылығы жайлы мәселе. «Бейтарап дауыстылар, олардың тарихи мәні жайлы пікір таластары. Ескі түркі алфавитінде дауыстылардың берілу ерекшелігі, ол жайындағы пікірлер.

Ескі түркі тіліндегі дауысты дыбыстар туралы ( Радлов, Шербак, т.б) Қазақ тілі дауыстылар жүйесі, оның ескі түркі тілі дауыстылар жүйесіне қатысы мен ерекшелігі. Қазақ тілінде қалыптасқан ә дыбысы ол жайлы пікірлер. Ә дыбысының айтылатын үш орны: Әли, жәй, шәй, әпер, әкел. Бұлардың әрқайсысының қалыптасу ерекешелігі.

Дифтонгтар. Байырғы дифтонгтар жайлы мәселе (Рамстедт, Рясянен т.б.). Ескі түркілік ғ, г дауыссыздарының дауыстылармен тіркесінің қазіргі түркі тілдеріндегі түрлі көрінісі. Қыпшақ тобындағы тілдлерде дифтонгқа , түркі тілдерінің кейбірінде созыңқы дауыстыларға ауысуы. Бұл процестің қазіргі қазақ тіліндегі үш түрлі көрінісі: а) дифтонгқа айналған, ә) редукцияланған, б) қатаң дауыссызға айналған. Осындай параллельдің тілдің даму барысында семантикалық мәнер алуы.

Жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер

Ескі түркілік о-ның қазақ тіліндегі эпизодтық ыңғайда у-ға (тоғтуу), кейде ұ-ға (оқша-ұқса, оғры-ұры) айналуы.

Ескі түркілік у-дың қазақ тіліндегі көріністері: ұ/ құл-қул, тұт-тут, бұлт-булт/; ы/ қымыз-кумыс/. Ескі түркілік е қазақ тілінде көбіне осы сапасында (кей реттерде дифтонгизацияға ұшыраса да) сақталған. Алайда, батыс түркі тілдерінде ұшырасатын, ескі түркілік е дыбысының әбден қысқарып, і-ге айналу процесінің іздері қазақ тілінде де байқалады: тег-ті. Ескі түркілік ә көбінесе осы сапасында сақталса да, кей реттерде ү-ге айналған: /көп/тей-күптей семіз, өгірек-үйрек/.

Ескі түркілік ы, і, ү дыбыстарының даму эволюциясы, олардың қазақ тіліндегі көріністерінің архетиптерінен сапалық айырмашылықтары.

Түбір құрамында (бірінші буында) тіл алды дауыстыларының тіл арты дауыстыларына сәйкес келуі, ол жайлы пікірлер (ескі түркілік ыш қазақ тіліндегі іс, ескі түркілік тыл, қазақ тіліндегі тіл т.б.). Тіл арты дауыстыларының тіл арты дауыстыларына айналуының (палатализация ) кейінгі процесс екендігі . Қазақ тіліндегі сондай сәкестердің іздері (іңір-ымырт).

Қазіргі түркі тілдері арасындағы дауысты дыбыстар сәйкестіктері (а-е, а-ы, а-и-ә. т.б.). Олардың қазақ тіліндегі эпизодтық көріністері. Дауыстылар редукциясы.

Дауысты дыбыстардың сөздің әртүрлі шенінде (позициясында) қолдану заңдылықтары (ескі түркі, қазіргі түркі тілдерімен салыстыру ыңғайында). Бір буынды түбір құрамындағы, негіздің басқы буынындағы доминанттығы. Сөздің екінші, үшінші буынынан бастап еріндік дауыстылардың айтылмауы не әлсізденуі. Түркі тілдерінің басқа топтармен салыстырғанда, қазақ тілінде қосымшалар құрамында еріндік дауыстылардың мүлдем кездеспеуі (йаруқ-жарық). Бұл ерекшеліктің көп ыңғайда қазақ тілінің арғы генезисімен ұштасып жататындығы (ескі түрі ескерткіштерінде көптеген аффикстердің бірде еріндік, бірде езулікпен айтылуы).