Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарихи грамм.кешені.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

І. Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы

Қазақтың халық тілінің жасалуының қазақтың халық болуымен тығыз байланыста қарау керектігі. Қазақ тілінің шығу тегі өте ерте замандарда басталатындығы.

Қазақ жерінде көне замандардан болған рулардан тайпалар, тайпалардан тайпалық одақтар (жүздер), тайпалық одақтардан қазақтың халық болып қалыптасқаны. Тайпалардың моңғол шабуылына дейін-ақ одақтаса бастағаны. Сол процестің ізінен ру тілдерінен тайпа тілдері, тайпа тілдерінен тайпалық одақтар тілдері, тайпалық одақтар тілдерінен барып қазақтың халық тілі қалыптасуы. Бұл процестің тек ХҮ-ХҮІ ғасырда аяқталғаны және дамудың біркелкі болмағандығы. Халық тілінің жасалуына байланысты әлі шешілмеген проблемалық мәселелер.

Іі Тарихи лексика

1. Қазақ лексикасының көне түркілік негізі, орта ғасырларды ( қазақтың халық тілі қалыптасу қарсаңында) қазақ лексикасының өзіндік белгілері анықталғаны; қазақ лексикасының одан кейін халықтық және ұлттық дәуірлерде даму сипаты. Көне заман мен орта ғасырдағы лексиканы ескерткіштер арқылы танитынымыз, ол кездегі сөйлеу тілі лексикасы бізге толық жетпегені, сөздердің жазылуы мен айтылуы қашанда бірдей бола бермейтіні.

2. Түркі тілдері лексикасның басты бір ерекшелігі түбір сөздің ықшамдылығында . ең алғашқы түбір сөздердің негізінде бір буынды және мағынасыз болып келетіні туралы мәселе. Өлі түбірлердің пайда болуы, лексика тарихының этикомологиямен байланыстылығы. Осы күнгі түркі (қазақ ) тілдеріндегі түбірлерді тарихи-салыстырма әдісі мен қайтадан қарап (тарихи реконструкция жолымен) олардың бастапқы қалпын анықтауға болатыны туралы пікірлер.

3. Қазақ халық тілінің қалыптасу дәуірлеріндегі тілдік тарихи ескерткіштерге ( М.Қашқаридің « Дивани луғати ат- тюрк» еңбегі т.б) сүйене отырып негізгі сөздік қордың сипатына, көлеміне, жаңа сөз жасауына шолу жасау. Негізгі сөздік қор жаңа сөздердің тууына өзек бола отырып, халықтық сөзжасам жолдарын бағыттап отыратыны . Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне ортақ лексика. Моңғол, қазақ тілдеріне ортақ лексика. Қазақ тілінің сөздік қорында олардың алатын орны.

4. Халық тілі қалыптасу дәуірлеріндегі басқа тілдерден (шығыс және орыс тілдерінен ) енген сөздердің сипаты. Сөз ауысудың екі тілге де әсері. Араб-парсы тілдерінен сөз ауысып алудың тоқырауы , грамматика, фонетиканы дамытуға әсері және олардың бір қатарының қазақ тілінде грамматикалық симантикалық, дыбыстық жағынан игерілу сипаты.

5. Сөз мағынасындағы өзгеріс. Көптеген сөздердің негізгі (заттық) мағынасын жоғалтып, ауыспалы мағына да қолданылуы (түлен түрту, түн баласы, бықпырт тигендей): көп мағыналы сөздердің туу тарихы. Омоним, синонимдер тарихы, олардың көп мағыналы сөздермен байланысы: функционалдық семантика лексикасының мағына дамуына айғақ бола алатыны.

6. Тұрақты сөз тіркестерінің (идиома, фраза) қалыптасу тарихы. Олардың шығу тегі жай тіркестер мен байланысты екендігі. Сөздердің бір-бірімен тіркесуінде, қолданылуында шек бар екендігі. Мағынасын жоғалтқан сөздердің идиома мен қос сөздерде сақталуы.

7. Лексиканың толығу жолдары:

а) сөз байытудың негізгі жолдарның бірі – дайын сөзді көрші тілдерден ауысып алу екендігі;

ә) байырғы сөздердің жаңа мағынаға ие болуы;

б) дыбыстық өзгерітер арқылы. Бұған сөз мағынасындағы өзгеріс, жаңалану тікелеі әсер ететіні ( ұлағы- ұлау- лау, өкімет- үкімет, ғалым-ілім, мағлұмат- мәлімет).

8. Лексикалық сөз тудыру жолдарының тарихы

а) Екі сөздің қосылуы арқылы жаңа ұғым, жаңа сөз жасалу тәсілі көне екендігі. Даму барысында соңғы (екінші компоненттің мағынадан ажырап, дыбыстық деформацияға ұшырауы- оны жұрнаққа айналдыратыны. Қазіргі қазақ тілінде ондай фактілердің молдығы (қолқақ-құлақ, білек юзік-білезік, келе тұрған- келе тұғын-келетін). Мағыналы сөздің шылауға , шылаудың аффикске айналу процесі.

ә) Аффикс (жұрнақ) арқылы сөз жасалу негізгі тәсіл екені. Сөздік құрамда қосымша арқылы жасалған түбірлердің ара салмағының басымдығы. Аффикстің мағыналы түбір сөзден шығуы туралы тарихи деректер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]