
- •Мазмұны:
- •І. Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы
- •Іі Тарихи лексика
- •Ііі Тарихи фонетика Дауысты дыбыстар жүйесінің дамуы
- •Жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер
- •Дауыссыз дыбыстар
- •Іү. Тарихи морфология
- •Ү.Тарихи синтаксис
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Пән туралы мәлімет
- •7.Курстың саясаты мен жүргізілуі
- •8.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •10. Сөж тапсырмалары мен тапсыру кестесі
- •11. Аралық бақылау сұрақтары
- •12.Әдебиеттер тізімі:
- •III. Дәрістік кешен
- •IV. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •V. Зертханалық жұмыстар мен курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау
- •VI. Студенттің өзіндік жұмысының материалдары
- •1. Студенттің өзіндік жұмысы (сөж) аумағындағы сабақтарының жоспары.
- •Тақырып 9. Зат есім. Жалғаулардың даму ерекшеліктері
- •Тақырып 14. Сөз тіркестерінің қалыптасуы, дамуы
- •Тақырып 15. Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы
- •2. Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (соөж) аумағындағы сабақтарының жоспары.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ» РМК
Педагогика факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пән: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Мамандығы: 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқыту түрі: күндізгі
АҚТАУ- 2013
Жұмыс бағдарламасына негізге алынған құжат: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ филологиясы факультетінің Кеңесі ұсынған (29.09. 2006 ж. Хаттама №1) типтік бағдарлама
Құрастырған: «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ. к. М.С.Жылқыбаева
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының 2013 ж. «___» __________ отырысында талқыланды. Хаттама №___
Кафедраның меңгерушісі: ф. ғ. к., доцент А.Н.Отарова
Факультет әдістемелік кеңесінің 2013ж. «___» _____________ мәжілісінде мақұлданды.
Хаттама № ___
ОӘК Төрағасы: п. ғ. к., доцент Г.Қалиева
Мазмұны:
1. ПӘННІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ --------------------------------------------------------4-20
2. ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ: СИЛЛАБУС ----------------------------------21-36
3. ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ -------------------------------------------------37-88
4. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ ------------------------------------------89
5. КУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУЛАРЫ -----------------------------------------------------------------------------------------90
6. СӨЖ ЖӘНЕ СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ ----------------------------------------------------91-106
7. ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ ІС-ТӘЖІРИБЕЛЕРДЕН ӨТУДІҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ НЫСАНЫ --------107
8. СТУДЕНТТІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ ------108-154
АЛҒЫ СӨЗ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Жанындағы «Білім тобындағы мамандықтар бойынша ОӘС- сы баспаға ұсынған.
Қазқстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22.06.2006ж, Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.
«Қазақ тілінің тарихи граматикасы» типтік оқу бағдарламасы ҚР – ның Білім және Ғылым министрлігінің № 289 11.05.2005ж. бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген.
Типтік оқу бағдарламасы 050117 - «қазақ тілі мен әдебиет» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған.
Бағдарлама Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қазақ филологиясы факультетінің кеңес баспаға ұсынған хаттама №1 «------» «-------» 2006ж.
ТҮСІНІК ХАТ
Ұсынып отырған бағдарлама осы курсты жүргізу тәжірибесінің негізінде түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі тарихы бойынша соңғы зерттеулерге сүйеніп жазылды. Бағдарлама Қазақ мем – тік университетінің филология факультеті ғылыми советінің мақұлдауымен 1995 жылы жарық көрген соңғы бағдарламаның негізінде жасалды. Жоғары оқу орындарының оқу жоспарында «көне жазудың тарихы, «Қазақ тілінің тарихи граматикасы деп аталатын бір – бірімен үндес курстар бар, «Көне жазудың тарихы негізінен қазіргі түркі тілдеріне ортақ мұралар тарихы мен тілдік ерекшеліктерінен хабар беруді мақсат етеді. Егер орта ғасырдың соңғы кезеңдеріне қатысты қыпшақ жазбаларын еске алмасақ, мұндай курс қазіргі түркі тілдес республикалардың бәрінде де бір сипатт, бір мақсатта оқылады.
«Қазақ тілі тарихы граматикасың курсының аталған курстан принциптік ерекшелігі бар. Ең алдымен, тарихи граматика бүгінгі тілдің фонетикалық, граматикалық құрылымының осы күйге жету жолын, эволюциясын тарихи салыстырма әдіс негізінде түсіндіруді міндет етеді. Сондықтан тарихи граматика курсы сөздердің граматикалық кластарға жіктелу тарихын, жеке граматикалық категориялардың қалыптасу эволюциясын, дыбыстар жүйесінде болған тарихи өзгерістерді, олардың тілдік лексикалық қорына, граматикалық құрылымына әсері тәрізді мәселелерді тексер керек болды. Сонда жоғарыда аталған курс тарихы фактілер береді, студенттерді осы курсты тыңдауға дайындайды. Екінші бір айырмашылық – халықтардың қалыптасу дәуірінде, сондай – ақ даму барысында болып отырған әр – түрлі экстралингвистикалық факторлар тарихи грамматика курсында белгілі бір грамматикалық категория әлде грамматикалық тұлғаның қалыптасу тарихын түсіндіретін қосымша дәлел ретінде қаралады. Қазақ тілінің дамуын жан-жақты көрсету мақсатымен бағдарламада тарихи лексика да қамтылып отыр. Жеке тұлғалардың функциялық өзгерісі де байқалып отыр. Мұның бәрі жеке грамматикалық тұлғалардың дамуын тануда үлкен көмек екені анық.
Ескі қыпшақ тілінің фонетикалық жүйесі мен граматикалық құрылысы жайлы бізге жеткен мәліметтер, бір жағынан, ескі дәуірден кейін болған тарихи өзгерістерді көрсете, екінші жағынан, қазақ халық тілінің алғашқы арнасын байқатады. Ескі қыпшақ тілінің ескерткіштерінің ішінде, әсіресе, «Кодекс куманикус тілі мен Абу Хайян грамматикасының (Китаб-ал-идрак ли-лисан ал-атрак) материалдары қазақ тілі морфологиялық құрылысының даму жолдарын түсіндіруде қажетті мәліметтер береді.
Тіл тарихының қай мәселесіде, оның ішінде фонетикалық жүйе мен грамматикалық құрылым тарихы бүгінгі тіліміздің өз құрылымындағы тіл дамуының жаңа фазасының көрінісі мен ескі дәуір іздерін айқын ажыратып тануға негізделеді. Тіл дамуының барысында болған өзгерістер әдетте бір сипатты (бір вариантты) болып келе бермейді. Белгілі бір заңдылық бір тілде (айталық, қазақ тілінде) жүйелі түрде орнықса, екінші бір тілде эпизодтық ыңғайда қалып қояды, немесе керісінше болып отырады. Сондықтан ескі мұралар тілі мен қазіргі қазақ тілі фактілерін ғана салыстыру әлі грамматикалық категория жүріп өткен жолды түгел көрсете алмайды. Осыдан келіп туыс тілдер фактілерін салыстыру қажеттігі шығады. Алайда, туыс тілдер фактілерін де белгілі бір жүйе, принцпке лайық пайдаланғанда ғана нәтиже беретіндігі белгілі. Қазақ тілінің тарихи фонеикасы мен грамматикасының жеке мәселелерін анықтау ыңғайда ең алдымен қыпшақ-ноғай тобындағы тілдердің, сонан соң жалпы қыпшақ тобындағы тілдердің фактілерін зерттеу, солармен салыстыру жемісті болмақ. Ежелгі ескерткіштер мен қазіргі қазақ тілі, туыс тілдер материалдарын өзара салыстырулардың нәтижелерін қосымша дәлелдеу үшін чуваш, якут, карайм тілдері ескі дәуірлердегі жалпы түркілік сипаттың негізгі белгілерін сақтаған тілдер екені еске алынады.
4. Түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің орнын анықтау үшін түркі тілдерін жіктеген (классификацияланған) ғалымдардың еңбектеріне тоқталудың мәні зор. Түркі танушылық жіктеулердің негізіне алынған ұстанымдарға байланысты қазақ тілі түркі тілдерінің әр түрлі тобында қарастырылған. (Қ: В.В.Радлов, Ф.Е.Корш, А.Н.Самайлович, В.А.Богородицкий, С.Е.Малов топтастырулары).
Қазақ тілін С.Е.Маловтың «жас тіл деп қарауына басты себеп болған оның фонетикалвқ жүйесінде түркі тілдері фонетикалық жүйесіндегі соңгы өзгерістердің бірі - сөз ортасындағы, сөз соңындағы ескі түркілік ағ, ег дыбыс тіркестерінің орнына дифтонгтардың қалыптасқандығы. Алайда, осы «жаңалықтар жайлы айтқанда, бұл процесті бір жақты қарастыруға болмайды. Тілдің басынан өткен қандай бір процесс болмасын тіл құрамында тарихи варианттардың шығуына алып келеді. Дифтонгтардың қалыптасуы да қазақ тілінде сондай іздердің пайда болуына алып келеді. Осыны ескерсек, қазақ тілінде бақ пен бау, сақ пен сау, бақ пен бай (қа), т.б. сөздердің соңындағы дыбыстар тарихи тұрғыдан бір ғана дыбысты екі түрлі көріністері екені айқындалады. Екінші жағынан, олай болса қатты, қызыл сын есмдердің, қал, қайт етістіктерінің аңлаутында айтылатын қ алдыңғы сөздер құрамындағы қ – мен әсте бірдей емес, арғы тегі тұрғысынан екі басқа дыбыстар болып шығады. Сөйтіп, бұл ыңғайда бір процесстің екі түрлі қырын көреміз: Бірде дифтонгтардың шығуы, екіншіден ғ, г дыбыстарының қатаңдап кетуі.
Дауысты дыбыстардың ішінде айрықша көзге түсетіні – ә дыбысы. Ә дыбысының қолданылуы позициясы ерекше, оның фонемалық мәні аздаған сөздердің (көбінесе кісі аттарының) басқы шенінде ғана көрінеді: Әли – Ғали, Әбдірахман - Қабдірахман. Мұндай сөздер құрамында ә дыбысының айтылуы әдетте шығыс тілдерінің ықпалы деп түсіндіріледі. Осы пікірді жалпы қостай отырып, дегенмен бұның бір тілден екінші тілге ауысу құбылысы еместігін ескеру қажет. Жәй, шәй сөздерінің құрамындағы ә алдыңғыдан мүлдем басқаша, фонетикалық қоршаудың нәтижесі. Ал, әкел, әпер тәрізді кіріккен сөздер құрамындағы ә- кейінді ықпал нәтижесі.
Дауыысты дыбыстар жүйесінің тарихи дамуы жайлы айтқанда, қазақ тілінің, басқа да қыпшақ-ноғай тілдері сияқты, басты ерекшеліктерінің бірі – ескі түркілік о, ә, е дыбыстарының негізінен осы сапасын сақтап қалғандығы ескерілуі керек.
Сонымен қатар, қазақ тілінде кездесетін дыбыс сәйкестіктері (о-ү, ы-і, ө-ү, т.б) қазақ тілінің негізін құраған тайпа тілдері даму барысында пайда болған ерекшеліктер мен ұштасып жататындығына, солардың ізі (реликт) екендігіне баса назар аудару қажет.
5. Дауыссыз дыбыстар жүйесі тарихи дамуының ерекшелігі жайында айтқанда, ең алдымен ескі түркі тілінің дауыссыздар жүйесінің ерекшеліге еске алынады. Сонда қазақ тіліндегі «байырғы түркілік дауыссыздар мен кейін пайда болған» жаңаң дауыссыздардың ара жігі ашылады. Алайда, қазақ тілінің қалыптасу, даму барысында қалыптасқан дауыссыздар дегенде, олардың екі тобы барлығы айрықша аталуға тиіс: біріншіден, басқа тілдерден ауысқан дыбыстар, екіншіден, жалпы түркі тілдерінде болған дыбыстардың тарихи ауысуының нәтижесі.
Басқа тілдерден дыбыс ауысу қазақ тілінле позициялық шектеліске ұшырады. Айталық, ғ, г, х (шығыс тілдерінің ықпалымен) дыбыстары осы сапасында тек сөздің басқы шенінде, онда да белгілі бір сөздер құрамында ғана айтылады.
Батыс тілдерінен ауысты деп қаралатын в, ф дыбыстары да тек белгілі сөздер құрамында ғана қолданылады.
Бірсыпыра дауыссыздар, осыдан бұрын айтылғандай, тілдің даму барысында тарихи өзгеріске түсті. Бұған сөз ортасындағы ескі түркілік д, з –ның орнына й, сондай –ақ протоалтайлық р орнына айтылатын з дыбыстарын жатқызуға болады.
Қазақ тілі консонантизмі құрамында болған өзгерістерді салыстыру (ескі жазбалар, қазіргі түркі тілдері, қазақ тілінің өз фактілері ыңғайында) арқылы айқындағанда: түркі тілдері тарихында белгілі р-д т-з -й ауысуы түгелдей, жүйе – жүйесімен емес үзік – үзік із қалдырғаны байқалады. Қазақ тіліндегі р-з, р-й, д-й, з-й сәйкестіктері жоғарғы жүйенің эпизодтық көріністері болып табылады (салыстыр: жар-жаз, көр-көз, тіре-тайа, кері-кейін, құдық-құй (қазу), жаз-жай т.б). Кейде р-з сәйкестігінің соңғы звеносы – з қазақ тілінде қараңғап (әсіресе сөз соңында) кеткені байқалады. Қазақ тіліндегі қайыз (қайыр) етістігімен салыстыр) Сөздің құрамындағы с, сондай- ақ болымсыздық қосымшасының құрамындағы с (түрікмен тіліндегі қосымшамен салыстыр) сондай құбылыстың нәтижесі.
Дауыссыздардың ішінде айрықша тоқталуды қажет ететіндерді: ж. Қазіргі қазақ тілінде жалаң ж (әдеби норма) мен аффрикат дж (диалектілік ерекшелік) бары мәлім.
М.Қашқари еңбегінде ж, дж дыбыстары қыпшақ тілі ерекшелігі делінеді де басқа тайпа тілдеріне сол позицияда й дыбысы айтылатындығы көрсетіледі. Екіншіден, қазақ тілінде кейбір фактілер ыңғайында дж-ның «екі жарылуын байқалады: жалаң-далаң, жүзу-дүзу (суға), домалау-жұлмалау (диалект). Бұл фактілер анлаут й-дың орнына кейін ж қалыптасты дейтін тезисті әсте дәлелдемейді.
Үлкен мәселенің бірі – дауыссыздардың сөздің басында, соңында айтылу ерекшеліктері. Ескі түркі тілінде сөздің абсолют басында ғ, г, л, р, з дыбыстары айтылмағаны белгілі. Қазақ тілінде ғ,г дыбыстарынан басталатын сөздер сырттан енген, басқа тілден ауысқан. Ал, р,л дыбыстарынан сөз басталуын (әдеби норманы еске алғанда) екі түрлі түсіндіруге болатындығы белгілі. (рахат, лабогрека және оғлақ – ұлақ – лақ).
Түркі тілдеріндегі сөз соңында тарихи өзгеріске ұшырағандығы мәлім. Қазақ тіліндегі сөз соңында ұяң дауыссыздардың (ғ,г,б,ал з – өте сирек) айтылмауы, сол позицияда у, й, қ. к, с дыбыстарының айтылуы сондай өзгерістердің нәтижесі.
6. Дауыстылардың үндесуі (немесе көбінесе айтылып жүргендей, сингармонизм) алтай тілдерінің ішінде түркі тілдерінде жақс сақталған, түркі тілдерінің кей бірімен салыстырғанда, қазақ тілінде қатаң сақталатыны мәлім. Мысалы, өзбек тілінде сақталмайды, бір сөз құрамында жуан буын да жіңішке буында көршілес айтыла береді. Қазақ тіліндеде басқа тілдерден енген сөздер құрамында әр келкілік бар. Мысалы: кітап, рахмет. Бірақ бұл әркелкілік тек осындай сөздермен ғана шектеледі. Екінші жағынан, дауыстылардың дауыссыздармен үндесуіде бар. Қазақ тілінде, басқа да түркі тілдеріндегідей қ, г дауыссыздары жуан дауыстыларды, ал к, г жіңішке дауыстыларды қажет етеді. Түркі тілдерінің қалыптасқан жүйесі тұрғысынан қайшы көрінетін бұл жай әзір шешімін тапқан мәселе емес. Сингармонизмнің қазіргі түркі тілдерінде екі түрлі көрінісі бар: жуан мен жуан дауыстылар, жіңішке мен жіңішке дауыстылар үндеседі. Бұл палатальдық гармония деп аталады. Сонымен қатар, түбірдегі ерін дауыстылардың үндесуі бұл лабеалдық гармония делінеді. Сингармонизмге байланысты айрықша назар аударатын мәселе – сингармониялық варианттар. Әдетте осылай аталатын жұп сөздердің шығуы – бір кездегі түркі тілдерінде дауыстылардың еріндік – езулік, жуан – жіңішкелілік үндесуінен басқа, ашық – қысаң ыңғайында үндесуі болдыма дейтін сұрақпен тығыз байланысты. Сингармониялық варианттар (кейде экспресивті – стилдік параллельдер депте аталады) көбінесе ашық қысаң дауыстылардың алмасып келуіне құрылады: талтаңдалып – тыл-тыңдау, аңқаю – ыңқию, тауысу – түгесу, тақылдау-тықылдау, шаңқыл – дау – шіңкілдеу т.б. Олардың арасында жуан – жіңішкелік үндесуге қалыптасқандарыда бар: аңқаңдау – еңкеңдеу т.б. Сингармониялық варианттардың кейбірі өзара симатикалық жіктеліске түсіп дербес мән алған: ағу – ығу, жару-жыру т.б. А.Ысқақовтың «еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың не ашық не қысаң болуы сол сөздің мағынасына әсер етеді деген пікірі алтай тілдерінің түбіріндегі ішкі флексия теориясымен үндеседі. Соңғы кезде сингармониялық варианттардың шығуы тілдің ежелгі дәуірінде болды деп қаралатын полисинтетикалық комплекс жайлы мәселелермен байланыстырылып жүр. Түркі тілдерірің полисинтетикалық құрылымы кезінде вариантталған сөздермен агглютинация құрылымы дәуірінде вариантталған сөздер тең емес.
Дауыссыздардың үндесуі (ассимиляция) бірсыпыра реттерде түркі тілдері дамуының кейінгі жемісі болса керек. Орхон-Енисей жазбалары тілінде (кейбір орта ғасыр жазбаларындада ) л мен т, м мен т, р мен т, н мен т дыбыстарының тіркестері ұшырайды. Көбінесе түбір мен қосымшаның шегінде ұшырайтын мұндай үйлесімсіздіктің (диссимиляция) орта ғасырларда сапалық үйлесімге түсе бастайды. Мысалы: қалқы, шалқы, ерке , бүрке т.б сөздер құрамынан дауыссыздардың сапалық жағынан үйлеспеуін көреміз. Бірақ бұл үйлеспеудің қазақ тілінде сөз мағынасын айыратын тәсілі ретінде қалыптасқан (жоғарғы сөздерді қалғы, бір жай әзір шешімін тапқан мәселе емес. Сингармонизмнің қазіргі түркі тілдерінде екі түрлі көрінісі бар: жуан дауыстылар, жіңішке мен жіңішке дауыстылар үндеседі. Бұл палатальдық гармония деп аталады. Сонымен қатар, түбірдегі ерін дауыстылардың үндесуі бұл лабеалдық гармония делінеді. Сингармонизмге байланысты айрықша назар аударатын мәселе – сингармониялық варианттар. Әдетте осылай аталатын жұп сөздердің шығуы – бір кездегі түркі тілдерінде дауыстылардың еріндік – езулік, жуан – жіңішкелілік үндесуінен басқа, ашық – қысаң ыңғайында үндесуі болдыма дейтін сұрақпен тығыз байланысты. Сингармониялық варианттар (кейде экспресивті – стилдік параллельдер депте аталады) көбінесе ашық қысаң дауыстылардың алмасып келуіне құрылады: талтаңдалып – тыл-тыңдау, аңқаю – ыңқию, тауысу – түгесу, тақылдау-тықылдау, шаңқыл – дау – шіңкілдеу т.б. Олардың арасында жуан – жіңішкелік үндесуге қалыптасқандарыда бар: аңқаңдау – еңкеңдеу т.б. Сингармониялық варианттардың кейбірі өзара симатикалық жіктеліске түсіп дербес мән алған: ағу – ығу, жару-жыру т.б. А.Ысқақовтың «еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың не ашық не қысаң болуы сол сөздің мағынасына әсер етеді деген пікірі алтай тілдерінің түбіріндегі ішкі флексия теориясымен үндеседі. Соңғы кезде сингармониялық варианттардың шығуы тілдің ежелгі дәуірінде болды деп қаралатын полисинтетикалық комплекс жайлы мәселелермен байланыстырылып жүр. Түркі тілдерірің полисинтетикалық құрылымы кезінде вариантталған сөздермен агглютинация құрылымы дәуірінде вариантталған сөздер тең емес.
Дауыссыздардың үндесуі (ассимиляция) бірсыпыра реттерде түркі тілдері дамуының кейінгі жемісі болса керек. Орхон- Енисей жазбалары тілінде (кейбір орта ғасыр жазбаларындада ) л мен т, м мен т, р мен т, н мен т дыбыстарының тіркестері ұшырайды. Көбінесе түбір мен қосымшаның шегінде ұшырайтын мұндай «үйлесімсіздіктің (диссимиляция) орта ғасырларда сапалық үйлесімге түсе бастайды. Мысалы: қалқы, шалқы, ерке, бүрке т.б сөздер құрамынан дауыссыздардың сапалық жағынан үйлеспеуін көреміз. Бірақ бұл үйлеспеудің қазақ тілінде сөз мағынасын айыратын тәсілі ретінде қалыптасқан (жоғарғы сөздерді қалғы, шалғы, ерге, бүрге сөздерімен салыстыр). Сөйтіп фонетикалық варианттардың тілдің даму барысында өзара жіктеліп мән – мәнерге ие болуын байқауға болады. Тарихи тұрғыдан белгілі бір дыбыстардың өзгеріске ұшырауы тілдің даму барысында сөз құрамына өзгеріс алып келді. Түркі тілдес сөздердің іргелес екі дауыссыздан басталмайтын ежелгі заңдылығы қазақ тіліндегі бірсыпыра сөздердің басында протезалық дыбыстардың пайда болуына себеп болды. Қазіргі тілімізде кейбір сөздердің басында айтылатын ж сол протезаның өзгерген түрі: ығла –иығла – жыла, йығ – йылығ – жылы т.б. Сөз ішінде қатар айтылатын екі дауыссыз дыбыстың арасында айтылатынэпентезаның дыбыстардан өмір, пікір, ресім (ресми) т.б. көптеген сөздер қалыптасқан. Жалпы протеза, эпентеза құбылыстары тіл құрамына сырт жағдайлардың әсері мен пайда болып орныққан. Сөз басындағы, сөз ортасындағы дыбыстардың элизияға ұшырауынанда көптеген сөздер тілімізде қалыптасты: әкім, әскер, өмір, мән, мәлім т.б. Сөздердің тарихи дамуында із қалдырған құбылыстың бірі – метатеза: қарғылач – қарлығаш, қошны - қоңсы, йағмур – жаңбыр. Метатезаны тану сөздің бастпқы түбірін айқындауға көмектеседі.
7. Грамматикалық құрылыстың тарихи даму эвалюциясын білу ескі, жаңа түркі тілдерінің фактірлерін қазіргі қазақ тілдерінің фактілерімен салыстырып зеттеуге құрылады. Қазіргі тіл фактілері дегенде, ең алдымен еске алынатындар – грамматикалық құрылыстың тарихи өзгеріске түскенін дәлелдейтін, тілдің ежелгі кезеңінің қалдығы болып табылатындар. Өйткені Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда «....туған тілдің «материясы мен формасының оның шығуы мен біртіндеп дамуын қадағалағанда ғана түсінікті болмақ ал мұның өзі, біріншіден, сол тілдің өзіне ғана тән «өлің формаларын, екіншіден «өлің және «тірің туыс тілдер фактілерін назардан тыс қалдыруға мүмкін емес (К.Маркс и Энгельс, Соч.Т.ХІУ, стр 327)
Қазақ (түркі) тілдерінің шығуы туралы проф. А.Ысқақов фономорфологиялық зеттеуге сүйене отырып, қазақ тіліндегі алғашқы дыбыс тіркестері, фонемалар, одан кейін мофтар, мофемалар мен байырғы түбірлер еліктеу сөздердің негізінде пайда болған, әуел бастағы тіл дыбыстары жалаң дыбыстар емес, созылынқы дыбыстық түйіртпектер (диффуздар) болса керек. Олар ойлау процесінің нәтижесі емес, қуану, ренжу, мұңаю, ауырсыну, ашулану т.б. ішкі сезімдерге байланысты одағайлар, табиғи құбылыстарға еліктеуден туған деген пікірді ұсынады.
8. Тарихи грамматиканың аса маңызды бөлігі тарихи морфология. Тарихи морфология сөздердің түбірін, олардың грамматикалық кластарға жіктелу процесін, грамматикалық формалардың шығу, қалыптасу жолдарын,қосымшалардың пайда болып,дамуын түсіндіруге тиіс. У-УІІІ ғасыр жазбалары тілінде сөздердің айқын жіктелген грамматикалық кластары-зат есімдер мен етістіктер. Сөз таптарының басқа түрлері, әсіресе үстеулер мне шылаулардың бұл жазбалар тілінде тек ізі ғана бар да, грамматикалық категориялары қалыптасқан сөз табы ретінде көрінбейді. Ал орта ғасыр ескерткіштері тілінде әлгі айтылған сөз таптарының өздеріне тән категорияларының қалыптаса бастағаны байқалады.
Септеу категориясының дамуы, қазіргі күйіне жету ұзақ процесті басынан өткізді. Қазіргі тілдегі септік жалғауларының кейбір екі түрлі ( әрине,меңдес қосымшалардың) қосымшаның бірігуі нәтижесінде қалыптасқандығы байқалады. Мысалы, барыс септік қосымшасы –ка, -қ және –а, ілік қосымшасы –ның , -ң және –ың, шығыс қосымшасы –дан, -да және –н (немесе –да –йан да –н дан) мәндес, орайлас қосымшалардың бірігуінен қалыптасқан. Ескі ,жаңа түркі тілдерінің фактілерін өзара салыстыра қарағанда , байқалатын екінші бір ерекшелік – септік жалғауларының аумақ көлемі. Қазақ тілінде арнаулы морфологиялық тұлға арқылы берілетін алты септік бар. Орхон – Енисей жазбаларында 5 түрлі (жатыс қосымшасының мәнін еске алмасақ ), бірақ олардың біразы көп вариантты. Ал қазақ тіліндегі көмекте септік мәні екі түрлі тәсілмен бірде морфологиялық тәсіл арқылы, бірде шылау арқылы беріледі. Оның үстіне, түркологиялық соңғы зерттеулер түркі тілдерінің қалыптасу дәуірінде мәндес, орайлас жалғаулардың мол болғандығын дәлелдеп отыр. Осылардың бәрін еске алсақ, септік категориясының даму барысында орайлас грамматикалық мәндерді білдіретін қосымшалар бірде бірігіп күрделенгенін, бірде қолданыстан шығып қалғанын (олардың кейбірі жеке сөздер құрамында сақталған), сөйтіп қазіргі жүйеге түскенін көреміз. Бір кезде бірнеше тұлға арқылы берілген грамматикалық мәндер бір ғана тұлғаның бойына жиналған. Қазақ тіліндегі септік жалғауларының біразы көп мәнді болуы сондай процестің нәтижесі. Бірақ септіктердің ішінде жатыс жалғаудың қызметі сараланған. Түркі тілдерінің ежелгі дәуірінде өз мәнінен басқа шығыс септік мәніде берілген қосымша – дан жалғауының қалыптсумен байланысты статикалық күйді білдіру қызметін де ғана орнығып қалды.
Септік категориясының дамуындағы екінші бір ерпекшелік- меңгеруші етістіктермен байланысты. Ескі түркі тілінде бір ғана етістіктің бірнеше септік жалғауларын меңгеруі әдеттегі құбылыс болды. Етістіктердің өз ішінде семантикалық, грамматикалық жіктелісі, яғни ежелгі диффуздық күйден ажырауы, септік жалғаулары қолданылуының да семантика- грамматикалық сферасын айқындайды. Етістіктердің лексика- семантикалық қалыптасуы бұл процесті одан әрі тереңдетті.
Қазіргі түркологияда белгілі бір дәуірлерде тәуелдеулі септеудің доминант болғандығы жиі айтылып жүр. Бұл пікір тәуелді сөздердің септелуінде пайда болатын «қыстырмаң элементінің шығуын бір кездегі тәуелдеулі септеудің басым болуының ізі, реликті деп қарауға мүмкіндік береді. Мысалы : ал-ды-ға, ал-ды-н-да: көне форма –ал-ы-на.
Сын есімдердің зат есімдермен, етістіктермен генезистік байлансы салыстырма материалдар мен дәлелденеді. Сын есімдердің сөз табы ретінде қалыптасуында адьективация процесінің мәні зор. Синтаксистік қоршау ыңғайына қарай зат есімдер мен етістіктердің есім тәріздес формалары сын, сапа мәнін білдіруде қалыптасқан. Сын есім жасайтын арнаулы морфологиялық тұлғалардың қалыптасуы да тілдің даму процесінің нәтижесі. Бұл ретте әсіресе –лы жұрнағының сын есім қосымшасы ретінде қалыптасуы көп жайды аңғартады.
Морфологиялық құрылыстың тарихи дамуын сөз еткен де баса назар аударылатын мәселенің бірі- түбірлердің синкретизмі. Н.К.Дмитриев етістіктердің граммтикалық класс ретінде қалыптасуының үш кезеңін көрсетеді. Н.К.Дмитриевтің ойынша етістіктің алғашқы жіктелуі контекс құрамында синтакситік қолданылуына қарай болды, екінші кезеңде етістіктер мен есімдер бір-біріне фонетикалық дыбыс алмасулар бойынша жіктеледі, сонан соң ғана аффиксация тәсілі қалыптасты деп қарайды. Түбірлердің ежелгі дәуірлеріндегі синкретизмі бір ғана түбірден әрі есім, әрі етістік жасалу себебін түсіндіреді. Сонда әр кез айтылып қалатын түркі тілдерінің грамматикалық құрылысы есім негізді дейтін байламның бір уақытта бірдей фактіге сай бола бермеу себептерін айқындайды. Екінші жағынан, синкретизм тек түбір сөздерден емес, қосымшалардан да байқалады . Кейбір қосымшалардың әрі етістік құрамында, әрі есім құрамында кездесуі осы синкретикалық күйден қалған қалдық.
9. Тілдің синтаксистік жүйесінің тарихи дамуы жайында айтқанда,екі түрлі басты мәселе есте болуы керек. Біріншіден, сөз тіркесі түрлерінің дамуы, сөздердің лексика – грамматикалық кластарының ерекшеліктері мен байланысып жатады. Сондықтан сөздердің грамматикалық кластары құрамында болған өзгерістер сөз тіркестері құрамында да белгілі бір ерекшеліктердің пайда болуына алып келеді. Екіншіден, сөйлем түрлерінің қалыптасыу ең алдымен баяндауыш мүшенің ерекшеліктері мен ұштасады. Осы тұрғыдан келгенде түркі тілдері тарихындағы атрибуттық тіркестердің епредикаттық тіркестер мен генезистік бірлігі жайлы мәселені ңмәнә зор. Онымен қоса, түркі тілдеріндегі предикат негізінен етістікпен есім тіркесінің есімдерге тән жалғаулар бойынша өзгеруі екені айқын.
І Кіріспе
Тарихи грамматика – тіл тарихының дербес саласы. Тарихи грамматика курсының мақсаты мен міндеті, оның тілдік сипаттама грамматикасынан айырмашылығы мен байланысы.
Қазақ тілі грамматикалық құрлысының тарихи дамуын зерттеудің көздері (диалектілік фактілер,қазіргі тіл құрамында сақталған тілдің ежелгі дәуірінң іздері, туыс тілдердің, әсіресе қыпшақ тобындағы тілдердің салыстыралы материалдары).
Тарихи грамматика курсының методологиялық негіздері.