
- •1.2 Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау бойынша негізгі заң актілері
- •I . Еңбек заңдары.
- •1.3 Гбж өндірісінде еңбекті ұйымдастырудың түрлері мен әдістері.
- •1.4 Еңбекті қорғау жағдайын бақылау органдары мен еңбек туралы заңды бұзудағы жауапкершілік.
- •1.5 Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру
- •1.6 Сәтсіз жағдайларды тексеру және тіркеу.
- •1.7 Өндірістік жарақат және кәсіптік аурулар.
- •1.8 Өндірістік бөлмелерге және жұмыс орындарына қойылатын негізгі санитарлық-техникалық талаптар.
- •1.9 Кәсіпорында оператордың жұмыс орны.
- •1.10 Желдеткіш және өндірістік ауаның жылуы.
- •1.11 Өртке қарсы шаралар мынандай жағдайларды қарастыруы керек:
- •1.12 Әртүрлі физика-географиялық аудандарда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
- •1.13 Дала жұмыстарының санитариясы мен гигиенасы.
- •1.14 Көтеріп – түсіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •1.15 Жарықтандырудың еңбектің өнімділігі мен қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •1.16 Шу мен дірілдің адам ағзасына әсері.
- •1.17 Өндірістік шаң мен улы заттар.
- •1.18 Өндірістік сәулеленулер.
- •1.19 Жұмыс жүргізушілерді жеке және ұжымдық қорғау құралдары
- •1.20 Жану түрлері мен жану үрдісі.
- •1.21 Кәсіпорынды өрттен қорғау.
- •1.22 Өртті сөндіру құралдары.
- •1.23 Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өрттің алдын алу.
- •2.1 Көлік құралдары мен арнайы машиналарды пайдалануды қамтамасыз етуге арналған жалпы ережелер мен талаптар.
- •2.2 Электрлі қондырғылар мен электрлі жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.3 Әрекеттегі электроқондырғылардағы жұмыс қауіпсіздігін қамтамассыз ететін шаралар.
- •2.4 Тау жұмыстарны жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •2.5 Бұрғылау қондырғыларын тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •2.6 Геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.7 Сейсмобарлау жұмыстары
- •2.8 Электрлі барлау жұмыстары.
- •2.9 Магнитті және гравитациялы барлау.
- •2.10 Ұгз жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.11 Көтеріп, түсіру механизмдерімен және аппаратураларды түсіріп, көтеру жұмыстары кезіндегі қт ережелері.
- •2.12 Перфорирлеу, торпедирлеу және сынама алу өндірісінің ережелері.
- •2.13 Жм тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.14 Атқыш және жарылғыш жұмыстар.
1.20 Жану түрлері мен жану үрдісі.
Жану - әдетте жарықпен жылудың көп мөлшерін бөлу арқылы жүретін тотығудың химиялық реакциясы. Жану пайда болу үшін жанғыш заттар, тотықтырғыш, жылу импульсы, туындатушы реакциялар қажет.
Қатты және сұйық заттардың жану үрдісі қатты және сұйық заттардан тыс жанатын және жылудың әсерімен жанғыш заттар ыстық сәулелерді бөледі.
Жанудың түрлері: тұтану, жалындау, өздігінен жалындау, өздігінен жану, жарылыс.
Өздігінен жану тұтану көзісіз заттың жануына әкелетін ішкі экзотермиялық реакциялардың жылдамдығының күрт арту құбылысы. Өздігінен жану температурасы - экзотермиялық реакциялардың жылдамдығының күрт артуы жүретін температура, бұл заттардың жануының пайда болуына әкеледі. Өздігінен жану тотығудың нәтижесінде жүретін жылудың жинақталуы қоршаған ортада жиналған жылудың шашылымынан артқан кезде пайда болады. Тас көмір мен қоңыр көмір, шымтезек, ағаштың ұнтақтары, майланған материалдар өздігінен жануға жатады.
Жарылыс - механикалық жұмысты жүзеге асыру мүмкіндігіне ие сығылған газдардың түзілуі мен энергияның бөлінуімен жүретін өте тез химиялық өзгерістер. Өндірісте түзілетін газдар мен булар ауамен қосылғанда жарылыс қаупі бар концентрациялар түзеді. Осы қоспалардың жарылыс қауіптілігінің параметрлерін анықтау үшін жарылымдылықтың төменгі және үстіңгі шектері жөніндегі түсініктері болады. Бірқатар газдар мен сұйықтықтар үшін жарылымның шектері мынандай:
Газ сұйықтық |
Төменгі шегі |
Жоғарғы шегі |
Метан |
5,0 |
16,0 |
Ацетилен |
3,5 |
82,0 |
Бензин А-66 |
0,3 |
5,1 |
Жарылыстың төменгі шегі деп жарылыстың болуы мүмкін болатын төменгі концентрацияны айтады, ал жоғарғы деп ең жоғарғы мүмкіндікті айтады, одан артық жарылыстың болуы мүмкін емес.
Өндірісте түзілген шаң (көмірлі, сульфидті) ауамен қосылғанда жарылыс қаупін төндіреді.
Шаңның жарылысының төменгі шегі деп 1 м3 ауаға граммен көрінетін оның төменгі концентрациясын айтады.
Шаңның жарылысының жоғарғы шегі 1 м3 ауаға бірнеше килограмм мәнімен көрінеді. Жану деңгейі бойынша материалдар мен концентрациялар үш топқа бөлінеді:
Жанбайтын материалдар оттың немесе жоғары температураның әсерімен жалынданбайды және бықсып, ісінбейді.
Қиын жанатын материалдар оттың немесе температураның әсерімен қиын жалындайды, бықсып, ісінеді және көзі болған уақытта ғана жанып, ісінеді, ал оттың көзін алып тастағаннан кейін жану мен ісіну тоқтайды.
Жанатын материалдар оттың немесе жоғары температураның әсерімен жанады немесе бықсиды, оттың көзін алып тастағаннан кейін де жанып, бықсуын тоқтатпайды.
Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділігінің шегі уақыт бойынша анықталады.
Өрт және жарылыс қаупі бар заттарды сақтаудың ережесі.
Жанғыш - бояулы материалдардың қоймасын орнату кезінде әрекет етіп тұрған құрылыс нормалары мен ережелерін жетекшілікке алу керек.
Қойманың территориясы құрғақ шөптер мен өзге де жанғыш материалдардан тазартылып, 2 метрден артық биіктіктегі қақпалармен және
ені 1 метр, тереңдігі 0,5 метр шұңқырлармен қоршалуы керек. ЖБМ ашық қоймалары өндіріс нысандары мен жергілікті жерлердегі белгілерден төмен белгілерге ие жерлерге орналастырылады. Жанғыш сұйықтықтардың ағып кетуінен қорғау үшін сәтсіз жағдайларда бұл жерлерге шұңқырларды қазып қояды. Қойманың территориясында ашық отты пайдаланып, шылым шегуге тыйым салынады. Көрінетін жерлерге ескерту жазбалары ілініп, өрт сөндіру және қорғау құралдары орналастырылады. Жұмыс участогіндегі ЖБМ сақтауға арналған жерлер лагерлерден, бұрғылау қондырғыларынан, автокөлік тұрақтарынан, дизельді электростанциялардан 50 метр қашықтықта орналасуы керек, олардың айналасына шұңқырлар қазылып қойылады. Көрінетін жерге «Өрт қаупі бар! Шылым шегуге болмайды!» деген плакаттар ілінеді.
ЖМ қоймаларының территориясында, сонымен қатар оның маңында 50 метр радиуста орман, құрғақ шөп шабылып, жанатын дүниелер жойылуы керек. өрттен қорғау үшін әрбір ғимараттың маңына 5 метрден аз қашықтықта дерн алынып, бүкіл территория ені 1,5-3 метр және тереңдігі 0,5-1 метр болатын шұңқырлармен қоршалады.
Қоймаларда өрт пайда болған жағдайда адамдардың әрекет ету тәртібі туралы нұсқаулар ілінуі керек.
Бақылау су.рақтары:
1. Жану дегеніміз не?
2. Жанудың түрлерін атаңдар?
3. Жарылыс дегенді қалай түсінесіңдер? '
4. Жарылыстың төменгі шегі деп нені айтамыз?
5. Жарылыстың жоғарғы шегі деп нені айтамыз?
6. Жанатын материалдарға анықтама беріңдер?
7. Жанғыш қасиетін қалай түсіндіресіңдер?
8. Өртен қорғау үшін алғашымен не істеу керек?
9. Автокөлік тұрақтарында қандай ескертулер болуы керек?
10. Метанның төменгі шегі нешеге тең?