
- •1.2 Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау бойынша негізгі заң актілері
- •I . Еңбек заңдары.
- •1.3 Гбж өндірісінде еңбекті ұйымдастырудың түрлері мен әдістері.
- •1.4 Еңбекті қорғау жағдайын бақылау органдары мен еңбек туралы заңды бұзудағы жауапкершілік.
- •1.5 Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру
- •1.6 Сәтсіз жағдайларды тексеру және тіркеу.
- •1.7 Өндірістік жарақат және кәсіптік аурулар.
- •1.8 Өндірістік бөлмелерге және жұмыс орындарына қойылатын негізгі санитарлық-техникалық талаптар.
- •1.9 Кәсіпорында оператордың жұмыс орны.
- •1.10 Желдеткіш және өндірістік ауаның жылуы.
- •1.11 Өртке қарсы шаралар мынандай жағдайларды қарастыруы керек:
- •1.12 Әртүрлі физика-географиялық аудандарда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
- •1.13 Дала жұмыстарының санитариясы мен гигиенасы.
- •1.14 Көтеріп – түсіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •1.15 Жарықтандырудың еңбектің өнімділігі мен қауіпсіздігіне тигізетін әсері.
- •1.16 Шу мен дірілдің адам ағзасына әсері.
- •1.17 Өндірістік шаң мен улы заттар.
- •1.18 Өндірістік сәулеленулер.
- •1.19 Жұмыс жүргізушілерді жеке және ұжымдық қорғау құралдары
- •1.20 Жану түрлері мен жану үрдісі.
- •1.21 Кәсіпорынды өрттен қорғау.
- •1.22 Өртті сөндіру құралдары.
- •1.23 Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өрттің алдын алу.
- •2.1 Көлік құралдары мен арнайы машиналарды пайдалануды қамтамасыз етуге арналған жалпы ережелер мен талаптар.
- •2.2 Электрлі қондырғылар мен электрлі жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.3 Әрекеттегі электроқондырғылардағы жұмыс қауіпсіздігін қамтамассыз ететін шаралар.
- •2.4 Тау жұмыстарны жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •2.5 Бұрғылау қондырғыларын тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- •2.6 Геофизикалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.7 Сейсмобарлау жұмыстары
- •2.8 Электрлі барлау жұмыстары.
- •2.9 Магнитті және гравитациялы барлау.
- •2.10 Ұгз жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.11 Көтеріп, түсіру механизмдерімен және аппаратураларды түсіріп, көтеру жұмыстары кезіндегі қт ережелері.
- •2.12 Перфорирлеу, торпедирлеу және сынама алу өндірісінің ережелері.
- •2.13 Жм тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
- •2.14 Атқыш және жарылғыш жұмыстар.
1.14 Көтеріп – түсіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Геологиялық барлау партиясының базалары мен өндірістік участоктарында әртүрлі жабдықтарды, аспаптар мен құралдарды, аппараттарды, бөлшектердің түрлі қорларын, құбырларды, жанғыш-бояғыш, құрылыс материалдарын, тұрмыстық мүліктер мен азық- түліктерді көтеріп- түсіруге арналған түрлі жұмыстар жүргізіледі.
Көтеріп-түсіру жұмыстарын жүргізу мен ауыз заттарды қозғалтуға жауапты тұлғаның жетекшілігімен және бұл жұмыстарға тартылған жұмысшылармен қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқауды өткізгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
Тиеуге немесе түсіруге қойылған автокөлік міндетті түрде тежеліп тұруы қажет, бортты ашардың алдында жүктің қауіпсіз орналасқандығына көз жеткізіп алу керек.
Әдетте партияның өндірістік участоктарында ауыр жабдықтардан басқа барлық жүктерді көтеріп, түсіру қол арқылы жүргізіледі. Бірақта кран, автожүктегіштер, өзге машиналар мен механизмдерді пайдалану арқылы механикаландырылған тәсілді пайдалануға болады.
Көтеріп – түсіру жұмыстарының механикалық тәсілі салмағы 50 кг асатын және ұзын жүктерді – құбырларды, орман материалдарын, рельстерді және т.б. көтеріп, қозғалтуда міндетті түрде қолданылады.
Барлық жүк көтеретін жабдықтар куәләндырылып, сынақтан өтіп, дұрыс жағдайда ғана қолданылуы қажет. Ілмектер арқанның сырғып кетуін қорғайтын құралдарға ие болуы керек, ал блоктардың роликтері арқанның диаметріне сай келуі қажет, мұнда ролик арқанының ені арқан диаметрінен1-3 мм ұзын болуы керек. Қауіпсіздік ережелеріне сай салмағы механизмнің жүк көтеру деңгейінен артық жүктерді көтеруге тыйым салынады. Механизмдердің жұмысы кезінде оларды жөндеуден өткізіп, қозғалатын бөлшектерді реттеуге, бояп, тазартуға тыйым салынады. Жүкті көтергенде, немесе оны қозғалтқан кезде жолда адамдардың болуына тыйым салынады. Механикалық құралдар жоқ болса, көтеріп-түсіру жұмыстарын адамдардың жұмыстарын жеңілдету үшін блок, таль, роликті ломдар мен тізбекті, рольганттарды және т.б. жабдықтарды пайдалану арқылы қолмен көтеруге де болады.
Ұзын заттарды 300 аспайтын бұрышта бекітілген бөренелердің көмегімен түсіріп, бекітеді; олардың арасындағы қашықтық жүктелген жүк бөренеден 1 м-ден кейін түсетіндей етіп жасалуы керек. Бөренелердің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей болып, көлк құралдарына бекітетіндей құралдармен қамтамасыз етілуі керек, сонымен қатар оның жүктің кері сырғып кетуінің алдын алатын қондырғысы да болуы шарт.
Қышқыл, сілті, өзге де сұйықтарды арнайы ыдыстарда салынған шыны ыдыстармен тасымалдайды.
Шаңды материалдарды көтеріп, тасумен айналысатын жұмысшылар респиратор мен шаңға қарсы көзілдірікті пайдаланулары керек.
Көтеріп – түсіру жұмыстары.
Көтеріп-түсіру жұмыстары МЖОС талаптарымен, «Еңбек қауіпсіздігінің стандарттарының жүйесі. Көтеріп-түсіру жұмыстары. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарына» сай орындалуы қажет.
Көтеріп –түсіру кезінде автокөлік тежеуішке басылып қойылуы керек. Автокөліктің эстакадасы мен кузовының арасында жүккөтерушілерге арналған өтпелі көпір қойылуы керек.
Шаңды жүктерді көтеріп –түсіру кезінде арнайы киімдерді киіп, респиратор мен шаңға қарсы көзілдірікті пайдаланулары керек.
Жүктерді механикалық көтергіш крандармен көтеріп, түсіруді «Жүк көтергіш крандардың қондырғылары мен оларды қауіпсіз пайдалану ережелері» және «Атқыш және өздігінен жүретін крандармен және автожүктегіштермен жүктерді қозғалту мен қауіпсіз жұмыс өндірісінің нұсқаулары» бойынша орындалуы керек.
Ауыр жүктерді қолмен тасу кезінде әр жұмысшының көтерген заты төмендегі нормадан аспауы керек:
10 кг – 16-дан 18 жасқа жейінгі бойжеткендер үшін;
16 кг – 16-дан 18-ге дейінгі ер балалар үшін;
20 кг – 18 жастан жоғары әйелдер үшін;
50 кг – 18 жастан жоғары ер адамдар үшін.
Ер адамдарға еңісті жерлер мен басқыштардан өту кезінде салмағы 50 кг, биіктігі 3 метрден аспайтын заттарды көтеруге рұқсат етіледі. Салмағы 50 кг асатын, ұзындығыда бар заттарды көтеріп, тасымалдауда механизмдер мен арнайы құралдарды пайдалану қажет.
Бақылау сурақтары:
1. Көтеріп - түсіру жүмыстарына нелер жатады?
2. Ауыр жүктерді қолмен тасу кезінде эр жүмысшының көтерген заты төмендегі нормаларын атандар?
3. Көтеріп - түсіру жұмыстарының механикалық тэсілі салмағы қанша?
4. Шаңды жүктерді көтеріп -түсіру кезінде арнайы киімдердін атаңдар?