Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ебекті орау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
596.48 Кб
Скачать

1.12 Әртүрлі физика-географиялық аудандарда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Таулы және тайғақ жағдайдағы, шөлді және жартылай шөлді аймақтарда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Жергілікті белдемде маршрут жүргізу кезінде кейін қайтуды жеңілдету үшін өткен жолды ажырата білу ұсынылады. Бұл үшін ағаштарды балтаман соққылап және т.б. әдістермен белгі қалдыру қажет. Ормандағы маршрут кезінде партия көз Бен бас қызметінің байланысын ұстап отыруы қажет. Бір-бірінен 2-3 метр қашықтықтан аспайтын алшақтықта жүру қажет. Әрбір маршрутты топта балта болуы керек.

Биік таулы аймақтарда жұмыс жүргізу кезінде топ альпинистік жабдықтармен (капронды тау арқанымен, мұзжарғышпен), сонымен қатар жеңіл және қолайлы киімдермен, жылы бәтіңкемен, ұйықтайтын қаптармен, рациямен қамтамасыз етілуі қажет. Тау баурайларында жұмыс жүргізу кезінде мықты негізге бекітілген арқанды сақтандыру белдемін кию қажет. Жаңбыр, қар көшкіні, тұман кездерінде қозғалыс пен жұмысты тоқтату тұру қажет.

Шөлді, жартылай шөлді, сусыз кеңістіктердегі геологтардың жұмыстары өзіндік ерекшеліктерге ие, мұндай жерлерде күрт континенталды климат, қатты желдер болады. Дала жұмыстарына шығардың алдында тұрғылықты жерлердің, құдықтармен, бағыттағыштардың, жолдардың бар-жоқтығы туралы мәлімет жинау қажет. Әдетте жұмыс жүргізу үшін әуе және автокөліктер пайдаланылады. Шөлді жерлерде температура сағат 11-ге қарай 35-400 жетеді, сондықтанда жұмысты таңертеңгі және кешкілік уақыттарда жүргізу қажет.

Жеңіл маталардан ашық түсті киім кию қажет. Әрбір жұмысшыға компас, жергілікті жердің картасы, қорлар, бір литр қайнаған су сиятындай ыдыс қажет. Құмды жел жақындаған кезде арқасын желге беріп жерге отыру керек.

Далалық геологиялық бөлімдердің барлық жұмысшыларында алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін қорапшалар болып, әрқайсысы сол жерде инъекция жүргізе алуы қажет.

Көшкін қаупі бар аудандардағы қауіпсіздіктің шаралары.

Қазіргі уақытта ТМД-да көшкін түзілу және көшкін режимінің түрлеріне байланысты 4 аудан көрсетілген:

1.Арктикалық;

2. Солтүстік;

3. Континентішілік;

4. Оңтүстік таулы аймақтар.

Көшкіннің уақыты ауданның бедерпішінімен және температуралық режиммен, сонымен қатар тұнбаның санымен, сипатымен анықталады. Науалық көшкін ең қауіпті болады.

Гидрометрияның Мемлекеттік комитетінің территориялық басқармасы метеомәліметтерді беруді қамтамасыз етіп, көшкін қаупінің төнгендігі туралы ескерту жасайды.

Өндірістік геологиялық бірлестіктер мен экспедицияларда көшкінге қарсы бақылау қызметі құрылады.

Геологиялық барлау ұйымының барлық жұмысшылары қауіпсіздік шаралары мен таулы аймақтарда жұмыс жүргізу кезіндегі сақтандыру тәсілдері туралы, сонымен қатар көшкін қаупі бар аудандарда жұмыс жүргізудің ерекшеліктері туралы нұсқаумен таныстырылады. ГБЖ жүргізілетін аудандарда алдын ала қауіпті белдемдерді белгілеу жүргізіледі. Көшкінді белдем көшкін басталғанға дейін 15 күн бұрын ескерту белгілерімен қоршалады. ГБЖ нысандары мен оған қатысушылар ГБЖ маңында орналасқан баспанамен қамтамасыз етіледі.

Әрбір жұмысшы көшкін жағдайында бірінің артынан бірі өтіп отыру үшін ұзындығы 30-40 метр болатын көшкін бауымен қамтамасыз етілуі қажет. Көшкінді участоктарды 5 адамнан тұратын топтармен 100 метрге дейінгі қашықтықты, ал шаңғымен 150-200 метрлік қашықтықты сақтай отырып кесіп өту қажет.

Көшкін болған жағдайда мына операцияларды жасау керек:

  1. шаңғыларды тастап, қауіпсіз жерге қашу;

  2. қар басып қалса, беті мен кеудесіне ауа беріп, тұмсығы мен аузын жабу керек;

Ежелгі тау қазындылары мен карст білінетін аудандарда жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

ГБЖ кезінде, оның ішінде далада және түсіру жұмыстары кезінде теңіздер, саздар, касртсі білінулер мен тасталып кеткен тау қазындылары ерекше қауіптілік төндіреді. Мұндай жағдайда «ізбе із», бір-бірінен 2-3 метр қашықтықта қозғалу қажет.

Сазды жерлерде «ізбе із» жүруге болмайды. Жүріп келе жатқан адамдар ұзын қадаларға ие болып, бірге жүріп отыруы керек және сақтану үшін арқан ала жүру қажет. Тұтқыр жерлерден жүру кезінде гати жасау қажет. өрілген шаңғыларды пайдалану ұсынылады.

Бақылау сурақтары;

1. Шөлді жерлерде температура сағат 1 Іде қаншаға жеттеді?

2. Күн ыстықта қандай киімдер кию қажет?

3. Әрбір жүмысшының қолында не болуы қажет ?

4. ТМД-да көшкін түзілу жэне көшкін режимінің түрлеріне байланысты 4 ауданды атаңдар?

5. Ормандағы маршрутта адамдардың ара қашықтығы қанша метрден астауы керек?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]