Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ебекті орау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
596.48 Кб
Скачать

1.11 Өртке қарсы шаралар мынандай жағдайларды қарастыруы керек:

  • өндірістік, санитарлы-тұрмыстық, тұрғылықты және өзге нысандарды өртке қарсы құралдармен жабдықтау;

  • өрттік суқоймалар мен сарайларды жабдықтау және олардың қондырғылары;

  • еркін өртке қарсы топтарды ұйымдастыру мен оқыту.

Медика-санитарлы іс-шаралардың кешеніне медициналық тексерулер, аурудың алдын алатын егулер, дала жұмысы кезінде медициналық қызмет көрсету, улы жануарлар мен қансорғыш жәндіктермен күреске арналған іс-шаралар енеді.

Геологиялық барлау жұмыстарында еңбектің қауіпсіз жағдайын құруда өнеркәсіптің өзге салаларындағыдай жаңа техникаға басты назар аударылады.

Қазіргі уақытта геологиялық барлау жұмыстарының көпшілігінде әртүрлі техника кеңінен қолданылуда. Егерде конструкциясы қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитария мен өртке қарсы техниканың талаптарына жауап берсе жабдықтарды қолдануда жұмыстың қауіптілігі жойылады.

Жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіз жағдайларды құру конструктирлеу кезінде техникалық есептеулерден көрінеді. Олар эргономика, антропометрия, сонымен қатар эстетиканың нормаларына сай келуі қажет. Техникалық есептеулер конструктирлеу кезінде жүккөтергіш және өзге де жабдықтар мен аспаптардың жүктемелі элементтерін қажетті беріктікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, бірақ технологиялық үрдістерге қатыспайтын қарапайым құралдарға: басқыштар, үзеңгі, траптар, көпірлер, люлькалар және т.б. жатады. Жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдардың беріктігі есепке алынады, қажет болған жағдайда тұрақтылығы да есептелінеді. Осы мақсатты қабылдаулы және кезееңді сынақтар өткізіледі. Сынақтың көлемі мен бағдарламасын құралдарды пайдалану жағдайына байланысты бекітеді. Геологиялық барлау жұмысының кез-келген түрінің қауіпсіздігі біршама мөлшерде далалық партия мен отрядты түрлі құралдар мен материалдар енетін далалық құрал-жабдықтардың кешенделуіне бағынышты болады.

Қауіпсіздік ережелерімен далалық жабдықтаудың арнайы тізімі бекітілген, оған қорғаушы, күзеттік, құтқарушы, сигналды құралдар, байланыс құралдары, бағыттық жабдықтар енеді.

Геологиялық барлау жұмыстарының ерекшеліктерін есепке ала отырып «Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері» бойынша геологиялық партиялардың дала жұмыстарына шығу тәртібі бекітіледі. Партиялар дала жұмыстарына толық дайын болған кезде ғана далаға шығуға рұқсат етіледі. Дайындықтың жағдайы актімен рәсімделіп, оған партия басшысы, кәсіподақ ұйымының өкілі, қауіпсіздік техникасы бойынша инженер қол қояды, актіге қосымша мынандай құжаттар тіркелуі қажет:

  1. көлік құралдарының техникалық дұрыстығы мен дайындығы туралы акт;

  2. партия персоналдарының жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша емтихан тапсырғандығы туралы хаттамалары;

  3. партияда бар құрал-жабдықтардың, байланыс пен сигнал құралдарының, құтқарушы құралдар мен дәрі-дәрмектердің тізімі.

Акт жоғарыда тұрған ұйымның жетекшісімен бекітілуі қажет. Партияның дайындығын тексеру барысында табылған кемшіліктер дала жұмысына шыққанға дейін жойылуы қажет.

Қарапайым физико-географиялық және климаттық жағдайлардағы геолого-іздеулік және геолого-түсірулік жұмыстарға 16 жастан жоғары адамдарға ғана рұқсат етіледі.

Тұрғылықты емес, таулы, тундралы, шөлді, жартылай шөлді аудандарда жұмыс жүргізуге 18 жастан жоғары адамдарға рұқсат етіледі.

Геологиялық барлау ұйымдарына жұмысқа алынған адамдар денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген тәртіпте міндетті түрде алдын ала және кезеңдік медициналық тексеруден өтуі керек.

Іздеу – түсіру бөлімінің жұмысшылары осы бөлімдерде еңбек ұйымымен қарастырылған техникалық қауіпсіздік пен өндірістік жұмыстарға оқытылуы қажет.

Геологиялық барлау жұмыстарының техникалық жетекшілігіне арнайы мамандыққа сай тау-кен техникалық білімі бар адамға мүмкіндік беріледі.

Төрт курсты бітірген жоғарғы оқу орындарының геологиялық барлау мамандығының студенттеріне егерде оқу орнында ұқсас пән мен қауіпсіздік техникасынан емтихан тапсырған жағдайда іс-тәжірибеден өту кезінде инженер-техник маман ретінде жұмыс жүргізуге рұқсат етіледі.

Өндірістің сипаты мен қауіпсіздік деңгейіне қарамастан геология Министрлігінің барлық кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмысшыларға қауіпсіздік техникасын оқыту біліктілікті жоғарлату кезінде, нұсқаудың әртүрлі түрлерін жүргізуде, жаңа жұмысшыларды дайындауда жүргізіледі.

Жалпы жетекшілік пен оқытуды ұйымдастыру кәсіпорын жетекшілігіне жүктеледі. Оқытуға қатысты типтік бағдарламалар, оқу-әдістемелік және нормативті-техникалық құжаттар министрлікпен бекітіледі.

Қауіпсіздіктің жоғары талаптары қойылатын жұмыстарда жұмыс істейтін жұмысшыларды оқытудың бағдарламасы геологиялық барлау жұмыстарының жұмысшыларының кәсіподағының орталық комитетімен келісіледі.

Жұмысшы өзі қауіпсіздік техникасын оқыған жұмысқа ғана жіберілуі керек, оны басқа жұмысқа жіберуге тыйым салынады.

Жаңадан келген жұмысшыларды дайындау кезінде еңбек қауіпсіздігіне оқыту еңбекті қорғау пәнін оқытқандай, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігінің стандарттарының талаптарын оқыту міндетті болатын ұқсас пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылады.

Жаңадан келген жұмысшыларды еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін тәжірибелі түрде үйрету өндірістік оқыту кезінде нұсқаушының жетекшілігімен геологиялық ұйымның оқу-курстық комбинатының оқу-өндірістік базасында немесе білікті жұмысшының жетекшілігімен жұмыс орнында жүргізіледі.

Геологиялық ұйымдардың оқу-өндірістік базасы оқу сыныптарынан өзге де бұрғылау қондырғыларымен, оқу шеберханаларымен жабдықталған.

Жаңадан қабылданған және бір жұмыстан екіншісіне ауысқан барлық жұмысшылар, сонымен қатар іс-тәжірибеге келген оқушылар мен студенттердің барлығы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өтуі керек.

Нұсқаулықты өткізудің сипаты мен уақыты бойынша жұмысшыларды жұмыс орнындағы кіріспе, алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және ағымды деп бөледі.

Кіріспе нұсқаулықты қауіпсіздік техникасының жұмысшысы жүргізеді. Оны жүргізу үшін арнайы қызметтің мамандары тартылады. Нұсқаулықтың өзге түрлерін жұмыстың тікелей жетекшілері – шеберлер, участоктардың, цех, зертханалардың басшылары өткізеді. Білімі мен мамандығы бойынша еңбек өтіліне қарамастан инженер-техник жұмысшылар мен қызметкерлерде кіріспе нұсқаулықтан өтеді. Кіріспе нұсқаулықтан кәсіпорын немесе ұйымның жетекшісі мен олардың орынбасарлары ғана босатылады. Кіріспе нұсқаулықта еңбекті қорғау кабинетінде немесе оқытудың техникалық құралдарын – кино, диопроектор, магнитофон, оқыту машиналары мен оқу-көрнекі құралдармен арнайы жабдықталған оқу сыныптарында жүргізіледі. Кіріспе нұсқаулықты жеке немесе 10 адамнан аспайтын шағын топтарда өткізеді.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаулық жаңадан қабылданған, бір жұмыстан екіншісіне ауысқан барлық жұмысшылармен және іс-тәжірибеден өтуге келген студенттермен жүргізіледі. Бұл нұсқаулықты ұйымның жетекшісі бекіткен бағдарлама бойынша іс жүзінде еңбектің қауіпсіз тәсілдерін көрсете отырып әрбір жұмысшымен жеке жүргізеді. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаулық кезінде оқып жатқан адам технологиялық үрдістермен, құрал-жабдықтармен және аспаптармен таныс болады. Жұмысшыны өндірістік қауіптілікпен, өндірістік жарақат жағдайымен, жұмысты орындау кезіндегі кәсіби аурулармен, жұмыс орынын, құрал-жабдықтар мен аспаптарды қабылдап, тапсыру ережелерімен, сонымен қатар жұмыс өндірісіне дайындық тәртібімен таныстырады.

Жарты жылда бір реет алғашқы нұсқаулықтан өткен жұмысшылардың барлығы қайталама нұсқаулықтан өтеді.

Еңбекті қорғаудың ережелерін, технологиялық үрдістерді өзгерткенде, бұрынғыдан ерекшеленетін жабдықтарды уыстырып немесе модернизациялағанда жоспардан тыс нұсқаулық өткізіледі.

Жұмысшылар қауіпсіздіктің талаптарын бұзғанда, олардан қауіпсіздіктің талаптары бойынша қанағаттанарлықсыз білім деңгейін байқаған жағдайда, жұмыс расында үлкен үзіліс болғанда жоспардан тыс нұсқаулық жүргізіледі.

Ағымды нұсқаулықты жеке немесе саны 10-ға дейін жететін жұмысшылар тобында наряд-жіберулерді (рұқсат, жолдама) рәсімдеуді талап ететін жұмыстарға жібергенде, сонымен қатар қорғаныс зонасы бар нысандарда жұмыс істеу кезінде және күрделі технологиялық операциялардың өндірісі кезінде жүргізеді. Қауіптілігі жоғары жұмыстардың тізімі салалық стандартпен бекітілген.

Бақылау сурақтары:

1. Іздеу дегеніміз не? •»

2. Ағымды нүсқаулықты қалай түсінесіңдер?

3. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаулық ?

4. Кіріспе нүсқаулықты атандар?

5. Дайындықтың жағдайы актімен рэсімделгенде қандай басшылар кіреді?