Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.76 Mб
Скачать

4. Әріден будандастыру

Әріден будандастыру туралы ұғым. Әріден будандастыру деп әр түрлі түрлер мен туыстарды шағылыстыруды айтады. Әріден будандастыруда түрлі түрлердің жекелеген гендері мен хромо-сомаларының комбинациялануын пайдаланады, ал кейде (ал-лоплоидты будандарды алу кезінде) бүтіндей геномдардың комбинациялары пайдаланылады (13-тарауды қара), осының нәтижесінде жекелеген жағдайларда будандарда биологиялық және систематикалық жағынан алыс формалардың қасиеттерін үйлестіруге мүмкіндік туады.

Әріден будандастыру, әдетте, қиындықпен жүзеге асырыла-ды. Мұның себептері әр түрлі болуы мүмкін: көбею циклдерінің сәйкес келмеуі, жануарлардың бір түрінін, басқа түрде жыныстық рефлекс тудыруға қабілетсіз болуы, жыныстық аппарат құрылысының сәйкес келмеуі, жануарлардың басқа түрінің жыныс жолдарында спермалардың қырылуы, өсімдіктердің тозаң түтікшелері мен аналық тканьдерінің сәйкес келмеушілігі.

Шағылыспаушылықты жеңу әдістері. Шағылыспайтыи өсімдіктердің кедергісін жеңу үшін И. В. Мичурин бірнеше әдістер жасады: тканьдерді вегетативті жақындастыру мақсатымен алдын ала ұластыру, тозаң қоспаларымен тозаңдандыру және т. б.

Тканьдердің оның ішінде генеративті органдардың химия-лық құрамын өзгерте отырып, өсімдіктердін, бір түрін басқасына алдын ала ұластыру түрлердің шағылысуын жеңілдете түсуі мүмкін, өйткені бүл жағдайда аналық әсімдіктің аналығында тозаң түтікшелерінің өну мүмкіндігі үлғая түседі. Мысалы, Мичурин шетен (рябина) қалемшесін ересек алмүрт ағашынын, кронасына үластырған. Гүлдеген кезде алмүрт тозаңын шетениің үрықсызданған гүлдеріне және керісінше, шетен тозаңын алмүрт гүлдеріне апарған. Осындай әдіспен әдетте жеміс өсім-діктерінің шағылыспайтын түрлерінің арасында ғана ёмес, сондай-ақ бір жылдық өсімдіктер — астық түқымдастардық, беде және басқаларының будандарын алудың да мүмкіндігі болады.

Өсімдіктердің алуан түрлеріне, түршелеріне жататын то-заңдар қоспасы да, түрлердің шағылысуын жеңілдете түсуі мүмкін, өйткені генотиптері әр түрлі тозаң түтікшелері біріне-бірі аналықта түтікшелердің өсуіне қолайлы жағдай жасауы мүмкін.

Соңғы жылдары тканьдерді немесе арнаулы жасанды орталарда будан үрықтарды өсіру әдісі жетілдіріле түсуде, бүл бу-дан үрықтардың тіршілік қабілетінің болмауын жеңуге және ересек өсімдіктерді алуға мүмкіндік береді.

Әріден будандастырудың стерильділігі. Селекцияда әріден будандастыруды қолданудағы елеулі кедергі будандар үшін кәдімгі стерильділік болып табылады, ол ядро мен цитоплазманын, сыйыспауынан және мүыын, нәтижесінде генеративті тканьдердің даму процесінде митоздардың бүзылуы, сондай-ақ нәти-жесінде хромосомалар жиынтығы балансты емес гаметалар түзілуін қамтамасыз ететін мейоздағы хромосомалар коньюга-циясының бүзылуы болуы мүмкін.

Әріден будандастырудан алынатын будандардыц стерильді-лігін жедудің перспективті әдісі амфидиплоидтар алу болып табылады (13-тарауды қараңыз).

Селекцияда әріден будакдастыруды қолдану. Өсімдіктер селекциясында, бәрінен бүрын, вегетативті көбейтілетін болғандықтан, әріден будандастырудың үлкен маңызы бар, ө*йтке-ні әрірек будандардың вегетативті көбейе алатындығы стериль-ділік проблемасын алып тастайды. Мәселен, жабайы, вирусты ауруларға иммунды қант құрағының түрлерін қытайлық мәдени формалармен шағылыстыру қант өнімін үш есе арттыруға мүмкіндік берді. Практикада картопты, жүзімді және т. б. түр аралық будандастыру кеңінен пайдаланылады.

Әдетте, жабайы түрлердің генотиптері, оларды мәдени фор­малармен шағылыстырғанда, бірінші ұрпақтың гибридтеріне «мәдени» белгілерді түншықтыра отырып әртүрлі ауруларға, тіршіліктін, қатал жағдайларына қарсы иммундылық пен тұрақтылық береді; бүл жағдайда «дақылдық» белгілер басып тас-талады. Бүл, шамасы, табиғаттық түрлердің будандарға көбіне кеп жағдайда өзінше доминантты болатын жабайы типтің гендерін беретіндігімен түсіндіріледі. Мәселен, совет генетиктері Н. Н. Бутарин, Б. Ф. Румянцев және басқалары (Я. Я. Лустьщ басшылығымен) 30-жылдарда биязы жүнді және қылшық жүн-ді қойларды жабайы арқар қойымен будандастыруда бастады. Н. Н. Бутариннің көп жылдық селекциясы нәтижесінде биік таулы жайылым жағдайларына бейімделген биязы жүнді ар-қар-меринос түқымы жасалды.

Жуырда СССР-де бестер деп аталатын қорытпа балықтың (Huso) стрелядьпен (acipenser) туыс аралық буданы алынды. Бестер әке-стерлядь сияқты өте тез жетілгіш және өте жақсы дәмдік сапаға ие, анақорытпа сияқты ірі және жыртқыш. Бар-лык бекіре түқымдас балықтардан өзгешелігі ол қапаста жақ-сы өсіріледі, бүл өзендерді реттеу мен бекіре түқымдастарды табиғи өндірудің мүмкін еместігі жағдайында өлшеусіз қасиет болып табылады.

Әріден будандастыру микроорганизмдердің селекциясында да қолданылады. Мәселен, ашытқыньщ екі түрінің буданында — Saccharomyces cerevisiae және S. carlsbergensis — екі түрдің де қанттарын гидролиздейтін ферменттері болады. Осының нә-тижесінде ол сірнеден спирттің көп шығуына мүмкіндік жасай-ды. Бүл буданды штамма ажырау бермей-ақ вегетативті жол-мен шексіз үзақ көбейе алады.