Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

8. Мутацияларды есепке алудың кейбір методтары

Мутацияларды есепке алу методтарының ерекшеліктері.

Объектінің негізінен алғанда, организмнің кебею ерекшеліктері-не байланысты мутацияларды табу әдістері түрліше болуы тиіс. Мутацияның көріну сипаты да оны табу методын айқындайды. Кейбір көрінетін морфологиялық езгерістерді айтарлықтай дәл анықтауға болады: көп клеткалы организмдердегі физиология-лық және биохимиялық өзгерістерді анықтау едәуір күрделі бо-лып табылады. Көрінетін доминантты мутациялар бәрінен де оңай табылады, өйткені олар бірінші ұрпақтың өзінде-ақ гет-розиготалы күйде байқалуы мүмкін, ал рецессивті мутацияларды талдау қиындау болады, оларды гомозиготалы күйге келтіру қажет. Рецессивті мутацияны анықтау үшін бірқатар үрпаққа ар-найы генетикалық талдау жүргізу талап етіледі.

Генетикалық түрғыдан алғанда жақсы зерттелген, анықтал-ған тіркесу топтары бар объектілер (дрозофила, жүгері, бірқатар микроорганизмдер) үшін жаңа мутацияларды зерттеу жұмысын жүргізу айтарлықтай оңай болады. Бұл объектілер үшін мутациялар жиілігін есепке алудың арнаулы методы жасалған.

Дрозофиланың көрінетін мутацияларын есепке алу. Дрозо-филаның жыныс хромосомасындағы көрінетін мутацияларды табу үшін хіабайы типтің талданатын особьтарын Х-хромосомадағы рецессивтік гендер қатары бойынша гомонемесе гемизиготалы болып табылатын особьтармен шағылыстыруды пайдалануға болады. Бұл жағдайда Ғгден жабайы типтің гетерозиготалы

ұрғашыларымен І^г-Аг іқатар, белгілі бір рецессивті белгілері

көрінетін жекелеген особьтарды (==гзг) Да байқауға болады.

Олардың көрінуі тиісті генде (бұл мысалда а гені) мутацияньщ пайда болғанын білдіреді.

Дрозофиланың рецессивті, жыныспен тіркескен летальды му-тациясын есепке алу. Мутацияның мүндай типін есепке алу үшін Г. Меллер СІВ және М-5 (Меллер-5) методын жасады. М-5 ме-тодының нақты сипаттамасы «Генетиканың практикалық сабақ-тарына басшылықта» берілген. Бүл методтың мәні мынада: X-хромосомасында, гемизиготалы күйде рецессивті летальды мутациясы бар еркек особь тіршілікке қабілетсіз болады. Бұл жағдай .Гг-де фенотипі бойынша еркек особьтардың белгілі бір класының түзілмеуіне әкеп соғады, ал мүның өзі летальдардьщ бар екендігін көрсетеді-

Басқа объектілердегі мутацияларды есепке алу. Басқа объектілер (тышқан және т. с. с.) үшін де мутацияны табудың осындай методтары жасалған. Олардың негізіне де аталған принцип-тер алынған: 1) рецессивті мутацияны гомонемесе гемизиготалы күйге көшіру арқылы табуға болады, 2) гетерозиготалы особь-тарда кроссинговер болмайтын жағдайларда ғана мутациялардың пайда болу жиілігін дәл есептеуге болады.

Микроорганизмдер мутациясын табу методтары 15-тарауда қарастырылатын болады.

Доминантты летальды мутациялардың пайда болу жиілігін есепке алу методикасы сүт қоректілер (тышқан, үй қояны, ит, шошқа т. с. с.) үшін барынша қанағаттанарлық дәрежеде жасалды. Мутациялардың жиілігі туралы аналық безіндегі сары денелер мен іші жарылған буаз ұрғашының дамып келе жатқан эмбриондарының саны арасындағы айырмашылық бойынша қорытынды жасайды.

71-сурет. Сгеріз сарпіагіз тамыршасының клеткасындағы метафазадағы симметриялы хроматидті транслокация.

Адамда мутацияның пайда болу жиілігін есепке алу өте қиын, алаида генеалогиялық, яғ-ни шығу тегі шешіресін талдау жаңа мутациялардын, пайда болуын анықтауға мүмкіндік бе-реді. Егер жұбайлардың шығу тегі шежіресінде бірнеше ұрпақ бойында қандай да бір белгі кездеспей, балаларының бірінен байқалса және келесі ұрпаққа тұрақты беріле бастаса, онда бүл жұбайлардың бі-рінің гамет.асында мутацияның пайда болғандығы жөнінде айтуға болады (бұл туралы 28-тарауда толығырақ айтылады).

Хромосомалық қайта құрылуларды есепке алу. Генетикалық методтармен табылатын летальды мутациялар генотиптік табиғаты бойынша әр түр-М болуы мумкін. Бүған әр түрлі хромосомалық қайта құрылулар, сондай-ақ жекелеген гендердегі өзгерістер жатады.

Белгілі бір типтегі хромосомалық қайта қүрылу жиілігін цитологиялық әдістерді пайдалану арқылы есепке алуға бола-ды. Дрозофила мен басқа да қос қанатты насекомдардың сілекей бездерінің алып хромосомалары талданады, ал өсімдіктердің немесе жануарлар мен адам тканінің культурасынан хромосомаларды митоз метафазасы мен анафазасында талдауға болады.

Анафазалық есепке алу методы көпірлер мен фрагменттерді анықтауға мүмкіндік береді. хЧетафазалық есепке алу методы еңбекті көп қажет етеді, бірақ дәл болады, ол зақымданудың басқа да түрлерін, мысалы үзілу мен алмасуды үқсастырып теңестіруге мүмкіндік береді. Симметриялы хроматидті транслокация кезінде сіңлілі хроматидтер арасындағы коньюгация әсері-нен метафазада крест сияқты фигуралар" пайда болады, ол 71-суретте жақсы көрсетілген.

Хромосомаларды дифференциалды бояу методы жануарлар мен адам тканьдерінің культурасындағы клеткалардан хромосо-малық аберрация типін айқындап қана қоймай, сондай-ақ хромосоманың қандай локустары қайта қүрылу процесіне ушырағанын анықтауға да мүмкіндік береді.