Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

4. Инфекция және эндосимбионттар арқылы тұқым қуалау

Өзін-өзі өндіре алатын қасиеттері бар әр түрлі симбионттар цитоплазма арқылы берілуі мүмкін және осының нәтижесінде цитоплазмалық тұқым қуалағандай алдамшы кәрініс (имита-ция) бере алады.

Инфекция арқылы тұқым қуалау. Тышқандардың сүт безде-рінде рак ауруы дамуына бейім тұқым қуалайтын линия бо-лады, ауруға ондай бейімділік тек үрпағын емізу кезінде ғана аналық линия арқылы тұқым қуалайды. Егер ракты линиялар-дан аналарына — сүтпен асыраушыларға ракты емес линиялар-дан тышқан балаларын салып қойса, онда тышқанның мұндай балалары да сүт бездерінің рак ауруына бейім болып еседі. Егер ракты линиядан туған тышқан балаларын туғаннан бас-тап қалыпты тышқандар емізсе, онда тышқан балалары ауырмайтын болады. Сонымен катерлі ісікті бүл жағдайда ана сүтіарқылы берілетін инфекция туғызады. Бүл инфекциялық агент сүт факторы деп аталды. Онда вирустық табиғат бар екені анықталды.

Эндосимбионттар арқылы тұқым қуалау. Рагатесіит аигеііа инфузорияларының кейбір линияларының цитоплазмасында каппа-бөлшектер деп аталатын арнаулы бәлшектер болады және оны ол өзі жүрген ортаға беліп шығара алады. Каппа бөл-

59-сурет. Инфузорияда К гені аллельдерінің және каппа-бөлшектерінщ тұқым қуалау схемасы. Қаппа-бөлшектері қара нүктемен белгіленген.

шектердің өз иелеріне («өлтіргіштер») ол әсер етпейді, ал бас-қа линиялардың парамецріялары (сезімталдар) ондай заттардың әсерінен өледі.

Каппа бөлшектері парамециялар үшін эндосимбионттар бо-лып табылатын бактерия (СаесіоЬасіег іаепіозрігоііз) екені жақында анықталды. Ондай бактериялардың өздеріне тән белок лентасы бар, ол ленталарда бактерия симбионттары-фагтар орналасады. Сонымен мұнда өзіне тән үш жақты симбиоз бар; инфузория—бактерия—фаг.

Каппа-бөлшектер сезімтал инфузорияның ас қорытушы ва-куоліне түскеннен кейін бактерияның белок лентасы жазылады.Фагтардың тіршілік әрекеті нәтижесінде белок табиғатты бір заттар түзіледі, сірә, инфузория өліміне осы зат себепкер болса керек.

Каппа-бөлшектердің цитоплазмада сақталуын және олардың «өлтіргіш» инфузориялардың бөліп шығаруын доминантты ген /( бақылайды; оның рецессивті аллелі к олардың сақталуына әсер етпейді. «Өлтіргіш» инфузориялар тікелей бөлінгенде үнемі осындай «өлтіргіш» қасиеттері бар клон береді. Тиісті жағдай-ларда шағылыстыруға мүмкіндік туады, яғни «өлтіргіш» және сезімтал инфузорияның екі клеткасы конъюгацияланады.

59-суретте К және к аллельдерінің түқым қуалау және кап-па-белшектердің таралу схемасы берілген. Бастапқы формалар гомозиготалар (КК және кк) болып табылады, &л эксконъюгант-тар — гетерозиготалылар (Кк). Эксконъюганттардың келесі автогамиялары кезінде микронуклеус пісіп-жетілуінің екі бөлінуі жүреді. Пайда болған гаплоидты терт ядроның үшеуі дегенера-цияға үшырайды, ал қалған бір ядро митоздық жолмен бөлі-неді. Осының нәтижесінде гаплоидты екі пронуклеус түзіледі де, сонан соң қүйылысып қосылады, сөйтіп дпплоидты және міндет-ті түрде гомозиготалы микронуклеус (қарастырылып отырған мысалда КК немесе кк) пайда болады. Эксконъюганттар авто гамиясы нәтижесінде генотипі бойынша 1 : 1 қатынасында ажырау байқалады, «өлтіргіш» (КК) мен сезімтал (кк) каппа-белшектерінің таралуы ата-аналық клеткалар конъюгациясы-ның үзақтығына тәуелді болады. Егер конъюгация қысқа мер-зімді ғана болса және тек микронуклеустер ғана алмасса, ал эксконъюганттар цитоплазмасын алмастыруға үлгіре алмаса, онда каппа-белшектер сезімтал әріптесінің цитоплазмасына ен-бейді және бастапқы клетканың тек езінде ғана қалады. Егер конъюгация жеткілікті үзақ уақытқа созылса, онда сезімтал клеткадан шығатын эксконъюгант К генін ғана қабылдап алып қоймайды, өзі генотипі бойынша Кк болады, цитоплазмасында да каппа-бөлшектер болады. Келесі бәлінулерде бұл парамеция «өлтіргіш» клон береді. Каппа-бәлшектер инфузория цитоплаз-масында көбейеді және К аллелі болса ғана сақталады. Егер олар сезімтал клетканың (кк) цитоплазмасына түсетін болса, онда олар көбеймейді және ары қарай бәлінгенде біртіндеп «сүйылады», ақырында жойылады.

Біз қарастырған мысалдар мынаны көрсетеді: кейде цито-илазмада эндосимбионттар бола алатын, өзін-өзі өндіруге қабі-летті, бірқатар қасиеттерді аналық линия арқылы бере алатын бактериялар кездеседі. Бірақ бүл симбионттар шын мағынасын-да тірі клетканың бөлінбес элементтері болмайды.