Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.76 Mб
Скачать

І. Комбинативтік өзгергіштік

Комбинативтік өзгергіштіктің селекциядағы маңызы. Жекелеген қасиеттер мен белгілердің тұқым қуалайтын заңдылықтарын біле отырып, селекционер оларды будандастыру жолыменөзінің қалауы бойынша ұрпақтарда үйлестіре алады. Мәселен, бидайда масақтың типін, даму сипатын (жаздық немесе күз-дік), дәндер мен сабанының сапасын үйлестіруге болады.

Күзеннің комбинативтік түстері. Терісі бағалы аңдардың (күзен, түлкі) және кеміргіштердің (қоян) мехы түсінің тұқым қуалауы жақсы зерттелген, ол белгілі бір будандастырулар не-гізінде түрлі мех алуды жоспарлауға мүмкіндік береді. 8-табли-цада және қосымшада (VIII таблица) күзендегі кейбір гендер-дің комбинациялары келтірілген, олар қара қоңыр түстен ақ-шыл сарыға және қара көк түстеи ақ түске дейінгі аралықтағы тері береді. Гендердің өзара әрекеттесулерінің сипатын біле отырып, аң өсіруші, қажетті түсті мех ала алады. Мысалы, платина түстес күзен мен алеут түсті күзенді (осы түстердің әр-кайсысын бір рецессивті ген айқындайды) будандастырудан алынған гибрид тағы күзеннің түсіне үқсас қоңыр түсті мех береді. Гетерозиготалы күзендерді өзара будандастырғанда .Ғг-де мынадай қатынаста: 9 қоңыр түсті, 3 алеут түсті, 3 плати­на түсті, 1 сапфир түсті дигибридті ажырау орын алады. Алеут түсті және платина түсті соңғылары рецессивті гендердің екеуі бойынша гомозиготалы болады.

Әдетте, өнімділік қасиеттері генотип системасындағы ген-дердің күрделі өзара әрекетесулерімен анықталады. Бағалы шаруашылық белгілердің полигендік детерминациялануына байланысты, олардың түқым қуалауы сипаты әте күрделі бола­ды. Дегенмен, комбинативтік өзгергіштік әсімдіктердің әр түр-лі сорттарын сипаттай алатын генетикалық ерекшеліктердің үйлесімдерін алу үшін селекцияда үнемі пайдаланылады.

Бидайдың Безостая-1 сортын шығару. Қөп сатылы будандастыру жолымен советтік селекционер П. П. Лукьяненко шығарған қыстық бидайдың Безостая-1 сорты бидайдың бірнеше сорттары мен формаларының бағалы тұқым қуалайтын сапала-рын өзінде комбинациялаған. 100-суретте қыстық бидайдың Безостая-1 сортыныц М. М. Якубцинер қүрастырған шығу тегі беріліп отыр. Аргентиналық Қлейн-33 жаздық бидайдан Безостая-1 аласа бойлылық, тез nicy, датқа (ржавчина) тезімділік қасиеттерін түқым қуалай алды. Лютесценс-17 сортынан қыстық қасиетін алды және т. с. с. Безостая-1 сортын шығару прин­цип! мынада: қойылатын талаптарға сай келетін бастапқы сорт-тарды шебер тацдау, ажырайтын Ғ2 және Ғ3 үрпақтары арасы-нан саны барлық тексеруден өткізілгендер санының 5—-10%-нен аспайтын неғүрлым бағалы линияларды сұрыптап алу, Безостая-1 сортында жаңа сорттар шығару ісінде үзақ уақыт пайда-лануға болатын өте бағалы тендер жиынтығы жинақталған. Гомеостаз бойынша, яғни әр түрлі жағдайларға кендігу қабіле-тіне қарай ол дүние жүзіндегі ен, жақсы бидай деп танылды.

Басқа дәнді дақылдардың дүние жүзілік және отандық үз-дік сорттары да күрделі будандастыру және сұрыитау жолымен жасалды.

Әріден будандастыру. Әріден будандастыру өсімдіктер мен

ЮО-сурет. Безостая-1 күздік бидай сортының шығу тегі (М. М. Якубцинер жасаған).

жануарлар селекциясы үшін комбинативтік өзгергіштіктің қай-нар бұлағы болып табылады.

Мысалы, Н. В. Цицин және оның қарауында істейтін қызметкерлер күздік бидайлармен бидайықтың әр түрлері будандарында суыққа, қуаңшылыққа төзімділікті және бидайық са-бағының мықтылығын жоғары өнімді және жақсы сапалы дәндері бар бидаймен ұштастыру міндетін қойды. Үзаққа со-зылған жұмыс нәтижесінде сұрыптау жолымен кейбір будан-дардан, бидайық хромосомаларының жекелеген учаскелері болатын және әр гектардан 70 центнерге дейін өнім беретін бидайдың бағалы формалары алынды. Осыншама өнім беретін бидай сорттарының басым көпшілігі жапырылып жатып қалады, ал бидай-бидайық будандарында жапырылып қалудың ешбір белгісі байқалмайды. Будандармен басқа бір бағытта жұмыс істеу арқылы Цицин көп жылдық бидай шығарды.