Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Генетика жєне селекция негіздері.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.76 Mб
Скачать

1 Мендельдщ тұқым қуалау заңдары және олардан шығатын тұқым қуалаушылықтың принциптері

Бірінші ұрпақ будандарының бірдей болуы, ажырау және белгілердің тәуелсіз комбинациялануы жөніндегі Мендель аш-қан заңдылықтар, сол сияқты Морган ашқан тіркесу және жыныспен тіркескен белгілердіц тұқым қуалауы тұқым қуалаушылыққа жатпайды, тұқым қуалау заңдылықтарына жатады.

Оларды ашудағы Мендельдің табысы онын, жекелеген жұп белгілерге генетикалық анализ әдісін қолдануы қамтамасыз ет-ті. Мынадай құбылыстарды ашу арқылы Мендель шын мағына-сында генетиканың ғылыми негізін қалады:

  1. Әр белгі жыныс клеткалары арқылы берілетін тұқым қуалайтын фактормен анықталады; қазіргі заманғы түсінік бойынша бұл бастамалар гендерге сәйкес келеді.

  2. Үрпақтар қатарында гендер өздеріне тән ерекшеліктерін жоғалтпай және езгермей таза күйінде сақталады, яғни ген салыстьірмалы түрде түрақты.

  3. Түқым қуалайтын бастамалар жүп болады: біреуі—анасы нікі, екіншісі әкесінікі; олардың біреуі доминантты, екіншісі рецессивті болуы мүмкін; бүл ереже аллелизм принципін ашуға сәйкес келеді, ол принцип бойынша генде әрқашан ең кем дегенде екі аллель болады.

  4. Екі жыныс та өздерінін, түқым қуалайтын қасиеттерін ұрпақтарына беруде бірдей мөлшерде қатысады.

  5. Гендердің саны жыныс клеткаларында екі есе азаяды; бұл ереже мейоздың болатындығын генетикалық алдын ала болжау болып табылады.

Айтылғандардың негізінде Мендельдің тікелей өзі тұжырымдаған және тұқым қуалау процесіне қатысы бар заңдарды және Мендель жұмысынан келіп шығатын тұқым қуалаушылық прин-циптерінен ажырата білудің пайдалы екені түсінікті.

Тұкым қуалау заңдарына: бірінші ұрпақ будандарының бір-дейлілік заңы, будан ұрпағында тұқым қуалайтын белгілердің ажырауы және тұқым қуалайтын белгілердің тәуелсіз комбина-циялану заңы жатады. Бұл заңдар жынысты көбеюде тұқым қуалайтын информацияның ұрпақтарға берілу процесін қамтып көрсетеді.

Тұқым қуалаушылық принциптерінде басқа да мағына бола-ды, оларды төмендегідей тұжырымдауға болады:

  1. Белгілердің дискретті (генді) тұқым қуалай детермина циялануы.

  1. Тұқым қуалайтын бірліктің—геннің салыстырмалы тұрақтылығы.

  1. Геннің аллельдік күйі (доминанттылық және рецессивтілік).

Мендельдің тұқым қуалау заңы және олардан келіп шығатын тұқым қуалаушылық принциптері генетиканың негізгі мазмұны болып табылады. Олардың ашылуы осы заманғы табиғаттану ғылымына тіршілік процестерінің өлшем бірлігін — генді берді және биологиялық процестерге анализ жасау мақсатымен табиғат ғылымдарын — биологияны, физиканы, химияны және математиканы біріктіруге мүмкіндік жасады.

2. Морганның тұқым қуалау заңдары және олардан келіп шығатын тұқым қуалаушылық принциптері

Генетикаиың қалыптасуы мен дамуында Т. Морганның жұмыстары аса зор роль атқарды. Ол—тұым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының авторы. Ол тұым қуалаудың жаңа заңдарын ашты: жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалау тіркесіп тұқым уалау.

Осы заңдардан тұым қуалаушылықтың төмендегідей принциптері келіп шығады:

  1. Фактор—ген хромосоманың белгілі бір локусы.

  2. Геннің аллельдері гомологиялық хромосомалардың ұқсас локустарында

  3. орналасқан.

  4. Гендер хромосомада тізбектеле орналасқан.

  5. Кроссинговер—гомологиялық хромосомалар арасындағы гендердің үнемі

  6. алмасып отыру процесі.