- •1 Тармақ
- •1 Тарау
- •2 Тарау психиатриядағы негізгі даму бағыттары
- •Клиникалық бағыттар
- •Психологиялық бағыттар
- •Биологиялық бағыттар
- •3 Тарау
- •Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың
- •Қысқа тарихи мағлұмат
- •Корсаков с.С. Атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника
- •Психиатриялық көмек
- •Іі тармақ психогигиена және психопрофилактика
- •4 Тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті
- •Еңбек психогигиенасы
- •Жасқа байланысты психогигиена
- •Ерте балалық шақ және психогигиена мәселелері
- •Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспекті
- •Жанұя және жыныстық өмір психогигиенасы
- •Зиянды әдеттермен күрес
- •Психопрофилактика Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
- •Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы
- •Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
- •Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде
- •Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
- •Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
- •Психикалық аурулар профилактикасы жүйесінде медико-генетикалық консультация
- •Психикалық бұзылыстармен науқастардың реабилитациясы жайлы түсінік
- •III тармақ
- •6 Тарау психикалық аурулар жөніндегі жалпы мәліметтер психикалық аурулар этиологиясы
- •Психикалық аурулар патогенезі
- •Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі
- •Психикалық ауруларды зерттеу әдістері Клиникалық әдіс
- •Экспериментальды - психологиялық зерттеу
- •Электрофизиологиялық зерттеу
- •Басқа аспаптық зерттеу әдістері
- •Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
- •Лабораториялық зерттеулер
- •Нейроморфологиялық зерттеулер
- •Эпидемиологиялық әдіс
- •8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер
- •Симптомдардың информативтілігі
- •Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
- •Қабылдау бұзылысы
- •Ес бұзылысы
- •Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
- •Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы
- •Еске түсірудің сандық бұзылыстары
- •Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
- •Таныстық сезімінің бұзылысы
- •Ойлау бұзылысы
- •Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы
- •Ойлау мазмұнының бұзылуы
- •Эмоция бұзылыстары
- •Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері
- •Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
- •Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
- •Зейін бұзылысы
- •Әуестік бұзылысы
- •Қозғалыстық бұзылыстар
- •Қимылдық мелшиіп қалу
- •Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
- •Қимылдық қозу
- •Негізгі психопатологиялық синдромдар Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
- •Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
- •Мнестикалық бұзылыс синдромдары
- •Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
- •Аффективті синдромдар
- •Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
- •Геберфрениялық қозу
- •Алаңғасарлықпен науқастың бос көңілшектігі Бұзылған сана синдромдары
- •Ұстамалар
- •Невротикалық синдромдар
- •Психопатиялық синдром
- •10 Тарау психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
- •Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
- •11 Тарау психикалық науқастар терапиясының негіздері Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
- •Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
- •Шокты емдеу әдістері
- •Пиротерапия
- •Психотерапия
- •12 Тарау
- •13 Тарау
- •Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
- •14 Тарау
- •15 Тарау
- •16 Тарау
- •Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
- •Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
- •17 Тарау.
- •Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы
- •18 Тарау
- •Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
- •19 Тарау.
- •Этиологиясы және патогенезі.
- •Емдеу жолы
- •20 Тарау.
- •Ми мерезі кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •21 Тарау.
- •Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
- •22 Тарау.
- •23 Тарау.
- •V Тармақ
- •24 Тарау.
- •25 Тарау
- •26 Тарау
- •27 Тарау
- •28 Тарау
- •Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
- •А) кататониялық ступор
- •I т а р а у. Жалпы ережелер
- •II т а р а у. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •III т а р а у. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар.Медицина қызметкерлерін және өзге де мамандардың құқықтарымен міндеттері.
- •1V т а р а у. Психиатриялық жәрдемдің түрлері және оны көрсету тәртібі
- •V т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қоғмдық бақылау
- •VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау
- •Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі
- •Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
- •Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
- •Науқастарды тасымалдауды ұйымдастыру
- •Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау ұйымдастыру
- •Ступорлық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Әлсіреген науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады:
- •Мазмұны
- •Психиатрияға кіріспе
- •Жалпы психопатология
- •Жеке психиатрия
Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
1. Сіз науқастармен үш жағдайда қарым-қатынаста боласыз: біріншіден, психикалық аурулар симптоматологиясын оқу кезіндегі микрокурация уақытында; екіншіден, жеке психиатрияны оқыған кездегі клиникалық курация уақытында; үшіншіден, амбулаторлы қабылдау кезінде науқастарды қарағанда.
Барлық жағдайларда сабырлы, сыпайы, қайырымды болыңыз.
2. Курация кезінде науқасқа өзіңізді таныстырып, оның есімін, әкесінің атын сұраңыз. Осыдан кейін онымен сөйлесуге рұқсат сұраңыз. Науқаспен тек «сіз» деп және әкесінің атымен атау керек (науқас балалар мен жасөспірімдерді есептемегенде).
3. Науқаспен сабырлы, асықпай, алдын-ала ойластырылған жоспармен сөйлесу керек. Сұрақты нақты және түсінікті қойыңыз. Науқастың жауабынан және бет әлпетінен оның сіздің сөзіңізді қалай түсініп отырғанын байқаңыз. Жауапты ынта қойып тыңдап, егер де түсініксіз нәрселер болса, дәлірек, қайталап сұрақ қойыңыз. Науқасты тыңдап қана қоймай, оның өзін қалай ұстағанына, сыртқы бейнесіне назар аударыңыз және барлығын жадыңызда ұстаңыз.
4. Науқаспен ешқашан сөз жарыстырмаңыз, дауласпаңыз. Оған ешқашан сенікі дұрыс емес деп дәлелдеме жасамаңыз. Оның дерті, емі, шығу мерзімі жөнінде және басқа медициналық тақырыптардағы мәселелер жөнінде талқыламаңыз. Бұл сұрақтарыңызға емдеуші дәрігеріңіз жауап береді деп айтыңыз.
5. Науқасты ешқашан алдамаңыз, оған орындалмайтын уәде бермеңіз. Науқас қандай-да бір өтініш білдірсе, оны емдеуші дәрігерге хабарлайтыныңызды айтыңыз.
6. Науқастың айтқан сөзіне, іс-әрекетіне, тексерілуден бас тартуына реніш білдірмеңіз. Науқастың өрескел және ұятты қылықтарын «байқамаған» болыңыздар. Естеріңізде болсын, бұл дерт белгілері.
7. Егер науқаспен әңгіме үстінде сізде эмоциональді реакция пайда болса (қорқыныш, күлкі, жымию), онда өзіңізді берік ұстауды үйреніңіз, көрсетпеуге тырысыңыз. Егер әңгіме үстінде науқас тітіркенгіштік, сезіктілік және агрессивтілік танытса, сіз науқасқа қауіптеніп тұрғаныңызды білдірмеңіз, науқасты тыныштандырыңыз және тез арада өзіңіздің оқытушыңызға және бөлімше персоналына хабарлаңыз.
8. Әңгімелесіп болған соң науқасқа алғыс айтыңыз. Ол туралы кезекші персоналға немесе өзіңіздің оқытушыңызға хабарлаңыз. Ешқашанда науқасты жалғыз қалдырмаңыз: оны палатаға алып барыңыз және персоналға тапсырыңыз.
Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
Абсолютті көрсеткіштер, яғни науқас өзіне және айналысындағы адамдар үшін қауіпті болғанда жүзеге асырылады. Туыстарының, қамқоршысының немесе басқа да адамдардың келісімінсіз жүргізілуі мүмкін.
Көрсеткіштер:
дисфориялар, галлюцинациялар, сандырақтар, сана бұзылыстары және тағы басқа жағдайлардың нәтижесінде агрессиялы әрекеттер мен психомоторлы қозу
айналасындағы адамдарға агрессиялы қатынас және қоғамға қауіпті сипаттағы сандырақтық идеялар
суицидальды тенденциялармен жүретін депрессивті синдром
қоғамдық тәртіп бұзушылықпен немесе агрессивті әрекеттермен көрінетін маниакальді синдром
сана бұзылысының барлық синдромдары
психопатия, олигофрения және органикалық синдром декомпенсациясы кезіндегі агрессивті әрекеттермен көрінетін психомоторлы қозу
Соматикалық стационардағы науқаста психикалық бұзылыстар пайда болған жағдайдағы дәрігер тактикасы
Психикалық аурулардың негізгі себептері
Соматикалық ауру психикалық бұзылыстармен асқынса. Мысалы, нефритпен зардап шегетін науқас жағдайының сананың есеңгіреу күйімен асқынуы; жүрек дертімен науқаста кардиофобиялық синдромның пайда болуы.
Соматикалық ауру өз бетінше психикалық бұзылыс тудыруға түрткі болса, мысалы, аяқтың сынуы алкогольдік делирий тудыруы мүмкін.
Психикалық науқас адамда соматикалық ауру пайда болса, мысалы, эпилепсиямен және асқазан ойық жарасымен ауыратын науқаста дисфория, сана қарауытуы пайда болуы мүмкін.
Бұзылыстың негізгі формалары
Арнайы емес формалары: астениялық синдром, фобиялар, ипохондриялық синдром, истериялық реакциялар, жеңіл депрессивті жағдайлар.
Сананың қысқа мерзімдік бұзылыстары (2-3 тәулік): есеңгіреу, делирий, қарауыту жағдайы, аментативті шатасу, психомоторлы қозудың әртүрлі көріністері.
Созылыңқы психоздар: сананың ұзақ мерзімді бұзылыстары, галлюцинаторлы - параноидты жағдайлар, айқын депрессиялар.
Көмекті ұйымдастыру
Психотикалық емес жағдайлар шұғыл көмекті және психиатриялық ауруханаға ауыстыруды қажет етпейді. Орнында емделеді, психотерапиялық әңгімелесу, тыныштандыратын заттар - бром, валериана; ұйықтатын дәрілер, транквилизаторлар - триоксазин, элениум, седуксен тағайындалады. Мүмкіндігінше психиатр кеңесі өткізілгені дұрыс.
Жедел қысқа мерзімді психоздар: шұғыл көмекті қажет етеді, бірақ психиатриялық ауруханаға ауыстыруды қажет етпейді, орнында емделеді: негізгі дерттің белсенді терапиясы, синдромальды ем.
Созылыңқы психоздар: психиатриялық ауруханаға ауыстыруды және тасымалдауды қажет етеді. Ауыстырғанға дейін:
а) науқастың айналасындағыларға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
науқасты палатасынан ауыстыру, науқасты бірінші қабатқа
ауыстыру, терезені қоршау, қауіпті заттарды жою және т.б.;
б) персоналдың, науқастың туыстарының көмегімен тәуліктік
бақылауды ұйымдастыру;
в) персонал көмегімен тәуліктік бақылауды ұйымдастыру және
сонымен бірге психикалық бұзылыстардың мүмкін болатын
соматикалық себептерінің белсенді терапиясын жүргізу;
г) фиксация, иммобилизация және медикаментозды басуды
ұйымдастыру;
д) психиатр кеңесін және психиатриялық стационарға
тасымалдауды ұйымдастыру .
Қозған науқасты ұстап тұру ережелері
Негізгі міндеттері: науқас пен айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; медикаментозды тыныштандыру.
Дәрігер әрекеті қозу сипатын диагностикалау, оның пайда болу себептерін анықтаудан, көмек көрсетуге қолайлы жағдай жасау, артық адамдарды шығару, мазасыздық пен абдырау жағдайын болдырмау, ұстап тұруға адамдарды баулу, қауіпті заттарды жою, есік-терезелерді бақылауға қою сияқты әрекеттерден басталады.
ең алдымен дәрігер науқаспен қарым-қатынасқа түсуге тырысады, тыныштандырады. Дәрігер науқастың қырынан жақындап, өзінің қолын науқастың білегіне қойып, оны отырғызуға тырысады. Байсалды әңгімелесу қозу жағдайын төмендетеді.
егер бұл мүмкін болмаса, бірнеше адам науқастың жан-жағынан (ең дұрысы бүйірінен және артынан) келіп, қолынан ұстап, төсекке жатқызу керек. Егер науқас қаруланған болса, онда соққыны жеңілдету үшін жамылғы, жаялықпен жақындап, науқас үстіне жабуға тырысады.
төсекте иығынан, балтырынан ұстап тұрады, ал басын маңдайынан сүлгі арқылы ұстайды.Аяғына, ішіне, кеудесіне отыруға болмайды. Егер өте қатты қозу жағдайында болса, сүлгі, жаялықты қолдану арқылы күштеп иммобилизациялайды («науқасты фиксациялау»).
