Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психиатрия kaz,,, - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.63 Mб
Скачать

Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы

Егер ақпарат бекітілмесе (фиксация) оның сақталуы мен қайта жаңғыру үрдісі іске аспайды. Ақпаратты бекіту жеткіліксіздігі клинкасы ағымдағы оқиғаларды есте сақтаудың бұзылуымен көрінеді, ал бұл құбылыс фиксациялық амнезия деп аталады. Фиксациялық амнезия Корсаков амнестикалық синдромының негізгі белгісі болып табылады, ол корсаков психозында, қарттық психозда, қантамырларының зақымдалуы және жүйкелік жасушалардың өлуі нәтижесінде ми қоректенуінің бұзылысында кездеседі. Мұндай аурулар оқыған кітабының мазмұнын еске түсіре алмайды, таңертең қандай тамақ жегенін, керек затты қайда қойғанын есіне түсіре алмайды. Мұндай аурулар дүкенге барып тұрып, не алу керек екенін есіне түсіре алмай қиналады. Орын мен уақыт бойынша бағдарлау бұзылысы орын алады. Ауру бүгін қай күн екенін, қандай ай, қай жыл, аптаның қай күні екенін, үйден сыртта тұрып қайда тұрғанын, емханаға қашан түскенін, емдейтін дәрігердің атын сұрағанда айта алмайды. Фиксациялық амнезиямен науқастың өмірі біркезеңді болады, осы сәт алдындағы сәттермен байланыссыз өтіп кетеді, сондықтан болып жатқан жайтты түсіну және бағдарлау бұзылады.

Осы тәріздес клиникалық факттар қысқа уақыттық және ұзақ уақыттық ес бар екендігі жөніндегі жаңа көзқараспен түсіндіріледі.

Қысқа уақыттық ес физиологиялық механизмі деп тітіркендіргіш әсерінен кейін қалған мидағы циркуляцияда жүрген қозу жағдайын түсінеді. Рибонуклеин қышқылы (РНК) жүйке жасушалары қозған жағдайда жиналады. Бұдан басқа қозған аймақта электірлік активтілік жоғарылайды. Егер қозу ұзақ уақыт сақталатын болса, белсенді электірлік алаң әсерінен РНК молекуласы өзгеріске ұшырайды, және ақпарат кодталады осылайша қысқа уақыттық ес ұзақ уақыттыға ауысады. Патология кезінде бұл механизм бұзылуы мүмкін, бұл құбылыс фиксационды амнезияда және басқа да мнестикалық бұзылыстарда кездеседі.

Ақпараттың қысқа уақыттыдан ұзақ уақыттыға ауысу үрдісі өте сезімтал болып табылады, бұған эксперименттік мағұламаттар дәлел бола алады. Жануарларда қозғалыс дағдысын дамытқан, артынан электр тоғы көмегімен тырысулық ұстама шақырған. Электрошок дағдының түзілуінен кем дегенде бір сағаттан кейін жасалғанда, дағды сақталып қалған. Егер электр тоғымен әсер ету қозғалыс дағдысынан кейін бірден жасалынғанда дағды сақталмаған. Бұл тәжірибе игерілген дағды іздері консалидацияланып, қысқа уақыттық ес жағдайында тұрған ақпарат ұзақ уақыттық еске өтуі үшін уақыт керек екендігін дәлелдеді. Келтірілген мысал клиникалық тәжірибеде кездесетін ретроградты амнезияның кейбір нұсқаларының моделі болып табылады.

Өткен тәжірбиенің есте сақталуының бұзылысы

Қабылданған ақпараттың (ретенция) сақталуы жөнінде оны қайта еске түсіруге негізделіп, пікір жасалады, бұл дұрыс емес. Шындығына келгенде біздің жадымыз көлемі және мазмұны жағынан біз ойлағаннан едәуір мықты. Бұған гипермнезия деп аталатын клиникалық факт дәлел бола алады. Кейбір ерекше жағдайларда, адамның есіне әлдеқашан ұмытылып кеткендей болған жайлар түседі.

Әдебиетте ауыр жұқпалы аурумен сырқаттанған кәрі әйелде қызбаның ең өткір кезеңінде сана өзгерісі байқалған: әйел мазасызданып, тоқтамастан көне Грек шығармашылығынан үзінділер айтқан. Оның жағдайы жақсарып, өз-өзіне келгенде, ол көне Грек шығармашылығы туралы мүлдем мағлұматы жоқ екенін айтқан. Дегенмен бұл науқастың жастық шағында көне Грек әдебиеті мәселесімен айналысқан белгілі ғалым үйінде үй қызметкері болып жұмыс істегені анықталды. Ғалым жиі өз бөлмесінде жүріп Көне Греция ақындарының шығармашылықтарын дауыстап оқыған, бұл кезде үй қызметкері үй шаруашылығымен айналысып жүріп, еріксіз иесінің оқыған шығармашылығын тыңдайтын болған. Осылайша науқас үшін қажетсіз ақпарат қабылданған, өзгерген сана жағдайында ес тұңғиығынан беткейге шыққан.

Өткенді ұмыту ретсіз емес, белгілі заңдылықпен өтеді. Рибо заңы бойынша бірінші ретте неғұрлым кеш қабылданған, нашар ұйымдастырылған дағдылар зардап шегеді; одан кейін біртіндеп естегі көне оқиғалар жойылады. Бұл қалыпты жағдайға да, патологиялық жағдайға да қатысты, бірақ патологиялық жағдайда ұмыту үрдісі қарқынды жүреді және ол білім, дағды жинақтау үрдісінен басым болады. Осындай жағдайда өмірдің ерте кезеңіне қатысты ақпараттар актуализациялануы бақыланады (гипермнезия құбылыстары). Мұндай науқас бір жыл бұрын әйелінің қайтыс болғанын, 2 жыл бұрын тұрғылықты орнын ауыстырғанын есінде сақтамайды, бұрынғы мекен-жайын айтады, зейнетке 5 жыл бұрын немесе 10 жыл бұрын шыққанын айта алмайды, бірақ балалық шағын, көшесін, мектепке барғанын, алғашқы ұстазының есімін айтып бере алады.

Есті жер қабаттарымен салыстыруға болады: өмір барысында біртіндеп жинақталған білім, дағды өткен тәжірибемен қабатталады және онымен байланысты ұйымдастырылады. Дерт беткей қабаттарды шайып, көне, қабаттарды бетке шығарады.